Стр. 89 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

88
— Оның... басқа бiр жағдайы бар...
— О қандай басқа жағдай? — дедi бағанадан берi үндемей келе жатқан Қалдыбай.
— Ол кеуiлге байланысты,— дедi Жәнiбек ойлы қалпынан арыла алмай, — кеуiлi шат болса,
адамның ажары кiредi. Баяғыда Әбу Әли ибн Сина мынадай бiр қызық жасапты. Ол екi қойды қораға
байлатып, екеуiне бiрдей етiп, өлшеммен жем-су берiптi. Бiрiншi қойды бiр қораға, екiншi қойды
екiншi қораға байлапты. Тек екiншi қойдың өкпе тұсына, анадай жерде бiр қасқырды торға қамап
ұстапты. Содан не болды дейсiң ғой...
— Иә.
— Мiне, қызық, — деп, жол бойы кеуiл ашар ермек таппай келе жатқан жiгiттер елеңдесе қалысты.
— Содан бiрiншi ғой жұнттай боп семiрiптi. Ал, үнемi өкпе тұсынан қасқырдың қадалған көзiн
көрiп тұрған қой семiру орнына аза-аза, бiр күнi өлiп қапты. Мiне, көрдiң бе, мұның бәрi кеуiлге
байланысты.
— Рас болса, рас болар, — дедi Елдес оны қоштап. Сосын бұған қулана қарап, сәл ыржия түсiп: —
Сен ғой осы сөзiңдi ойланып айттың ба? Кеуiл дейсiң. Бiрақ маған қарсы шығасың. Ау, көкнәр
iшкенде, мен немене осы семiрейiн деймiн бе? Менiң де көздегенiм сол кеуiл емес пе? — дедi.
Жәнiбек ағасының бұлай аяқ астында жалтарып кететiнiн бiлмей қалып едi. Кәпелiмде аузына сөз
түспей:
— Ендi ол... өзi... — деп iркiле бердi.
— Оның iж олы-солы жоқ. Гәп кеуiлдi қалай көтеруде ғой. Соған сенiң қарсы болар жөнiң жоқ, —
дедi Елдес тарқ-тарқ күлiп. Сосын қасындағыларға көзiн қысып қойып: — Ал ендi саған келейiк. Сен
ғой осы қалыңдығыңды аман-есен алып қайтып, кеуiлiңдi бiрлеп келе жатсың. Бiрақ жарым-жартылай
ғана, — дедi.
— Не‚ не? — дедi Жәнiбек түсiнбей қап.
Елдес тарқ-тарқ күлiп боп:
— Жорта түсiнбеуiн қараш! Әңгiменiң қысқасы, — осылай салақтап жүре бересiң бе? Қашан
қалыңдық ойнайсың? — деп түйеден түскендей етiп қойып қалды.
Жәнiбек не дерiн бiлмей, қызарып сала бердi. Бетi ду ете қалды:
— Оны... ендi.
— Байқа, кәзiр пiскен қызға көз тiгушiлер көп. Кейiн бармақ тiстеп жүрме.
— Былай... ес жияйық та.
— Өй, сен де бiр, — деп, Елдес кейiп, тағы да бiр боқтады. — Қатын алу үшiн... не ес жию керек?
Әйле-пәйлеге қарамай, бар да былай... ыңғайлап... — Ол әр мүшенi атымен атап, соғып кеп жiбердi.
Жәнiбек ағасының сөзiн әрi қарай тыңдамай, үнсiз қалды. Кешеден берi жанын мазалап келе
жатқан бiр әзәзiл ой қайта оралып, өткiр тырнағын ең бiр осал жерi-не аямай қадап өттi. “Жарайды,
алайын, бiрақ...” Оның әр жағын ойлағысы келмедi. Мына жiгiттердiң iштерiнде: “Тентек Төлеу ай
қарап жатты деймiсiң? Уысына түскен қыздың уызынан татпай, ол соншалық бала ма?” — деген
арамза бiр ой жатқан секiлдi көрiнiп кеттi.
Сәлден соң Елдес бұлардың тобынан бөлiнiп, өз ауылына қарай бет алды. Ендi үшеуi Қуаңның
күнгейiне қарай жiтi жүрiп отырып, көлеңке ұзара, қалың жыңғылды сайдың борпас табанына кеп
iлiктi. Әр нәрсенi әңгiмелей отырып, екi-үш төбеден асқасын Қуаңның бiр тұсын жайлаған Құлқа
батырдың ауылына кеп құлады. Жәнiбек кiдiрмейiн деп едi, Қожақ еркiне қоймады. Сосын амалсыз ат
басын солай қарай бұрып алды.
Құлқа батырдың ауылы не бәрi он шақты қараүй екен. Бәрi алқа қотан тiгiлiптi. Жәнiбек ортадағы
ақ үзiктi үлкен үйде дем алып отырып, сары торы бәйбiшемен аман-саулық сұрасты. Баласы Қожақтың
аман-есен келгенiне қуанған бәйбiше тез арада қазан көтерттi. Жәнiбектiң айтқанына болмай, шайды
тез қайнатып әкелдi.
Шай үстiнде Жәнiбек елеусiздеу ғана:
— Құлекең қалай пақуатты ма? — деп сұрады.
— Құдайға шүкiр, — дедi сары торы бәйбiше тез жауап берiп.
— Өзi... ауылда ма?
— Жоқ.
— Ау...
— Қожайынымыз кеше жол жүрiп кеттi, — дедi де, сары торы бәйбiше әлденеден қуыстанып,
қызарып сала бердi.
— Сонда қайда? — дедi ойында дәнеме жоқ Жәнiбек үнсiз отыра бергендi жөн көрмей.
Бәйбiше ендi расын айтпаудың ыңғайсыздығын бiл-гендей, тез қабағын түйiп:
— Ақырзаманның баласы аласа туады, өзiңе қарай жармаса туады деген ып-рас. Кеше Ережеп кеп,
кiсi жiберiп, шалды қояр да қоймай, ақыңа бiр ат берем деп, мына Бұқар жағына керуен бастап бар деп
көндiрiп, алып кеттi.
— О нағылған керуен?
— Соны жөндеп те бiлмейiм. Татар дей ме басшысын? Қалғандары, кiлең орыс.
— Е-е, солай де, — деп Жәнiбек үнсiз қалды. Демек, әнеукүнгi естiген әңгiмесiнiң рас болғаны.
Бiрақ оның керуендi өзi бастап бармай, айдаладағы Құлқа батырға ысыра салғаны несi?
Бәйбiше тағы да:
— Биыл шалымыздың ыңқыл-сыңқылы көбейiп жүр. Ана жерiм, мына жерiм дей бередi. Сүйтiп
жүрiп бiр күнi кескен теректей сұлап түссе, күнiмiз не болады деп қорқам. Соның көзi тiрiсiнде ана
баламызды қолымызға алсақ па деймiз, — деп, кеуiлiнда жатқа ниетiнiң бiр шетiн шығарып та қойды.
Қожақ шешесiн жаратпай:
— Апа, — дедi.