Стр. 80 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

79
келе жатқан жоқ па? Ол басына түскен мүшкiл халды осы жолы анық сезiп, өз өзiнен шөгiп,
қоңырайып қалды.
Аздан кейiн бiр жiгiт кеп, әй-шәйға қарамастан мұны қолынан ұстап ап, сүйрелей жөнелдi.
— Әй, қайда апарасың? — деп, бiр-екi рет сұрап көрiп едi, әлгi жiгiт үндеген жоқ. Оның қарулы
қолынан босана алмасын бiлiп, Ақкербез не де болса соңын көрейiн деп, лажсыздан ол сүйрелеген
жаққа қарай жүре бердi.
Жiгiт мұны Төлеу батырдың шатырына алып келдi. Бұл кезде қатүланған Төлеу батыр жорыққа
шығарда жетектегi жеке атқа тиетiп алып жүретiн ақ шатырын тiктiрiп тастаған да екен. Ол әшейiнде
күй талғамай, осындай ұлы жорық кезiнде кез келген жерге атының ерiн басына жастанып, тоқымын
астына төсеп, қисая кететiн. Осы жолы ол өз өзiнен Шолпанның бағанағы айтқан сөзiне жыны қозып,
бар ашуын Ақкербезден алмақ боп, шатырын тiктiрген едi. Оның не ойлағанын сезген жiгiттерi
ыржалақтасып, дөрекi қалжың айтысып, мұның жанында бiраз болғасын бет-беттерiне тарап кетiскен.
Қызметшi жiгiт Ақкербездi сүйреп әкелген бетте шатырдың жабық есiгiн қолымен серпе ашып,
әйле-пәйлеге қаратпай, мұны iшке итерiп кiргiзiп жiбердi. Салулы төсекте шалқайып жатқан Төлеу
батыр көйлек-дамбалы ортада жайнап жатқан сексеуiлдiң шоғының сәулесiмен қызара ағараңдап,
орнынан атып түрегелдi. Келе мұның қолынан ұстап, өзiне қарай жұлқа тартып қап, мұны төсекке
атып ұрды. Өзi сосын қасына жантайып, түрпiдей қолымен Ақкербездiң белiнен ұстады. Қыз
қымсынып, добалдай қолды керi итермекке тырысты. Бiрақ әлi келмедi. Сол арада шарасынан шығып,
бақырая бастаған көзiне қорқыныш оты толып, демi дiрiлдеп, кеудесi қысылғандай болды. Соны
көрген Төлеу бiр сәтке кiдiрiп, бiр түрлi боп күлiп, қолын мұның белiнен тартып алды да:
— Сен немене өзi... адам жабайысың ба? Үйтiп қорықпа! Мен адам жейтiн қасқыр емеспiн... —
дедi.
Ақкербез тынысы жиiлеп, екi танауының желбезегi қусырыла түсiп, оның бетiне шошына қарады.
Кәпелiмде басына жөндеп ақыл да түсе қоймады. Сөз айтудың орнына, қайта жасқаншақтап,
шатырдың iргесiне қарай ысырыла түстi.
Төлеу оның қорыққанын қызық көргендей ендi қарқылдап күлiп, шалқасынан жата кеттi. Соны
пайдаланып, Ақкербез орнынан атып түрегелiп, сыртқа ата жөнелмек болып едi, есiк алдында тұрған
күзетшi жiгiт мұның жолын кес кестедi. Ол қарулы қолымен қызды қапсыра құшақтай алды да, жүзiн
керi бұрып, қатты итерiп кеп қалды. Ақкербез аяғы жерге аннан-саннан бiр тиiп, ұшып кеп, Төлеу
жатқан төсекке жалп ете түстi.Төлеу оны құшақтай сап, қарқ-қарқ күлдi:
— Сен қу қыз, немене менi тағы да қу тақырға отырғызып кетем деймiсiң? Жо-о-оқ, бұ жолы олай
болмайды!
Ақкербез шаққа дегенде Төлеудiң құшағынан босанып, әрiрек отырып, қобырап, қызыл
орамалының астынан шығып кеткен шашын түзедi. Қызыл жiбек орамалын басына дұрыстап тартты.
