Стр. 75 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

74
де қу тақырға отырғызып кете беретiн боп жүр. Соны көрiп, бұл iшiнен шүкiршiлiк қылады. Кәзiрде де
терiс айнала берiп, тiл-көзден сақта деп, үш рет түкiрiп қойды.
Естi қатын осы кезде бұған мойынын бұрып, әлденеге қуақылана қарай қалған екен:
— Е, құда, қауын-қарбыз сатса, несi бар? Ақы адал, шын еңбекпен табылған нәстенi нағылам десең
де, сөкет емес қой. Елдiң көз жасына қап, қолдың кiрiн саудаға сап, талшығыңды айырып жүрген мына
сенi айт онан да.
— Құдағай қатырды, — деп, қарсы жауап айта алмасын бiлген Әбдiраман жорта ырқылдай күлiп,
бәрiн арсыз күлкiге жеңдiрiп, жанындағы жастыққа шынтақтай кеттi.
Әңгiме ендi бiрде бүгiнгi Елдес салған төбелеске қарай ойысты.
— Жынды ғой, — дедi Әбдiраман қыжыртып. Ол сосын құдасына еңсерiле қарады. — Құда, биғам
болма, ана жынды Төлеудiң бетi жаман дейдi.
Кеше Жоламан басшы боп, мата сатып, сауда жасап жүрген бiр топ кiсi Қыр жақтағы Шектiлерден
оралған едi. Олардың айтуынша, анадағы ерегiстен кейiн Төлеу батыр iшiне қатты кек түйген көрiнедi.
Бара сала қол жиып, Малдыбайдың ауылын шабамын дегенiнде, Есен батыр басу айтып, бiр ашуын
сұрап алыпты. Бiрақ Төлеу әлi алған бетiнен қайтпаған көрiнедi.
— Өй, ол даңғой Шектi не ел шауып қарық қылады дейсiң? — деп, Малдыбай кеңк-кеңк күлiп,
қолына қымыз құйылған тостағанды ала бердi.
Әбдiраман түрулi iргеден жас мал етi былқып пiсiп жатқан қазан жаққа ау-тауық шыдамсыздана
қарап қойып, үн-түнсiз отырып қалды.
23
Шынында да, ел арасында гу-гу тарап жүрген қауесет рас боп шықты. Малдыбай ауылы ештеңеден
биқам отыр едi. Күн құланиектенiп сала берген шақта ауылдың малайлары орындарынан тегiс тұрып
кетiп, өздерiне тиiстi шаруаларымен айналысып жатқан. Ағарған үшiн қолда ұстап, сауып отырған
мал-тегендi малшылар өрiске ұзатып сап, үйлерiне қайтып кеп, жаңа ғана шайлана берген кез едi.
Ауыл сыртындағы қара төбенiң басына әуелi бiр аттылы кiсi құйғыта шауып шыға кеп, тiзгiн
тартып, көзiн қолымен күннен көлегейлеп, төңiрекке қарап, аз-кем тұрды. Сол кезде оның жанына ар
жақтағы ойдан екiншi салт атты шауып шықты. Сосын үшiншi... төртiншi... Әп-сәтте қара төбенiң
қалқасынан шауып шыққан көп кiсi қалың қолға айналып, қикулап, ызы-қиқу ұран сап, найза,
сойылдарын қаһарлана көтерiсiп ап, ойдағы ауылды екпiнiмен итерiп тастардай, селдей қаптап келе
жатты.
Малдыбай үйiнен жүгiре шықты. Қалың қолдың алдында тоқыма сауыты жаңа шығып келе жатқан
күн сәулесiне шағылысып, зәрлене жарқылдап, ырғай сапты қара найзасын шүйiле ұстап келе жатқан
Төлеу батыр екенiн бiрден таныды. Кәпелiмде не iстерiн бiлмей, асып-сасып, абдырады да қалды.
Қолымен қайта-қайта босағаны ұстай бердi.
