69
Шәки оған қарсы еш тiл қата алмай, керi шегiне бердi.
* * *
Ережеп сол арада екi солдатқа мылтықпен әулекi топтың астындағы аттарын көздеп ат деп
бұйырды. Әскерлер дереу мылтықтарының ауыздарын қараүйдiң жабығынан шығарып, сыртта
шайқасып жатқан кiсiлердiң аттарын көздей бастады. Сәлден соң мылтық дауысы қосарлана гүрс ете
түстi. Отауға төнiп келе берген бiр жiгiттiң аты шыңғырып жiберiп, алға жан ұшыра шапшып барып,
артқы қос аяғына мiне бердi. Алдыңғы екi аяғын жоғары көтерiп барған қалпы ат тең салмағын сақтай
алмай, тәлтiректеп кетiп, екi көзi аларып, шалқ ортасынан оңбай күлады. Жердiң шаңы бұрқ ете түстi.
Ат астында қалған жiгiт бет-аузы шаң-шаң боп, жан-дәрмен деп, аяғын үзеңгiден босатып алмақ боп,
бұлқына бастады. Ақыры аяғын суырып ап, орнынан ұшып түрегелдi. Өзiнiң мылтық дауысынан зәре-
құты қалмай, екi көзiн үрей оты торлап апты.
— Ат! Атындар! — дедi Ережеп дызылдап.
Қос мылтық тағы да қатарласа гүрс-гүрс ете түстi. Бұл жолы екi ат қатарынан омақаса күлады.
* * *
Жаңа ғана көзiне қан толған әулекi жiгiттердiң дем арасында ес-түстерi қашып кеттi. Бiр-бiрлерiн
кимелеп, бажылдасып, үңiрейген мылтық аузынан аулақ қашуға тырысып, әбiгерге түстi де қалды.
Ұйлыққан аттар бiр-бiрлерiне сеңдей соқтығысып, бiр-бiрлерiн омырауларымен қағысып, топырлаған
тұяқтарымен борбас жердiң ала шаңын аспанға шығарды да жiбердi. Айнала әппақ шаң боп, көз
аштырар емес. Ендi үрейi ұшқан жiгiттер аттарының бастарын шұғыл бұрысып ап, қатты-қатты
тебiнiп, кейiн қарай безiп бердi. Бәрi құмалақша шашырап, тырағайлап қашып барады. Нияз да
Қаракөктiң басын бұра берiп едi, дәл құлағының түбiнен әлдеқандай ыссы толқын жалап өтiп, сары
маса ызың еткен сияқтанды. Оның оқ екенiн сезiп, иманы ұшып, атына аямай қамшы басты. Өмiрi
қамшы сүймейтiн Қаракөк бiр уыс боп жиырылып, қос танауы пырылдап, басын жоғары қарай кегжите
көтерiп ап, ытқып кеттi. Нияз аяқ астында ат үстiнен жерге ұшып түсе жаздады. Ат жалына жармасып,
бойын әрең дегенде тiктеп, артына алақ-жұлақ бiр-бiр қарап ап, iлгерi қарай ұмтылды. Қаракөк топ
iшiнен атқып шығып, бетi ашыққа қарай зулай жөнелдi. Мұның соңынан басқалар да жапырласа
салды.
* * *
Елдес өз жiгiттерiнде айбар қалмағанын анық көрдi. Оқтан қанша қорықса да, атсыз қалған
жолдастарын тастап кетуге арланды. Жаяу безе жөнелген оларға ат басын туралай бере, кенет шеткi
қараүйден әп-сәтте бола қалған аламан-асырға аузын аша қарап тұрған қара құлды көрдi. Оны
Ережептiң өткен жолы Хиуа базарынан сатып әкелгенiн естiген. Ережеп күлды қашып кетедi деп
қауiптенетiн болса керек, қол-аяғына салған кiсенiн алмапты. Елдес басына, бiр ой түсiп, iштей: “Нем
кетедi? Мына құлын пайда қылайын”, — деп, құлажирен атпен ағызып келдi де, көкпар тартып қалған
кәнiгi машығына басып, ат үстiнен созылып кеп, қара күлды қос қолымен жерден тiк көтерiп алды.
Дереу кәнiгi машығымен шалт қимылдап, оны ер алдына көлденең тастай сап, бытырай қашып бара
жатқан өз жiгiттерiнiң соңынан құйғытып шаба жөнелдi.
21
Өмiрiнде алғаш рет кiсiден таяқ жегенiне Шәки қатты қорланды. Жас келiншегiнiң көзiне қалай
көрiнерiн бiлмей, жаман қысылды. Амал жоқ, екi иығынан су кетiп, салбырап үйiне келдi. Екi өңiрiн
қан жуып кеткен мұны көрiп, жаман қараүйдiң iшiнен тысқа шыға берген Дархан басқа ұрғандай
самсоз боп тұра қалды. Бұлтиған екi бетiн әлдеқандай үрейлi толқын тез арада көмiп бара жатты. Бiрақ
мiнезiнiң ауырлығына басып үндемедi. Шешесi екеуi тездетiп, жараға киiз күйдiрiп басты. Былтырдан
берi шешесi құдалардың жыртысына деп сары майдай ғып сақтап жүрген бөз шүберекпен жараны
қатты ғып таңып тастады.
Шәки боп-боз. Оң шекесi солқылдап алып барады. Ол сонда да үн шығармауға тырысып, ернiн
қырқа тiстеп ала қойды.
Шешесi бас жағында қақиып, жылап отыр:
— Қайдан ғана сол үйге бара қойдың? Бармағаның да ғой...
“Шақырып алатынын бiлмейсiң ғой”, — дедi Шәки iшiнен.
— Төбелеске араласып нең бар едi?
“Оған менi қойып жатыр ма?” — дедi Шәки iшiнен.
Ендi шешесiнiң Ережепке жыны келiп:
— Өзi әбден обал-сауапқа қарамай, аранын ашып алды. Бүйте берсе, қарасындағы ағайын-туғанын
тегiс орға жығады ғой,— дедi.
“Неге?” — дедi Шәки iшiнен ойша шешесiнiң сөзiне қарсы жауап iздедi. Шынында да, Ережеп қара
басының қамын жеп жүр ме? Ол исi ағайынның арын арлап, басын бәйгiге тiгiп жүрген жоқ па? Кеше
ғана мырза туған ағасын қорлаған Нарман мен Қалмырзаға тәкит жегiздi. Ағайынның қамы үшiн алыс
жерлерден мал алғызып, аш-арықтың қабысқан бүйiрiн бiр шығарды. Кеше өзi Қыр жағындағы Жетiру
Табындардан үш жылқыны жетегiне ап қайтты. Бағана соның екеуiн кәделеп шақырыспай-ақ жүз
көрiсiп кеткен қайын атасының аулына апарып сап қайтқысы кеп отыр едi, ойламаған жерден таяқ