Стр. 76 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

75
жiгiттер жетсе де, бiреу-жарымдап қана жетедi. Ондай тобынан қара үзiп шыққан кiм-кiмдi де
Қалдыбайдың ат үстiнен оп-оңай түсiре беретiнi айқын. Төлеу арам тер болғанды қаламай:
— Қумай-ақ қойыңдар! Бәрi бiр жете алмайсыңдар, — деп, қолын жоғары көтерiп, ұмтыла берген
жiгiттерiн: “Қайт, қайттап”, — керi серпiп алды. Сосын осы кезде мына ауылды талқандап,
шаңырақтарын қиратып, ортасына түсiрiп жатқан өз жiгiттерiне ырза бола бастады. Елiрiп алған әңгi
жiгiттер ештеңенi тыңдар емес, сойылдарын қаһарлана көтерiп, ауылдың күбыла жақ бетiнде тiгiлген
Малдыбайдың өзi отауын қоршап ап, сатырлатып сабап жатыр. Қанша ұрғанмен, сүйегi асыл болса
керек, кереге, уық онша қирамай, қайың сойыл қалың киiзге борт-борт тиiп, ала шаң бұрқ-бұрқ етедi.
Малдыбайдың қасқырдай алты ұлы үй алдында жан таласа ұрыс салып жүр. Қолдарына түскен құрық,
қадағаштарымен қорғанып, оңтайына келгендердi ұрып жығып, ақкөз ерлiкке басып кеткен. Бiр-
екеуiнiң өңiрi қан-қан, көйлектерi дар-дар жыртылған. Соған қарамастан, қарулы жiгiттер өлетiнiн
сезбей, арыстанша айқасып жатыр. Әне, мұның жiгiттерi оларды қоршап ап, жан-жақтан қамалап, ақ
үйге қарай тықсыра бердi. Жан ұшырған алты ұл арқаларын ақ үйге тiреп, жаңқ-жаңқ сөйлесiп,
қорғанып жатыр. Шектiлер оларды тықсырып кеп, кенет апыр-топыр болды да қалды. Сойылдар сарт-
сарт ете түстi. Әп-сәтте ұйқы-тұйқы бiр кимыл үстiнде Шектiлер Көнектердiң қадағаштарын ұрып
түсiрiп, ендi өздерiне қарай тұра-тұра ұмтылысты. Алғашқы бiр сойыл Малдыбайдың үлкен ұлының
құлақ шекесiне тидi. Көнек жiгiт қолынан құрығын түсiрiп жiберiп, екi қолы ербеңдеп, бiр жағына
қарай ауытқи бердi. Екiншi соққы оны жер қаптырды. Оған тұра ұмтылған екiншi жiгiттi Шектiлер ат
омырауымен қағып, ала шаңға топ еткiздi. Сол екен, әп-сәтте адыр жiпттер Көнектердiң арыстай алты
ұлын сойылға ұрып жықты. Сосын олар iшке кiрiп, Малдыбайды сыртқа сақалынан сүйрелеп
шығарды. Артына қолын қайырып, желкесiнен түйгiштеп, бұл тұрған жаққа қарай алып жүрдi. Төлеу
қасына келген Малдыбайға мысқылдай көз тастады:
— Қалай екен, кәрi төбет?
Малдыбай күп-қу боп, иегi кемсеңдеп, әр жағынан қаптай келiп қалған ашудан кекештенiп, жөндеп
сөз де айта алмады.
— Әкет! — деп, Төлеу жiгiттерiне қолын сiлтей салды.
Шектi қолы әп-сәтте Көнек ауылын асты-үстiне шығарды. Қарулы деген жiгiттердi сойылмен
сабап, бiр үйге тықты. Өрiстегi малды он шақты жiгiт айдап әкелдi. Малдыбайдың бар қорқынышы
қызы едi. Екi Шектi жiгiтi Ақкербездi бұрымынан сүйреп, ақ боз үйден сыртқа алып шыққанда,
Малдыбай өзiне не болғанын бiлмей кеттi. Қатты бұлқынып, қолын артына қайыра ұстап тұрған екi
жiгiттi итерiп жiберiп, қызына қарай тұра ұмтылды. Есiн жиған екi жiгiт Малдыбайдың соңынан
жүгiрiп кеп, жеткен бойда шалғайына жармасты. Осы кезде Төлеу батыр атын қатты тебiнiп қап,
найзасын бiлемдей ұстаған қалпы Малдыбайдың алдына көлденеңдей берген едi. Ол шал жақындаған
сәтте найзасының өткiр, суық ұшын кеудесiне тiреп, қатты ақырып:
— Жан керек болса, қайт кейiн! — дедi.
