Стр. 64 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

63
— Басыға дау тiлеп алып кәйтесiң? Онсыз да ел iшiне әрекет кiрiп, әр ру өз текешiгiнiң соңына
ерiп, сүзiскелi тұрған жоқ па?
— Әй, ол мәмiлеңдi басыңа шайнап жақ! Жiбер былай! — деп, Елдес қамшысын қаһарлана көтерiп,
астында ойнақшып тұрған атын қатты тебiнiп қалды.
Етi қызып келген ат бiр орнында тұрмай тыпыршып, бiр бүйiрлеп кете бердi. Жәнiбек шылбырдан
айрылмады. Және де бар ақылын ашу есеңгiретiп тастаған ағасын осы жолдан алып қалудың ретiн таба
алмайтындығына көзi жеттi. Сосын жолшыбай барам дегенше сабасына түсер деп ойлап:
— Сен ендеше әкеңе бар! Жөнiңдi айтып, ел шабатын болсаң, сол кiсiнiң бәтесiн алып барып шап!
— дедi де, шылбырды қоя бердi.
Ауыздықпен алысып тұрған ат бас еркiнiң өзiне тигенiн сезiп, тапырақтай жөнелдi. Оның соңынан
басқа жiгiттер салды. Жаңа ғана жалына қол апармай тұрғап Елдестiң ауыл сыртындағы қара жалға
шығысымен Мамырайдың ауылына адастырмай апарар жаңғыз аяқ жолға түскенiн Жәнiбек дәтке қуат
қылды.
Iшке қайта кiрдi. Қамшысын ап, басына жазғы жеңiл бөркiн киiп, тысқа шықты да, егiс жаққа қарай
аяңдады. Iштей әңгүдiк Елдес ел арасына iрiткi салмаса жарар едi деп ойлап келедi. Кәзiр елдiң сөз
баққан шағы. Құйттай өсек шыға қалса, желше үрлеп, өсiре шалқытып әкетуге ықыластылар көп-ақ.
Сондай сасық сөзге аузы дуасыз бәтуасыздар түгел, осы елдiң бiр-бiр тiзгiнiн ұстап жүрген әтеберлi
азаматтарына дейiн құлағын тосып отыр. Кеше ғана Өтәлiнiң жесiрiнiң дауынан шаққа құтылып едi,
ендi Елдес барып Мiрәлiнiң үстiнен қамшы үйiрсе, қалың Төртқараның жаулыққа басып, iргесiн
жалаңаштап кетуi мүмкiн
Жәнiбек егiс басына жете бергенде, өзiне қарай төтелеп келе жатқан салт аттыны көрдi. Оны
жақындап келгесiн барып таныды. Әбдiраман екен. Түнгi тиыш ұйқының iзiн қаны тамған екi бетiнен
мүлдем қуып тастай алмай, кiшiлеу қой көзiн қиғаштап түскен күн сәулесiнен қысыңқырап,
манаураған қалпын бұзбастан асықпай атынан түстi. Мұның сәлемiне ернiн жыбырлатқан болды.
— Жол болсын, Әбеке, — дедi Жәнiбек басқа не деудiң ретiн таппай.
— Әләй болсын. — Әбдiраман аяғын ақырын басып, мұның жанына кеп тоқтады. Бiлемдене қалған
бұғағы иегiн жоғары көтерте түсiп, iрiлеу танауы бiреу қолмен созып кеткендей таңырайып тұр.
— Барыс қалай?
— Қайда болсын, Малдыбайда алажағым бар едi, соған бара атқаным.
— Е, жөн екен.
— Саған әдейiлеп ат басын бұрып келдiм. Сен есiттiң бе? — Әбдiраман бұған барлай қарады.
— О не?
— Кеше мына Ережеп ауылына ақ патшаның кiсiсi келген көрiнедi.
— Е, неге? — дедi Жәнiбек сасып қап. Таңғалғаны сонша, қолына ұстап тұрған кетпенiн жерге қоя
салды.
— Ояғын бiлмедiм. — Әбдiраман ақырын мырс еттi. — Белгiлi емес пе? Ақ патшаны, немене, осы
жақтан иман iздеп жүр деймiсiң? Оның құлқынын құртып тұрған шұрайлы жерiң мен балығы тайдай
түлаған көлiң шығар?
— Мынау... расында да... қызық екен, — дедi Жәнiбек шынымен ойланып. — Ал, Ережеп не дейдi?
— Iждеме де. Деу қайда, қайта бiр енiн iшiне тығып, шақша бас башқұртты жұртқа көрсетпей,
қызғыштай қорып отыр.
— Е, алдымен жағынып қалайын деген де, — дей бердi де, Жәнiбек тiлiн тiстей қойды. Қанша
аузыма берiкпiн десе де, Ережепке деген iшiнде жатқан өкпе-дықты бiр ауыз сөзбен сыртына шығарып
алғанына өкiндi.
— Мүмкiн, — Әбдiраман әлденеге райлана күлдi. — Сосын сенiмен тiлдесе кетейiн деп ем. Осы
сен ғой көп оқыдың, молласың. Надан бiздей емес, көзiң қарақты. Дiн исламның оқуын тауыстың...
Жәнiбек Әбдiраманның сырын сыртына шашпай, бiр тұтас боп салбырай қалған жүзiне сақтана
қарады. Тақымының астына осыншама көпшiктi аямай қойып жатқанын мүлдем тегiн емес деп түйдi.
— ...Бiзге қарағанда замана аңғарын алыстан болжайсың. Атам қазақ заманың түлкi болса, тазы
боп шал деген. Заманына қарай — амалы деген жәнә бар. Сол амалды болу үшiн замана жайын бiлу
керек қой. Осы бiздiң халымыз бара-бара не болмақ, а? Хиуа мен Қоқанның қанат жайғанына көп
болды. Сонда да тиыштала алатын емеспiз.
— Неге? Түбiмiз бiр ел емес пе едiк? — дедi Жәнiбек сыр бергiсi келмей.
— Ол дұрыс қой. Оған кiмнiң таласы бар? Осы неге Хиуа мен қазақтың арасында ынтымақ нашар?
— Оған кiм кiнәлi? Дiн ислам қағидасын, шариғаттың жол-жорасын берiк тұтынбайтын өздерiң
кiнәлiсiңдер.
— Дәп осы айтқаныңның жаны бар, — дедi Әбдiраман мұның ыңғайына қарай жығылып. —
Былтыр Қырға шыққанымда, мына Торғай, Ырғыз жағына мал iздеп барып қайтып ем, ояқтың елi
ораза, намазды онша бiле бермейдi екен. Ояқта қожа, молла дегендi жоқ деуге де болады.
— Мына күншығыс жақта әлi де дiнге кiрмеген кәпiр қазақтар бар көрiнедi.
— Астапыралла! — деп, Әбдiраман шыныменен шошып кеттi.
— Рас па өзi?
— Рас, рас.
— Рас болса, рас шығар. Кең далада тарыша бытыраған елдiң қай сайдың астында не iстемейдi
дегенiне көзiң жетедi? Сенен бiр сұрайын дегенiм бар едi. Ойдағы патша орам ала бастады. Мына
шақша бас башқұртын керуен басқартып, бекерден бекер жiберiп отырған ақ патша жоқ. Ендi бiздiң не
iстегенiмiз жөн?
— Оны... шынын айтсам, өзiм де бiлмейiм, — дедi Жәнiбек шынымен қиналып.
— Ау, оны көзi ашық сендер бiлмегенде, ендi кiм бiледi?