Стр. 55 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

54
Ол Ағлестiң тақымында кеткен Қаракөктi ойлады. Нияз бәйгi атын ауыл арасында болмаса, алыс
жолға мiнбейтiн. Кеше оған әдейi сүйек шапқан ер салып, күмiс өмiлдiрiк кигiзiп, сәндене жолға
шыққан-ды. Жолшыбай Әбдiраманның үйiнде қонып отырып, қоңыр кеште Шарқының бiр дастанынан
ғәзәлдар айтып, қиялға берiлiп, Фархад-Шырын, Тәһир-Зуһра, Сәйфiлмәлiктердiң бастан кешкен
хикметтерiн есiне ап, көз алдында алтын сарай, һүр қыздары гәусар суына шомылған һәуiз, неше түрлi
жемiсi бар миуа бақтары елестеп, мына сары даладан алыстап, сол өлкеге енiп кеткендей боп отырған.
Сол арада Әбдiраман мұртынан күлiп қойып, мына Самарқан жағындағы нәкшбандийалар жайлы,
өзбек ағайынның жүзiмнен жасайтын бал шарабы туралы жыр қылған. Көрсе қызар жiгiт қызып кетiп,
түн iшiнде Самарқан жағына барып қайтсам ба деп те ауаланған. Тек есiне Ағлес түсiп, өзiн өзi ерiксiз
iрке берген.
Нияз күрсiнiп қойды. Iшiнен: “Қазақ неге шарап iшпейдi, а?” — дедi. Бiрақ Әбдiржан молла шарап
iшудi шариғатқа тыс, ол мұсылмандарға жайыз емес, һәрам дейдi. Нияз өз ойына өзi мырс етiп,
жаяулап Тұрғалидың үйiне келдi. Өзiнiң мына халiне өзi қысылып, қып-қызыл боп тұрып:
— Қара жаяу қалдым. Аяқ артар бiрдеңеңiз жоқ па? — деп сұрады.
— Өй, ол бiзге қайда? — деп, Тұрғали екi алақанын жайды. — Ана жаман мәстек алыс жолға
жарамайды. Күте тұр. Жолы түсiп, бiреу-мiреу келiп қалар.
Нияз Тұрғалидың жертөлесiне кiрiп бара жатып, қатты тiксiндi. Ығалды жер исi бiрден танауын
атты. Алдына әкелген арпа көженi тұшырқанбай, ағаш қасықпен бiр-екi ұрттады да қойды. Iшiнен:
“Мына көрде кiсi қалай өмiр сүредi?»— деп ойлады.
Сол екен жаңа ғана шайдай ашық кеулiне бұлт кiрдi. Осы кезде Тұрғали жара бастаған
жәмбiлшенiң бiр тiлiгiн ықылассыз жеп тауысты да, ештеңеге зауқы соқпай, жан-жағына қарады.
Қабырғада iлулi тұрған Тұрғалидың жаман домбырасына көзi түсiп, ұмсынып барып, қолына алды.
Күтушi қол болмағасын домбыра әбден қаңсып кетiптi. Iшегi тозған Нияз домбыраны iлдалдаға
келтiрiп, жәйiмен дың-дың еткiзiп, құлағын бұрап келтiрдi. Сосын шалқасынан жатып ап, екi
саусағымен қос iшектi шертiп, Сыр бойы термесiнiң бiр қоңыр әуенiн гөй-гөйлете бастады. Нияз содан
кеуiлiне қапияда оралған әлгi сазды қайта-қайта қыңқылдатып тарта бердi. Қиялы әр тарапқа шауып,
әдемi көздерiне ерекше мұң қонып, бейуақ кеште өз өзiмен сырласқандай, уытты сезiм шарпуына мас
боп әлi отыр. Бұл оның ең ұнататын сәтi. Сондайда жаныңда ибамен иiлiп, күмiс шолпысы сыңғырап
кеп, жиегiне әсемдеп өрнек салған шараға меймiлдете қымыз құйып әкеп ұсынатын сұлу қыз
болсайшы! Сонда бұл оған құмарлық оты лып-лып еткен екi көзiн жарқ еткiзе қадап, қияқтай мұртын
сипап қойып, ару қолынан шараны алар едi. Әдеппен қымызды баптап, бiр-екi ғана ұрттап, осы жерге
қымыз iшу үшiн емес, кеуiл көтеру үшiн келгенiн сездiрiп, шараны алдына қояр едi. Сосын үкiлi
домбыра-ны безiлдетiп кеп, басын артына қарай кегжитiп ап, тоқ-сан толғап, не бiр терменi шырқап
салар едi. Сонда мұ-ның сымға тартқан күмiсше сыңғырай созылған дауы-сына дән ырза боп,
өрiмталдай науша бойжеткен сезiм уыты шарпыған ақ дидарын жасыра алмай, жанына жақын кеп
отырып, бұған анда-санда телмiре қарап қояр едi. Сол аялы көздердiң отына өртенiп, қымыз бен сезiм
жалынына оранып, бұл мына қоңырқай тiршiлiктi өрбiткен лас қара жерден аулақтап шығып, сонау
Бағдад шәһары, бұлбұл құсы сайраған Иран бақтарына қарай самғап ұшар едi. Өз қиялына өзi мас боп,
рәһат бiр күй кешер едi. Бiрақ... бұған жел бiтiрер қыз жоқ. Жанында сiлеусiн көзi шоқтай жанған
Ағлес жоқ.
