Стр. 93 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

92
Ережеп қабағын шытып, ендi бұған бұрылып қарауды қойды. Астындағы атын тебiнiп қап, сар
желдiрiп кеттi.
Күн арқан бойы көтерiле бере, Үшқарадағы қоңыр дөңнiң күйқалы, отты төңiрегiн жайлап отырған
Мұғараптың ауылына келдi. Алты ұлы әлдеқашан үйлi-баранды боп кетсе де, еншi бермей, Мұғарап
барлығын бiр ауыл ғып ұстап отырған. Алты ұлының алты отауы алқа қотан тiгiлгенде, алыстан
айбары мен доғын анық көрсетiп, қандай жолаушыны да пысы баса түсетiн. Ережеп салдыртқан қалпы
үлкен үйдiң жанына жақын кеп, ат басын iрiктi. Осы кезде iштен Мұғараптың ортаншы ұлы шығып,
мұнымен амандасып, атын шылбырынан жетектеп, аулақ алып кеттi.
Мұғарап үйiнде екен. Дөң мұрын, ақ сұр беттi, шоқша ақалды шал амандық-саулықтан соң:
— Жәй жүрсiң бе? — дедi.
— Қайдан жәй болсын, — дедi Ережеп асықпай сөйлеп. — Биылғы зекетiңiздi бермедiңiз ғой.
Соны...
— Ойпырмай, осы салығы түспегiр де көбейiп кеттi. Үстiнен жонып жеп отқан азын-аулақ мал-
тегеннiң басы басына бiр қосылмай-ақ қойды-ау, — дедi ел арасында сараңдығымен бес қуырдақ деп
атанып кеткен Мұғарап көре көзге тарылып.
— Ау, ана құдаларыңыз көмек бермей ме? — дедi Ережеп дым бiлмеген түрмен.
— Құдасы қайсы? Ана Мамырай ма? Өй, оны қой. Оның малы өзiнен ауыспайды.
— Неге? — дедi Ережеп мұртынан күле түсiп. — Құдай кiсiге бақ берейiн десе, әйле-пәйлеге қарай
ма? Жәнiбек деген бүгiнгiнiң нағыз бақ қараған жiгiтi емес пе? Әбiрейi қандай, бiлiмi қандай! Мен өзiн
өте жақсы көрем. Әсiресе, оның Тайпанның жесiрiн тоқалдыққа алғалы жатқанын естiп, қатты қуанып
қалдым.
Мұғараптың жұқа танауы бiреу бiз сұғып алғандай дiр ете түстi. Танауының астынан мiңгiрлеп:
— Ол... ендi, — дедi де қойды.
— Өзi бiр аса зият жiгiт қой. Ондайларға төрт-бес қатын алған, тiпте, артықтық етпейдi.
Мұғараптың жүзi қап-қара боп кеттi. Ережеп iшiнен сылқ-сылқ күлдi.
Күн түске тармаса Ережеп қайтадан атқа қонды. Ендi ол Сырға күлап, Тұрғалидың ауылында зауал
ауғанша болды да, кешкi салқынды төске алып, Дөсек Тайпанның үйi қайдасың деп аңыратып тартты
да отырды. Мұның бұл жолғы келiсi тiпте оқшау. Әдетте жыл сайын Хиуа ханына зекеттi Мiрәлi
қасына он шақты қарашысын ертiп, ауыл-ауылды аралап жүрiп, өзi жинайтын едi. Бұл барлық малдың
басы құралып болғасын барып iске кiрiсетiн. Иiрулi жатқан қалың жылқыны аралап жүрiп, дене бiтiмi
бөлек, пiшiнi жақсы деген құлын-тайларды iрiктеп ап, олардың орныпа тұяққа тұяқ деп, өзiнiң арық-
тұрық, ауру-сырқау жаман жабағыларын тыға салатын. Және де Хиуа бегiнiң Сыр өңiрiндегi қазақ
байларында қанша бас мал барын бiлмейтiндiгiн арқаланып, көбiне бар жылқы санын кемiтiп көрсетiп,
үстiнен жонып жеп, пайда көретiн. Былтыр Мiрәлi аңқаулық жасап, тiлiнен қағынып, сол қулығынын
шет жағасын құрдасы Тайпанға сездiрiп қояды. Сол сөз ауыздан ауызға көшiп, ақыры мұның құлағына
тидi. Бұл ызадан жарылып кете жаздады. Жолы үлкен болса да, келеңсiздеу ағасын жерден алып,
жерге салды. Содан ақыры не болады деп күптi кеуiлмен бiраз жүрдi. Құдай оңдап, бұл сөз Дадабекке
жеткен жоқ. Ендi биыл бұл салық жинауды өзi басқарып, тексермекшi болды. Сол ииетпен Тайпанға
келе жатқан бетi осы.
