48
— Иә, тақсыр, сезгенде қандай?!
— Сонда... оған қарсы не iстемек ойларың бар? — деп, Ядгарбек кенет бұған кiлт бұрылып, салқын
қарады.
Мiрәлi табан астында аузына сөз түспей, апалақтап қалды:
— Оны... қайдам... Ояғын... была-а-ай, ел болып, ақылдасып дегендей... — Ол iшiнен өлердей ыза
болды: “Менi үйтердей... мына бек немене менi хан көре ме?”— Елдерiңде оқыған, көзi ашық кiсiлер
бар ма?
— Әлбеттә, бар.
— Олар кiмдер?
— Олар ма? — Мiрәлi сәл ойланды. Жәнiбектi айтсам ба, айтпасам ба деп, соның қайсысы тиiмдi
боларын бiлмей, аз-кем мүдiрдi. “Мүмкiн мына бек жаман ниетпен сұрап тұрған шығар”, деп: —
Ондайлар... көп қой. Бұхарада медiресе бiтiргендер де баршылық, — дедi.
— Солай ма? Ол қандай кiсiлер?
Мiрәлi ендi айтуға нық бекiндi:
— Мысалы, анау Жәнiбек...
— О кiсi кәзiр қайда? — дедi Ядгарбек ендi қатқыл сөйлеп. Тез арада даусында әлдеқандай бұйрық
ыңғайы байқалып қалды.
— Ол ма? Оның ауылы осы арадан онша қашық емес.
— Ә, солай ма? Онда... сiз маған Жәнiбектi тездетiп шақырыңыз. Сөйлесетiн сөзiм бар, — дедi де
Ядгарбек ендi бұған көз қиығын да салмастан, бұрылып жүре бердi. Оның соңынан иiлiп-бүгiлiп
Дадабек жорғалап барады.
Бiр орында қалшиып қалған Мiрәлi оған не ерерiн, не ермесiн бiлмедi. Кәпелiмде не болып, не
қойғанын да аңғара алмады. Ит көрген ешкi сықылды сексиiп қап, бақ iшiмен әрi қарай кетiп бара
жатқан бас уәзiрдiң кең жауырынына, ала шапанына, қалың шашын тықырлатып алдырған басының
көкшiл күйқасына жапақ-жапақ қарай бердi. Сосын тез ес жиып, өзiне-өзi ызаланды.“Соны айтып нем
бар едi? Ендi қолбала құсап, ана Шөмекейдi шақырып жүрем ғой”, — деп аяқ асты кәдiрiнен
жаңылғандай, тұлан тұтып, жарылып кете жаздады. Түрi қап-қара боп, шапанының шалғайына сүрiне-
қабына сыртқа шықты. Атқосшысы тандыр пештiң жанында бiр өзбек жiгiтiмен қылжақтасып, әр
нәрсенi сөз етiп тұр екен. Бұл:
— Атты әкел! — шәңк еттi.
Сасып қалған атқосшы сарт жiгiтi ұсына берген ып-ыссы тандыр нанды ұстай бере қолынан түсiрiп
ап, апалақтап, екi етегi жалпылдап, атқа қарай ұмтылды. Мамағашта байлаулы тұрған кер аттың
шылбырын тез-тез шешiп, мұның алдына тарта бердi. Сол арада аяғын үзеңгiге сұғып жатып,
Дадабектiң үйiне кiрiп-шығып жүрген Жаманқұл мен Байбосынды оның көзi шалып қалды. Сол екен,
бiрден iшi мұздап сала бердi. Баяғыда Қызыл-жыңғыл, Бабыс айналып өтiп осы араға келгенде, олар
Хиуа ханына барып, Әлiмдердi өз абызыңызға алыңыз, деп өтiнiш еткен-дi. Сосын өздерi Хиуаның
ханынан жығалы мөр алып, бұларға әбден қоқаңдап бiткен болатын. Соңғы кездерi, неге екенi белгiсiз,
олардың күйлерi тая бастады. Мiрәлi берiммен Дадабектiң аузын алып, оларды талай жерде қу тақырға
отырғызып кеткен-дi. Ендi мына жүрiстерiне қарағанда, олардың тағы да бiр қулық ойлап жүргендерi
анық. “Сонда о не екен?»— деп, бұл iштей жиырылып, кiржiң ете түстi.