Бүгiн бұл ауылда Қалдыбай қонып жатқан-ды. Ол үйден жүгiре шыққанда, Малдыбай сасқалақтап:
— Не iстедiк, а? — дедi.
— Тез жiгiттердi жинау керек! — дедi Қалдыбай бұған мойын бұрмастан анадай жерде тар ғып
тұсап жiберген атына қарай борсаңдай жүгiрiп бара жатып.
Бiрақ Көнек ауылының жiгiттерi бас қосып, күш бiрiктiрiп үлгере алмады. Селдей қаптап келген
көп қол жеткен бойда қарсылық көрсеткiсi келген бiр-екi жiгiттi екпiнiмен тықсырып әкетiп, сойылмен
үрып жықты. Қалғандары қоянша үркiсiп, бас сауғалап, үйдi-үйiне зып бердi.
Қалдыбай ер салып үлгере алмасын бiлiп, қыл тұсауды құс кездiгiмен қиып жiбердi де, атына
қарғып мiндi. Дәл сол арада еңгезердей Төлеу батыр найзасын ұмсынған қалпы ат басы аумай, тура
еңкiлдеп келiп те қалған екен. Жеткен бойда ол найзасын бiлемдеп тұрып, бұған қарай сiлтеп кеп
қалды. Қалдыбай жан-дәрмен деп қимылдап, аттың арғы жағындағы бауырына қарай аударылып түсе
бердi. Аш бүйiрдi көздеп түйрелген қара найза тура мұның қара санына кiрш етiп қадала түстi.
Қалдыбай ет қызуымен ауырғанын сезбей, қайтадан ер үстiне дұрысталып отыра сап, қарулы қос
қолымен найзаға шап бердi. Бұл кезде қапы кеткенiн бiлген Төлеу батыр ызалана бiр боқтап, найзасын
керi тарта бастаған едi. Қалдыбай әлемет бiр қуатпен найзаны жұлып ап, сап жағын тура Төлеудiң
сауыт киген өңменiне тiреп, елiрiп тұрған атын қатты тебiнiп кеп қалды. Төлеу найза ұшын керi итере
алмасын сезiп, бiр қолымен ердiң қасынан ұстап, қазақы қайқы қара қылышына жармасты.
Қалдыбайдың күткен сәтi де осы едi. “Әуп!» — деп қатты ақырып жiберiп, iлгерi қарай ұмтылып,
найзаны қатты итерiп кеп қалды. Төлеудiң қолы ердiң қасынан шығып кеттi. Палуан жiгiттiң әлемет
қайратына төтеп бере алмай, көре көзге ерден ауытқып бара жатты. Әр жағынан көмекке кеп қалған
екi жiгiт батырды ұстап үлгере алмай қалды. Төлеу зор денесiмен ат тұяғы таптаған ала шаңға дүрс
етiп құлап түстi. Қою шаң бұрқ ете қалды. Дереу үстi-басы, бет-аузы шаң-шаң боп, орнынан атып
түрегелдi. Қалдыбай ендi кiдiрсе, мына қалың топтың арасынан шыға алмасын бiлдi. Ат басын дереу
бұрып ап, қарсы келген жiгiттердi найзасымен қатты ақыра жасқай отырып, опыр-топыр iшiнен
жырылып шыға бердi. Оны көрiп қалған Шектiлердiң жiгiттерi:
— Ана бiреуi қашты!
— Ұстаңдар!
— Тiрiдей жiбермеңдер! — десiп, бұған қарай ат бастарын жапырласа бұрысып-бұрысып алған да
едi.
Қалдыбай ендi алды-артына қарамай, елiрiп алған атына қамшы басып, құйғытып бердi. Оның
соңынан қарап тұрған Төлеу қашқан жiгiттiң астындағы аттың қайраты алдында, сiңiрлi, бойында бiр
тал ояз етi жоқ, әбден ұлы жорықта шыныққан мал екенiн бағана-ақ аңғарып қалған болатын. Оған