Ережеп күн ұясына қона Тайпан ауылына жеттi. Кәдiрлi қонақты көрiп, ұзын бойлы, сопақ бас,
мұрны қолағаштай Тайпан қызметшi жiгiтiне биылғы ерте туып, ерте пiсiп үлгерген бағлан қозыны тез
сойдырды. Тоқалына баптап ашытылған қымыз алдырды. Ережеп түрулi тұрған жабықтан
жерошақтағы әйдiк қара қазанда былқып пiсiп жатқан жас ет иiсiн алыстан сезiп, бiр түрлi кеуiлденiп
сала бердi. Кепкен таңдайын бал татыған қымызбен жiбiттi. Екiншi тостағанды орталап iшiп, iшiнде
қалған қымызды ақырын шәйқай отырып, үй егесiнен шаруа бабын сұрасты.
— Шукiршiлiк, — дедi Тайпан жымиып.
— Есепшiлер биыл қыс қатты болады дей ме осы?
— Иә, сүйдеген сөз бар.
— Жұт болмаса жарар едi.
— Қой, қайдағыны айтпа. Жұт бола қоймас.
— Неге? — дедi Ережеп оған байыппен қарап.
— Жұт дейтiнiң, қазақ есебiнше, ыңғи тышқан жылында айналып соғады. Бiрақ... қыс қатты болса,
мал-теген шөп жағынан қиындық көрер.
— Қызылдың iшкi жағына қар аз түседi. Уақ жандық жердегi шөптi теуiп жесе де, бiрдеме етпей
ме?
— Оның рас, — дедi Тайпан ойланып. Ұзын мұрны сорайып, сабырлы тартып, ойланған кескiнi бiр
түрлi өзiне жараспайды екен. Әрi ондайда түсi сұстанып кететiн сықылды. Ол маңдайын
қыржымдандыра берi қарап: — Қызыл деген қазақтардың атам заманнан бермен қарай келе жатқан
құтты қонысы емес пе? Тек сол қыстау жердi... мына Бұқар әмiрi күзете бастаған дей ме?
— Иә, ол рас.
— Сонда бiресе Хиуаға, бiресе Бұқарға, бiресе Қоқанға шығынданып, бiз қасқа титықтап
құрымаймыз ба?
— Оны... қайдам. Құранда күштiге қызмет қыл делiнiптi ғой. Жалпы ел басқарған кiсiнiң жайын
жасау қалың бұқараға жайыз емес пе?
— Дегенмен... мына салығы түспегiр жанға батып барады.
— Иә, — дедi Ережеп дауысын созып, — мен сол салық жайымен жүрмiн. Бермеске амалың бар
ма? Мен де осы малды жинау үстiнде, қазақ сорлыны аяп-ақ болам. Қарап отырсам, осы бiздiң
малымыздың кiм көрiнгеннiң қолында, қаңғырған келiмсектiң жетегiнде кетпеген кезi бар ма? Әй,
жоқ-ау! Қай заманға көз жүгiртiп қарасаң да, күштiлердiң бәрi аңқау бiздi тонап болыпты. Ал бiз қасқа
оларды өз туған жерiмiзден қуып шығудың орнына, солар қалтасына жер салып әкелетiндей, арамызда