89
— Тәйт, әрi, тиыш отыр, — деп, бәйбiше ұлын тиырып тастады. — Басқаның балаларына қараш,
барлығы да аяқтанып болды. Ал сен әлi сүмiрейiп жүрсiң. Осы кезде менiң немере сүйiп отыратын
кезiм емес пе?
— Апа...
— Қой дейiм саған. — Бәйбiше ендi бұған бұрылды. — Кейде осы от басының өзiне де жарай
бермейiм. Бiз ендi кәртеймесек, жасарып келе атқан жоқпыз ғой. Әне, ойба-ай, бе-лi-iм, — деп өтiрiк-
шыны белгiсiз, сары торы бәйбiше белiн ұстай алды. — Әне, бұл түспегiр сүйтедi.
Жәнiбек бәйбiшенiң мiнезiне iштей сылқ-сылқ күлдi. “Құдай бiледi, осының iж қағындысы жоқ”,
— деп ойлап:
— Белiңiз сырқыраса, құмға түспейсiз бе? — дедi.
— Құм әлi пiсе қойған жоқ қой. Пiссе де, менi апарып кiм түсiредi? Мына көзi моншақтай, к...i
келсаптай итке апарып көмдiрем бе? — деп, аузы ластау бәйбiше ұлы мүшенiң атын бадырайтып айта
салды.
— Өй... — Қожақ ыңғайсызданып, керi шегiне бердi. — Апам, ендi бүлдiредi!
— Немене ұлы сөзде ұяттық бар ма?
— Ал, саған керек болса,— деп, Қасқырбай сылқ-сылқ күлдi. — Ерегiстiрсең, апам әлi асты-үстiңдi
қазып бередi.
— Е, қазбай, — дедi сары бәйбiше қыза түсiп. — Түнi бойы қазбайша қақайған пәлеңмен iрге
тырналап, алы-сып шыққанда жақсысың. Ендi қатын ал десе, тұра қа-шасың. Көсiкке тесiк жайыз...
— Өй, апам ендi, —деп, Қожақ орнынан атып түрегеле сап, сыртқа қарай ата жөнелдi.
Жәнiбек бүйенауыз бәйбiшенiң сөзiне рәһаттанып күлдi. Сосын өзiне жақауратып әкесiне айтып
барсын деп отырғанын бiлiп, үнсiз қалды. “Шынында да, Шарапатты неге ұзатпайды, а?”
Олар сол күнi кедей ауылда қонып қалды. Ертесiне күн ысымай тұрып, айран қатқан ашытпадан
бiр-бiр тостағаннан iше сап, екеуi атқа қонды. Қасқырбай ұзақ жолдан шаршағанын сылтауратып,
бұған ермей, өз ауылына қайтты.
Жәнiбек үйiне келдi. Iшке кiргеннен-ақ Айжамалдың қабағынан түйiлген ашу отын көрiп
ыңғайсызданып қалды. Сонда да сыр бермеуге тырысып, жүзiн жылытып:
— Қалай, амансыңдар ма? — дедi.
Айжамал терiс қарай бере:
— Немене аман болмай, бiздi жау алады деймiсiң, — деп бұрқ ете түстi.
Жәнiбек өмiрi бетiне келiп көрмеген қатынының тұрпайы мiнез аша бастағанына таңғала қарап
тұрып:
— Не, не? — дедi.
— Не, не?! Iждеме де! — дедi Айжамал ендi ашық бұрқырап. Өзiнiң тымпиған жүзi сұрланып,
қанын iшiне тартып ала қойыпты. Сосын шыдамай, долданып кетiп, кебежеден ала берген ағаш
табақты жерге тарс еткiздi. — Дым бiлмейтiндей не, не деуiн қараш! Жетi жұртты жалмаған жәлептiң
лапардай жазысын иiскеп, тойып келген шығарсың?!
— Не?! — дедi Жәнiбек ерiксiз ашулана бастап. Осы кезде әр жағынан есемелей құйылып келiп
жатқан әлдеқандай соқыр ыза оның көз алдын тұмандандырып жiбердi.
— Ол — сол! Күйлеген қаншыққа көпек итше жанасып...
— Қысқарт! — дедi Жәнiбек қалшылдап.
— Ал, қысқартпайым, сонда нағыласың? — дедi Ай-жамал көгереңдеп.
— Әй, қоясың ба, осы жоқ па?
— Ал, қоймағаным! Онда бар жазы бiзде де бар. Әгәр мен десең, ол қаншықты мен тiрi тұрғанда
алмайсың! Оны... есiгiмнен аттатпайым! Ойбай, ойбай! — деп, Айжамал көгереңдеп, ендi жүресiнен
отыра қап, қолымен отбасын төбелеп қоя бердi.
Қанасына сыймай тұрған Жәнiбек сол арада өзiне не болғанын аңдаған да жоқ. Дереу жетiп кеп,
қатынының ұзын шашын бiлегiне бiр орап алды да, қолындағы қамшысымен қыр арқадан бортылдата
жөнелдi. Ашудың қысқаны сонша, басқа-көзге қараған жоқ. Күнi бойы бiтеу жараша iсiнiп, сыздап
келе жатқан долы ашу бiр-ақ жарылды.
— Мә, саған отбасын төбелеген! — деп, тiстене сөйлеп, ендi бақырған қатының май күйрығына
қарай салды.
Айжамал көк ала торғайдай болса да, тiлiн бiр тартпады. Қайта өршелене түсiп, биыл өзi
базарлыққа деп Бұхарадан әкеп берген хануыз көйлегiнiң өңiрiн арық қолымен дар-дар айырып
тастады. Ендi бiрде шашы ебей-дебей боп, бұрқырап, бетiнен аққан қанын сүртпестен, мұның қолынан
босанып шыққан бойда, сыртқа қарай ата жөнелдi. Жәнiбек ұмтылып барып ұстайын деп едi, қолы
көйлекке тиiп, оны тоқтата алмай қалды. Ханауыз көйлек дар етiп жыртылып, мұның қолында қала
бердi. Айжамал жарым-жартылай жалаңаш қалпы зыта жөнелдi. Жаман даусымен барқырап, ауылды
басына көтерiп:
— Ойбай! Ойбай! Қайдасыңдар?! Менi... анау ит өлтiрдi! Ана сiптiрге бола, сойып салды! — деп,
зыр жүгiрiп жүр.
Жәнiбек есiкке тақап кеп, Айжамалды қайтадан ұстап алайын деп тысқа қарап едi, үйдi-үйден
атып-атып шыға келген туыстарын көрiп, басын тартып ала қойды. Қалш-қалш етiп, мына жайдың өз
басына қаншалықты ұят екенi, ана қатынының абырайын айрандай төккенi жайлы тез-тез ойлап қойды.
Бiрақ басқа шарасы жоқтығы есiне түсiп, қолындағы жыртық шүберек пен қамшысын iрге жаққа
зытырып жiбердi.
Сол түнi олар алғаш рет бөлек-бөлек жатысты. Жәнiбек оған келе ғой деген жоқ. Айжамал мұның
төсек көрпесiн лақтырып жiберiп, басқа үйге кетiп қалды.
Жәнiбек амалсыздан күрсiндi. Қараңғы үйде шалқ ортасынан жатып, жарым-жартылай ашық
тұрған шаңырақтан түнгi қаракөк аспанға селқос қарады. Өлiара болғасын ба, бүгiн жұлдыздар ерте