Стр. 96 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

95
— Осы... Бұқарбай мен Байқадам екеуiнiн арасы онша емес дейдi ғой. Сол жағынан хабарың жоқ
па?
— Қайдам. Ел дегенiң сәл нәстенi дабырайтып айта бередi. Көзбен көрмегесiн, — деп, Шатай
қашырта жауап берiп, мұның бетiне тура қарай алмай, көзiн тайдырып әкеттi.
— Дұр-р-ес, — деп, Елмырза ендi оған көз киығын да салмастан, астындағы атын тебiнiп қап,
iлгерi жүрiп кеттi. Сары аяңға сап, жiтi жүрiп отырып, сәскелiкке таман Сырға келiп құлады. Медеубай
Қотырашты дедектетiп отырып, аттарды бос айдап жiберiп, жалдамалап, өздерi қайықпен арғы бетке
өттi. Елмырза судан қатты қорқатын. Бұл кезде дария тасқан бетiнен қайтса да, суы толық, ағысы
қатты. Салған жерден қу қайықты үйiрiп әкеттi. Ол майда толқын шылп-шылп ұрып, жағадан шыққан
бойда-ақ қылтылдаған қу қайықтың ернеуiнен екi қолымен тас қылып ұстап алған едi. Бiр сәт ол екi
жағынан үйiрiле ағып бара жатқан лайлы суға қорқа қарады. Бет жағы жыбыр-жыбыр етiп әлдеқайда
асыға ағып бара жатқан судан табан асты қозғалып кеткендей, аздап басы айналды. Сосын көзiн тез
тайдырып әкетiп, Медеубайға қарады. Қортық, жуан кiсi бұжыр бетi быдым-быдым боп, тотыға түсiп,
қайықтың құйрығында отырып, жалпақбас ескектi ауанымен күрей есiп келедi. Оң жағына қарай сәл
қисайып ап, шiрене ескенде, қара май сiңген қу қайықтың басы қайқая көтерiлiп барып, iзiнше төмен
қарай сылқ ете түседi. Медеубай жамау-жамау шалбарының екi балағын тiзесiне дейiн түрiнiп алған.
Су шылап, аптап қақтаған балтыры шыт-шыт боп жарылып кетiптi. Өзi әлмәһал жалақ ерiнiн тiлiмен
жалай бередi. Елмырза соған көз сап тұрып: “Мынаның тiршiлiгi қандай екен? Қатын, бала-шағасын
қайықшылықты кәсiп қылып та асырауға бола ма?” — деп ойлап қойды. Жағаға шыққасын, қолына
iлiккен бiр-екi қара бақырды Қотыраштың алақанына сала сап, жоғары өрледi. Дария жағасының
шiрiген борық пен сыз исi араласқан ауасын ұнатпай тыржиып, биiкке шыққанша жанығып бiттi. Тек
жарқабақтың басына шыққанда барып, уһ деп, кеуде кере бiр дем алды. Сосын осы кезде Шатай ұстап
әкеп, алдына көлденендеп тарта берген атына мiнiп, Жанақала қайдасың деп сылқытты да отырды.
Дадабек мұны тықыршып, қутiп отыр екен. Бұл iшке кiрер кiрместен:
— Соншама неге кешiктiңiз? — дедi.
— Қадырдан бек, жол ұзақ. Дайрадан өту де оңай емес, — дедi Елмырза әзiр тұрған сылтауын
көлденең тартып.
— Қайықшы қайда екен? — дедi Дадабек сынай қарап.
— Орнында ғой. Бiрақ мына аттарды өткiзу қиынға соқты. — Елмырза осқырына күлдi. — Өмiрi су
көрмей, тағы боп алған бұл жануарлар да қазақтардың мiнезiндей дағды көрсетедi. Осқырып суға
жоламайды.
