Стр. 99 - Ulisel1tom

Упрощенная HTML-версия

98
— Осы Насрулланы қара халық қасап дейдi ғой,— дедi Дадабек кенет жымия қарап.
— Иә, сүйдеген бар. Сонда оны жөнге салар тез табылмас па екен!
— Тез дейсiз бе?
— Иә, тез. Әгәр ойланса, оны табу оп-оңай.
— Оңа-а-ай?
— Иә. Әгәр ұлы ханымыз ықыласты болса, Хұдаяр хан мәмiле жүргiзуден кет әрi емес.
— Оны қайдан бiлдiңiз? — дедi бұған Дадабек күдiктене қарап.
— Құрметлi бек,— деп Елмырза күле жалтарып, сұқ саусағымен астындағы жердi түрттi.—
Мүндай сөз жерде жатпайды ғой.
— Қызық екен. — Дадабек ұзақ ойланып қалды.
Елмырза бұл сөзiнiң ертең-ақ Мұхәммәд-Инаққа түп-түгел жететiнiн бiлдi. Кетерде қоштасып
тұрып:
— Қадырданды бек, мына жайда екеуiмiзден басқа бөгде кiсiнiң болмағаны қандай жақсы болды,
— деп, мұртынан күлдi. Оның мұнысы ертеңгi күнi ханның жел жағынан шығаруға тырысса, қуәң жоқ,
сөзiмнен танып кетемiн дегенi едi.
Дадабек оны түсiндi:
— Кiсi жоғы жүдә яхши болды.
— Ендеше қайыр-хош!
Елмырза қамалдан шығысымен еш жерге соқпастан, аулына қарай сызып бердi.
3
Шәки тағы да өзiнiң мына Мiрәлiнiң соңынан салпақ-тап ерiп келе жатқанына ыза болды. Осы
жолы арты дүдәмалдау шаруадан бiр ыңғайын тауып, сұранып қалсам ба деп едi, Ережеп қатты
сазарып, әлi де мұның тiзгiнi өз қолында екенiн қасы мен қабағынан аңғартып, бiр ауыз сөзбен қол-
аяғын байлап-матап тастады. Оның әмiрiне қалай көне салғанына ендi өзi аң-таң. Ашу мен аптығы
басылып, араға бiрнеше күн салып қараса, мырзаның мұның ақыл-еркiн билеп алар бiр сиқыры бар
сияқты. Оңашада өзiн-өзi қаншама қайрап, iштей ұтырлы жауабын әзiрлеп келсе де, сытылып шығар
тұста тұтығып қала бередi. Әлде күшiгiнен талап тастағасын, бұл өзiнiң сырттан болғанын сезбей,
ауыл итiнiң құйрығы қайқы жаман көпегiнен жасқана бере ме? Үйтейiн десе, мұның алдында кесе-
көлденең жатқан бiрнеше терең жар бар. Ережеп — өзiнiң жамағайыны. Ана жылғы ашаршылықта
қатты күйзелген мұның аталарының ауылын Келман дәуiрлеп тұрдан шағында өзi абызына ап, асырап-
абырапты. Ауыл үй арасы қайта табысып, ертеректе бiр атадан тарағанын естерiне алысып, кейiнгi
жылдары мүлдем жақындасып, туысып кеткен. Осы байланысты Шәки қалай үзе алады? Үзгенде қай
руға барып, кiрме боп күнелтедi? Үйтiп кiрме боп, есiк жақта жүргенше, мынадай дүмдi өз
ағайынының қол шоқпары болған әлдеқайда жақсы емес пе? Әлде...
Ол астындағы атын жәйiмен сипай қамшылап, азырақ тебiнiп қойды. Сосын осы жолға ықылассыз
шыққанын есiне алды. Әсiресе, өзi ат белiне қонып, күн-түн қатып, ит арқасы қияннан барымталап
алған малын қайын атасының керi итергенi өңменiне атқан оқтан бетер тидi. Әлге дейiн өзiне-өзi, неге
үйттi, дейдi. Әлде бұл да кедейдiң керiлген бiр қиястығы ма? Болмаса бiреудiң ала жiбiн аттамаймын,
табан ақы маңдай терiммен ғана өз күнiмдi көрем деген кiсiнiң дұрыс талабы ма? Әуелгiде соған өзi
шүбә келтiрген-дi. Кейiннен аздап өзгере бастады. Оған себепшi — Дархан. Ол бүгiн де атына ер
салып жатқан мұның жанына тақап кеп: “Сәндiбек Тоғанақтай ел жақсысының iнiсi емес пе едi?
Соның Хиуа ханына бермеген малын түгендеймiн деп жүрiп, өз әбiрейiңдi кейiн түгендей алмай
жүрмесең не еттi?» — деген-дi. Жайшылықта бұл сөз үшiн Шәкидiң қамшысы тiлiнен бұрын жүгiрер
едi. Дарханнын, бетiне жем боп тимей, майда келгенi оны ерiксiз бөгедi. Ол: “Әй, оны кезiнде көре
жатармыз”, — дей салды. “Кейiн кеш боп жүрмесiн”. — “Ештен кеш жақсы деген”.
Шәки атына мiнiп, Мiрәлi тобына кеп қосылған. Содан берi бiр күн, бiр түн салқа жортып келедi.
Сойыл, найза асынған отыз шақты жiгiттiң түстерi суық. Әсiресе, Сәндiбек Қызылдың қамыс, қопалы,
бытпылдығы көп қалың жықпылына дендей кiрiп, iз адастырып кете берген сайын, бәрiнiң де
зығырданы қайнап, тiстерiн басып-ақ келедi. Осы бетiнде қандай ауыл ұшырасса да, бiр сойқанның
болмай қоюы қиын.
Мiрәлi өте iзшiл едi. Шұбырған қалың көштiң iзiнен Сәндiбектiң өзi баптап мiнер жүйрiк аттың
мөртаңбасын түстеп танып, түскейдi бетке алып, жiгiттердi бастады да отырды. Сол бетiмен олар түс
әлетiнде Арал теңiзiнiң Хиуа, Үргенiш жағына қарай иiле түскен бiр мүйiсiне кеп құлады. Өмiрi
мынадай шалқып жатқан ұлы су көрмеген жiгiттер қарсы алдарынан сонау шетi көкжиекпен астасып
жатқан алып айдын жарқ ете қалғанда, үрпиiсiп, состия түстi. Танауларын балық исi қыдықтады.
Жағада бiр-екi жертөле бар екен. Олар балықшы Жақайымдар боп шықты. Мiрәлi жiгiттердiң тақым
созып алғанын жөн көрдi. Арлаған бетi алдарындағы қамыс күрке, жапырайған жертөлелердi ат
кеудесiмен қағып кетердей боп, азғантай ауыл ортасына кеп тоқтады. Мiрәлi жан-жағына қарап тұрып:
— Мына Жақайымдардың ақсақалы қай йерде тұрады? Кiлең iн сықылды бiрдеме ғой, — деп
дұрыстап тұрып бiр боқтады да, осы кезде қолындағы сырты жо-нылған жиде таяққа сүйенiп, берi келе
жатқан үлкен кiсiге қарай бұрылды.
Жас шамасы алпыстардан асып қалған, сирек сақалды, қушық бас, талтақ аяқ қарт кiсi бұларға
жақын кеп амандасты.
— Жол болсын!
— Әләй болсын, — дедi Мiрәлi дауысын көтере сөйлеп. — Уа, қай ел боласыздар?