Малдыбай оған да болмай, iлгерi ұмтыла берiп едi, Төлеу найзасының ұшын оның төсiне қадай
түсiп, семiз шалды ерiксiз керi ысырды. Оған басқа Шектi жiгiттерi болысты. Бәрi айқайласып кеп,
ешкiмге әл бермей, бұлқынып жатқан шалға жан-жақтан жабыса түстi.
— Ұстаңдар!
— Қолын байлап тастаңдар!
— Қәне, бол! — десiп, бәрi бiр сәтте шалды астарына бүгерлеп, қолын артына қайырып, қыл
арқанмен байлап та тастады.
Әкесiнiн осы халын көрген Ақкербез анадайдан айқайлап келедi:
— Көке, көке!
Осы дауыс құлағына жеткен бойда Малдыбай бойындағы бар күшiн жиып, үстiне күшiгенше
қонып отырған екi жiгiттi тұтасымен көтере түсiп, орнынан тұра бердi. Жiгiттер оған қайта жармасты.
Малдыбай оған да болмай, бет-аузы, сақалы шаң-шаң боп тұрып, ат үстiнде өзiне мысқылдай қарап
тұрған Төлеу батырға атып жiберердей боп қадалды да:
— Әй, Төлеу! — дедi қатты айқайлап сөйлеп. — Сен қатты асқан екенсiң! Мың асқанның бiр
тосқаны бар деген. Менi шауып, ертең тиыш отырам деп ойлайсың ба?
— Өй, сенен қорыққаным! — дедi Төлеу кеңк-кеңк күлiп.
— Қорыққанда, әлi-ақ iнгендей қайқаңдарсың! Әгәр сен батыр болсаң, ер жiгiттiң шаруасын жаса!
Ана қатын-қалашқа тиме! Күшiң тасып бара жатса, өзiңе тең дұшпандарыңды қырып ал!
— Ә, солай ма, — деп, Төлеу түрi қап-қара боп, тiстене сөйлеп, атынан жерге дүрс етiп түсе қалды.
Найзасын жанындағы бiр жiгiтке ұстата сап, аяғын салмақпен басып кеп, қынынан екi жүздi қанжарын
жарқырата суырып алды. Сосын сол қолымен Малдыбайдың сұйықтау бурыл сақалын тұтамдай ұстап
тұрып: — Мен сенi ерегiске тұратын еркек пе десем, барып тұрған қатын екенсiң ғой. Ендеше мынау
саған артық, — деп, қанжарымен Малдыбайдың сақалын сыр еткiзiп кесiп алды. Содан соң бiрдеңеден
жеркенгендей боп, уысындағы сақалды былай лақтырып тастай салды. Дем арасында қызыл бет, iрi
шалдың иегi шұнтиды да қалды. Төлеу сосын Ақкербезге қарап: — Ойымдағы да осы едi. Ертең
қызыңды тоқалдыққа ап, өзiңдi қайын ата ретiнде шақырам. Оған дейiн сақалың да өсiп қалар, — деп,
кеңк-кеңк күлдi. Қошқар тұмсық жалпақ ерiндi кiсi күлгенде сирек сойдақ тiстерi ырсиып көрiндi.
Малдыбай хас масқара болғанын жаңа бiлдi. Бiрақ Төлеуге жалынғысы келмедi. Қалдыбайдың
қашып құтылғанын дәтке қуат қып, қанын iшiне тартып, сұп-сұр боп, түйiлдi де қалды.
Шектiлер ендi әй-шәйға қараған жоқ. Ауыл кiсiлерi мен бар қатын-қалашты қосақтап байлап
тастады да, мыңғырған малды алдарына сап, келген жақтарына қайтты. Төлеу батыр Ақкербез бен
Шолпанды өздерiмен бiрге алып жүргiздi. Онда да апалы-сiңлiлi екi қызды жайдақ нарға мiнгiзiп,
жандарына қарауыл қосып, түйенi бiр жiгiтке жетектетiп қойды. Өзi анда-санда соларға жанасып,
сүйкенiп өтедi. Жылап отырған Ақкербезге жақын кеп, жылы-жылы тiл қатайын десе, шоқпардай
доғал, оралымсыз тiл құрғырына жөндеп сөз түсе қоймайды. Ақыры ол батылданып, астындағы атын