Түнерiп тұрған Дадабектiң қату қабағы сонда барып жадырады. Ол шұғыл өзгерiп, жымиып:
— Құрметтi сұлтан, аса тауып айттыңыз, қазақтардың өздерi де жылқы мiнездес ел ғой, — дедi де,
кенет iлгерi қарай жүре бердi. Бұған ешқандай ишара бiлдiрген жоқ. Елмырза iшiнен қатты қорланса
да, күнi осыған түсiп тұрғасын, амалсыздан оның соныңан ердi. Дадабек жүрiп келе жатып, оған
мойнын әнтек бұрып: — Жылқысы түгел, қазақтың өзi де судан өлердей қорықпай ма? — дедi.
— Иә, ондайы бар, — дедi Елмырза әлденеге тамағы кеуiп, даусы қарлыға шығып.
— Ондайы? — Дадабек кiлт тоқтай қап, бұның бетiне зер сала қарады.
Елмырза ыңғайсызданып қалды. Қашаннан төре сүйегiне сiңiп қалған дағды бойынша, өзiн
былайғы жалпақ қара қазақтан алшақтатып ұстайтын дағдысына басып, оларды өзiнен қашықтатып
сөйлейтiн. Жаңа да сол әдетiнiң қалай үстемдiк ап, тiлiн ерiксiз солай қарай ие бергенiн өзi де
байқамай қалған болатын. Бiрақ әккiлiгiне басып, тез арада жөн тауып:
— Иә, ондайы бар, — дедi даусын соза түсiп, аз да болса келесi айтар сөзiн iштен ойланып, өлшеп
алайын деп.
— Сонда... қалай?
— Қадырданды бек, ұлы бабамыз Шыңғыс хан осыншама жердi жаулап алғанда, өзi қазақ болайын
демеген шығар. Арқар ұранды төре қауымы содан берi тiлi мен түрi өзгерсе де, тегiн сақтап келедi ғой.
— Е... солай деңiз, — деп Дадабек жымиып, iлгерi қарай жүрiп кеттi. — Берi жүрiңiз. Айтар гәп
бар.
Олар кең жайға кеп кiрдi. Мiрәлi iште отыр екен. Ол мұны көре сап, қолпылдаған жiбек
шапанының жерге сүйретiлген етегiне сүрiне-қабына орнынан түрегелiп, оң қолын кеудесiне қойып
амандасты. Қара сұр жүзi әдеттен тыс жылмиып, қошқар мұрнының үстiнен қарағанда, өзi бiр түрлi
Дадабекке ұқсап кеттi.
Хиуалық сияқты әдет тапқан кiсiнi көрсе, Елмырзаның ит-жыны тырысатын. Неге екенi белгiсiз,
осы жолы зәрлене жымиып:
— Осы қазақта ассалаумағалайкүмнiң ат қосшысы қос қолы емес пе едi? — деп, оған қарай
борықтай қолын созды.
Мiрәлi сасып қалды. Кәпелiмде не айтарын бiлмей, жаңағы жасанды дағдысынан жұғын да қалмай,
елпектеп, қос қолын қатар үсынып жатып:
— Әлбәттә, әлбәттә. Бiздiкi патшаң соқыр болса, бiр көзiңдi қыса жүр дегендiк қой, — деп сөзiнiң
соңын анық естiртпей, мiңгiрлеп барып бiтiрiп, төменшiктей бердi.
— Қалай, мал-жан аман ба?
— Құдайға шүкiршiлiк.
— Осы сенi жақында жер қайысқан қол бастап барып, ел шауып қайтқан дей ме? Немене, өзiң
батыр аша бастағансың ба?
— Ендi... былай, — дедi Мiрәлi мiңгiрлеп.
— Бiздiң сардар баһадүр болмағанда, кiм баһадүр болады? Күш атасын танымас деген, — деп,
Дадабек жорта күлiп, мына екi қазақтың жаңағы бiр арбасқан тұсынан қызық бiр жәйттi көргендей,
шалма ораған дағарадай басын сәл-пәл шайқап қойды. Сосын қолымен iлгерi жақты нұсқап: —
Қурмәтлу мехманлар, жайғасып отырыңызлар, — дедi.