Ол селк етiп, басын көтерiп алды. Iшке Тұрғалидың қызы Зәуреш кiрдi. Өзi ажарсыздау, имек
мұрын қара қыз екен. Басы сопақ. Тек қана көзi әдемi. Нияз не iстерiн бiлмей, азырақ дағдарып қалды
да, лезде ес жиып, басын көтердi. Созып жiберген аяғын тез жинап ала қойды. Сосын тамағын кенеп,
дауысын баптап, кебежеден ыдыс-аяқты сылдырлатып алып жатқан Зәурешке:
— Қарындас, — дедi одан әрi не айтарын бiлмей, аз-кем iркiлiп қалды.
Зәуреш үндемей, бұған жүзiн жартылай бұрды. Мына қалпы оған көз қиығын қадап, басқа айтар
нең бар деп тұрған сияқты.
Соны көрiп, Нияз батылданып кеттi:
— Қарындас, келген-кеткен сайын көз қырыңызды да салмайсыз. Бiздi соншалық шыбын құрлы да
көрмедiнiз-ау.
Зәуреш кенет бұған тура қарады. Сол сәтте имек мұрны жалпиып, екi бетi жайыла түскендей боп
көрiнiп кеттi. Өңiне жылу жүгiрiп, әппақ тiстерiн жарқырата жымиып:
— Неге? — дедi. — Қазақта екi ортада шыбын өледi деген сөз бар емес пе? Екi дүмдi шайқасып
жатқанда, жаяу қап, жатақ кiсiнiң жертөлесiнде амалсыздан отырған мырзаны... шыбын көрер жайым
бар ма?
Нияз қапелiмде не дерiн бiлмей қалды. Зәурештiң әлгi сөздi бүгiн мұның жеген таяғына меңзей
айтқанын аңдап, қызарып кеттi.
— Апырмай, қарындас-ай, сонда менi шыбын көрдiңiз бе? — дей бердi.
Зәуреш бөтендей тiс жарған жоқ. Сәлден соң ол басқан дыбысын бiлдiрмей, сыртқа шығып кеттi.
Нияз өзiне өзi ыза болды. “Ерегiскенде түнде қойныңа бармасам ба?»— дедi. Сол ниетпен ол түнде
төсектi әдейi далаға салдырып жатты. Шешесi де талайды көрген қақсал болса керек, тамақтан соң
қызын қасынан қыл елi шығармады. Шалы, бәрi жертөледе жатты. Соны көрiп, Нияз жiгiтшiлiк
желiгiнен мүлдем күдер үзгендей болды. Әрi қарай аударылып түстi. Жамбасына көрпенiң түйiртпегi
батып, қайтадан шалқасынан жатты. Iстерге ермек таппай, үстiне құлап түсердей боп быжынаған
жұлдыздарға қарады. Сүйтiп жатып, қалай қалғып кеткенiн сезбей де қалды. Бiр кезде барып селк етiп
оянса, түн ортасы әлдеқашан ауып кеткен екен. Ол ойына алған шаруасы есiне түсiп, нәпсi уытына
өртенiп, қалтырап, дiрiлдеп, орнынан тұрды. Көйлек-дамбалы ағараңдап жүрiп, жертөлеге жақын кеп,
тың тыңдады. Iштен Тұрғалидың ышқына қорылдағаны анық естiледi. Одан тырыли арық қара қатыны
да қалысатын емес. Ара-арасында ол да қор ете қалады. Нияз қуанып кетiп, екi алақанына түкiрiп,
жертөленiң жаман есiгiн сықырлатпай жәйiмен ашып, жалаңаяқ қалпы iшке кiрдi. Қабырғаны қолымен