Стр. 52 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

51
— Әй, қулар-ай! Түндегiсiнен күндiз ұялатын қулар-ай! Соны ендi бiлдiрмейiн деп, күлқынсәрiден
аяғына мiнiп кетiптi. Әй, қутұяқсың ғой!
Шәки қысыла күлiп, аз-кем тұрды да, шаруасын айтқысы кеп:
— Көке, анадағы бiр, — дей берiп едi, Ережеп тез салқын тартып:
— Оны бiлем, — деп сөзiн бөлiп жiбердi. Сосын бұған бiр түрлi жылы шырай көрсеткендей боп,
ыржия қарады да, ләм-лим деместен керi бұрылып, түзге қарай жүре бердi.
Шәки оған не ерерiн, не ермесiн бiле алмай, сол орнында қалшиды да қалды. Мырзаның ылғи әдетi
осы. Басты шаруаға келгенде, көмейiндегi сөзiн толық айтпай, сызданған қалпын бұзбастан, әрi-сәрi
етедi де кояды. Сол тұйықтан мына шiркiн қалай жол табар екен деп сынайтын болар. Шәки табан
астында басына бiр ой шауып, бойына әлдеқандай батылдық енiп, Ережептiң соңынан жүрдi. Аяғын
тездеп басып, осы кезде ауыл сыртына қарай ұзай берген мырзаға жетiп алса да, онымен қатарласуға
батпай, сәл кейiнiректе ерiп отырды. Ақыры батылданып, тамағын кенеп:
— Мырза, — дедi. Дауысы бiр түрлi қалтырап кеттi.
Ережеп бұрылмастан тiл қатты:
— Есiмде дедiм ғой жаңа.
Шәки қанша батылданса да, содан артыққа бара алмады. Жасқаншақтап, тұрып қалды.
Ережеп бұған кiсi екен деп көз салмастан, анадай жерге барғасын шөкелей отырды. Сосын
орнынан тұрып, шалбарының бауын байлап жатып, бұған қарады. Кiшкене көздерiнде қуақы ұшқын
бар екен. Ол күлiп:
— Сен ғой... осы желiден жылқы алуды еш кiсiден сұрамайсың. Ал ендi мойнына жүген-құрық
түспеген тентек жiгiттi ауыздықтауға қалайсың? — дедi.
— Оны... қайдам. — Шәки не дерiн бiлмедi. “Бұ несi? О кiм?”
— Сенiң қайдамың не?
— Бұйырып жатса... Орындаймыз ғой. — Шәкидiң iшi әлденеге қылп ете қалды. — “О не сонда?”
Ол кеше осы ауылға Мiрәлiнiң түрi өрт сөндiргендей боп келiп кеткенiнен кiп алып қалған едi.
Ережеп мұның жауабын мүлдем ұмыт қалдырып, тақтайдай даланың көз ұшындағы бiр шетiнен
шекесi қылтиып шығып келе жатқан күнге қарады.
— Күн бүгiн де жанайын дей ме? — дедi де, үстi-басын қағынып алғасын, үйге қарай беттедi.
Оның әлдене мазалап, ой қонақтаған қабағын көрiп, Шәки қайтадан батып тiс жара алмады. Ақ үйге
тақап келгенде барып, Ережеп керi бұрылып:
— Жүр, шәй iш, — дедi.
Шәки қашанғы дағдысымен лып ете қап, жүгiрiп барып, сықырлауық есiктi айқара ашты. Мырза
iшке кiргесiн барып, өзi табалдырықтан имене аттады. Бұрын-соңды мұндай күрметтi көрмеген басы
табан астында не iстерiн бiлмей, абдырап, отырған жерiнде козғалақтап болды. Шәй үстiнде берекесi
қашып, күректей қолын қайда қоярын бiлмедi. Мұрны да жыбырлап сала берген сықылданды. Ара-
арасында арабы асыл кiлем тұтылған керегеге, сәулеттi үйдiң бiте жемеген желбау, басқұрларына
қызыға қарап қойды. Бiр рет тақымының астындағы кiлемнiң қыз денесiндей майда тиер асыл түгiн
түрпiленiп кеткен алақанымен сипап көрдi. Сосын керiк бәйбiшенiң өзiне көзiнiң астымен жақтырмай
қарап отырғанын байқап, қызарып сала бердi де, қолын тартып ала қойды.
Дастархан жиылғасын, үй iшiнде Ережеп екеуi оңаша қалды.
— Сен осы... қайынатамды шақырып жiберсем деп пе едiң? — дедi Ережеп қатқан жүзiнiң тоңын
сындырып.
— Иә.
— Сонда қай кезге?
— Оны... Көп ұзатпасам деймiн.
— Е, дегендей. — Ережеп жымиды. — Анадағы сөзiм — сөз. Жылқыға бар да, қалаған малыңды
ала бер.
— Алдыраз болсын, — деп Шәки қауқалақтап, орнынан тұра берiп едi, Ережеп қабағын шытып:
— Сабыр ет, асықпа! Қолдағы мал қайда қашар дейсiң. Ертең де күн бар емес пе? — дедi. — Аяқ
астынан күтпеген бiр шаруаның шығып тұрғаны.
— О не? — Шәки мырзаға жасқана қарады. Көбiне ат аяғы алысқа түсер барымта-сырымтаға
жұмсарында Ережептiң осылайша берiммен кiсi жүзiн жылытып ап, дiттеген шаруасын майысқақ
ептiлiкпен мойынға арта салатын бiр тәсiлi бар едi. Шәки ендi сол құрықтың өз мойнына сарт етiп
түскелi тұрғанын сезiп, шарасыз хал көрсетiп‚ тұғжия түстi.
— Сен өзiң естi жiгiтсiң ғой, — дедi Ережеп дауысы бiр түрлi күңгiрлей шығып. — Құдай деген
туыспыз. Руымыз да, арымыз да бiр. Ендi сенiң ел iшiнiң әңгiмесiне араласатын кезiң жеттi. Оң-
солыңды бiлiп қалдың дегендей. Ағайынның жоғын жоқтап, арын арлайтын кезiң дәл осы кез...
— Оған не сөз бар... — дедi Шәки ерiксiз қоштап. Үнсiз қалайын деп едi, көз алдына күпшек санды
күрең жылқы елестеп, тiлi өз өзiнен қылпылдай бастады.
— Ендеше... мәсәлә былай. — Ережеп сәл мүдiрдi. — Кеше Мiрәлi келiп кеттi. Оны, өзiң бiлесiң,
ол деген iжкiмге зияны жоқ кiсi. Соны кеше ана Нарман мен баласы әбден қорлапты, қызыңды өз
қолыңмен әкеп бер дептi. Бұ деген исi қазақта әлге дейiн құлақ естiп көрмеген масқара қой. Соған бiз
немене көнiп отыра беремiз бе, а?
— Е, неге? — дедi әңгүдiктеу Шәки әңгiме соңы неге барып тiрелерiн дәл сол арада анық аңғара
алмай.
— Мiне, дұрыс. Оған бiз неге көнiп отыра бермекпiз. Ау, бiз де солар сияқты бiр қатыннан туған
шығармыз. — Ендi Ережеп бұйыра сөйледi. — Сен ана көзiнiң етi өсе бастаған Нарманды баласымен
косып, алдыма байлап әкел! Кәзiр Мiрәлi жiгiттерiн бастап келедi. Өзiң соларға басшы боп, барып
қайт.
Шәки амалсыз басын изедi.