Мiрәлi атына қонып, ер үстiнде нығыздалып отырып ап, жан-жағына жөндеп көз салмастан тебiнiп
қалды. Бiрнеше тапал тамдардан айналып өткесiн, шағын қамалдың қақпасына келдi. Қарауылдар
мұны танып, бiр-бiрiне әлдене деп айқайласып, сүйегi ауыр темiр қақпаны орнынан әзер козғап,
сықырлатып, шаққа дегенде ашты. Жаны дызығып тұрған Мiрәлi сол сәт атын қамшысымен тартып
қап, сыртқа қарай шауып шықты. Қамал сыртын айналдыра қазып тастаған терең ордың дәл темiр есiк
қарсысына көтермелi етiп салынған ағаш баяпылдан өткесiн барып, бiр ажалдан күтылғандай, уһ деп
демiн бiр-ақ алды. Беттен аққан терiн қолымен сыпырып тастап, iлгерi қарай тарта бердi. Соңында
атқосшысының ерiп келе жатқанын байқаған да жоқ. Бiрнеше төбеден асқасын барып, ол ат тiзгiнiн
тарта түсiп, сәл ойланды: “Егер айтпасам ше? Сонда не болады? Ертең әлгi уәзiрi шақырып ап, дүре
соқтырып жүрер? Онан да... Пәледен машайық қашыпты деген.. Бiрақ мен оған шабарман боп...”. Ол ат
тiзгiнiн тартып, сәл тоқтады. Сол арада арт жағынан жарау атының екi бүйiрiн тебiнiп, атқосшысы да
жеткен едi. Қожасының әлденеден абыржығанын айтпай бiлсе керек, екi көзiн үрей торлап апты.
Мiрәлi соған қарай бере, тез бiр ұйғарымға келдi:
— Сен... кәзiр ана Жәнiбекке бар. Дадабек шақырып жатыр де. — Ол Дадабектi айтып, Жәнiбектiң
құнын түсiргендей көрiп, сәл күлiмсiредi.
— Жарайды. Осы кәзiр ме?
— Дәл кәзiр. Сосын бөгелмей тез ауылға қайт.
Атқосшы атын солға қарай бұрып ап, шығыс жақты бетке ұстап, шоқырақтай жөнелдi.
Мiрәлi ендi кiдiрмедi. Сар желiп келе жатып, өткен-кеткен жайларды есiне ала бердi. Бұл жолы да
оның қамалдан сағы сынып қайтты. Үнемi көретiнi осы. Әсiресе, Дадабектiң кекiрейiп, менсiнбей
сөйлегенi жынына тиедi. Бiрақ қолдан келер қайраны жоқ. Сондай кезде осы сардарлықтың маған не
керегi бар едi деп те ойлайды. Шынында да, бұған түкке қажетi жоқ едi. Мұны Ережеп табандап
отырып ап, неше түрлi жолға сап, ақыры көндiрiп тынды. Әуелгiде атқа мiнгенiне мәз болып, өзiне де
жел бiтiп едi. Келе-келе Дадабектiң бабын табам деп-ақ шаршады. Зекетшiлерге ерем деп, ел арасына
жеккөрiнiштi болып бiттi. Қара халық сонау Хиуаға асып жатқан мал мен астықты бұл өз басына бола
жинап жүр деп ойлайтын сықылды, қай ауылға барса да, ата жауы келгеннен бетер түнерiп бiтедi.
Әуелгiде бұл ыңғайсызданып жүрдi. Бертiн келе етi өлiп кеттi. Ханға түсер алым-салықтың үстiнен
жонып жеп, пайда көрiп, әбден дәнiгiп алды. Дадабекке жан-тәнi қалмай қызмет қылып, күйрығы
қоныс таппай қойды. Бiрақ соны бiлер бек жоқ. Ендi қыз тап деп шалқайып жатыр. Бұл сақалды
басымен қай ауылға барып, бiр түнге қыздарыңды бере тұр дейдi? Үйдей қалса, әңгi жұрттың