Сосын өрекпiген кеуiлiн зорлап басып, сабасына түстi. Iштей басына шын тықырдың таянғанын анық
бiлдi. Ертеден бермен ол бiр амалын тауып, мына қыспақтан құтылып кетермiн деп, өзiн өзi жұбатып,
тәттi қиялына елтiп келе жатқан едi. Соның бәрiн ендi Төлеу быт-шыт қылмақ. Ақкербез мұны сол
арада ақылмен алмаса, құр қарсыласқаннан дәнеме де өнбесiн, қайта бұл қарсыласқан сайын әумесер
батырдың жыны қоза түсетiнiн, сосын оның артының жаманға айналарын анық бiлдi. Сол арада iш
толқынын шаққа басып, басына түскен халге көнген шырай көрсетiп:
— Батырекесi, — дедi жылы сөйлеп. — Сiздiң аяқ астында... мынадай еткен қылуаңызға қайран
қалып отырмын.
Төлеу:
— Оған қайран қалатын немене бар? Сен менiң тоқалымсың. Сосын.. түбiнде бұйыратын нәсте
болғасын... игiлiктiң ерте-кешi жоқ деп... — деп, қарқ-қарқ күдi.
— Оныңызға көнбей отқан кiм бар? — дедi Ақкербез басын төмен қарай ие түсiп. — Жарайды,
сiздiң дегенiңiз-ақ болсын. Бiрақ сiз мынадай бiр жағдайды ойладыңыз ба? Ертең батыр айдалада бас
қосып, Көнектердiң далада жатқан қызын тоқалдыққа алды деп, қалың Шектi мазақ етiп күлмей ме?
Сосын... — Ол кеуiлi өрекпiп барып тоқтады. — Мен көрiнген жерге аунай кететiн тексiз жерден
шыққан бiреу емеспiн. Көнектiң iргелi жерiнiң қызымын. Бiздiң елде алты Шектi арыс-арыс боп,
Әлiмдердiң абырайы мен нәсiлiн талай жерде көрсете бiлген деп айтушы едi. Ендi соны мен көре
алмай отырмын. Әгәрдә нәсiлсiздiк етiп, менiң әбiрейiмдi төгем десеңiз, онда айтқаныңызға құлдық.
Ақкербездi бұлай дейдi ғой деп ойламаған Төлеу батыр дамбалының ауы салақтап, жатқан жерiнен
тез атып түрегелдi. Жайнаған шоқтың жарығында жүзi қызара көрiнiп, жас балаша қыпылықтап, не
iстерiн бiлмедi. Сосын басына әлдеқандай ой түсiп, мұның жүзiне барлай қарады:
— Сен осы... тағы да қулық ойлап отқан жоқпысың?
Ақкербез оның жүзiне қорқа қарап тұрып:
— Мұның несi қулық? — дедi де, зорлана жымиды.
— Қулық болмаса... түбiнде бұйырмыс нәстенiң далада тигенi не, ауылда тигенi не, — бәрi бiр емес
пе?
— Әй, батыр, аңқаусыз-ау, — дедi Ақкербез шыныменен күлкiсi кеп. — Сiз әйәл жайын қайдан
бiлесiз? Мұндай ұсақ-түйек әңгiмеге құдай мына бiздi қырағы етiп жаратқан. Батырекесi, солай деп
ертең мына қасыңызға ерген қарашыларыңыздың өздерi-ақ айтады.
— Жоқ, олар iждеме де демейдi. Айтып көрсiн...
— Онда не iстейсiз?
— Кәлләсын мойнымен қоса жұлып алам.
— Онда... сөзiңiзде тұрыңыз. Сiздi мазақтаудың алды әлден-ақ көрiне бастады. Сенбесеңiз, мында
қараңыз, — деп, Ақкербез оған қарап сыбырлай сөйледi де, шатырдың сырт жағындағы iргесiнiң бiр
шетiн қолымен ақырындап көтердi.
Төлеу таңғалып, тоңқаңдай еңбектеп кеп, әлгi ашылған жерге қарады.