Стр. 115 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

— Әзәлдан бiр туған ел едiк. Арғы атамыз бiр дегендей. Бiз соның әруағын тебiренткелi келдiк. Бiрiмiзге атасы басқа
жат жұрт қорлық көрсетiп жатса, екiншiмiздiң мойнымызды iшке тартқанымыз жөн бе? Бұ да елдiк пе? Оны қойғанда...
— Ол былай, — деп Тоғанақ оның сөзiн бөлдi. — Соғысу қайда қашар дейсiң? Алдымен ағайынның ау-жайын
байқап көрейiк.
Ақсақал сол жерде бiр-ақ кестi:
— Болсын.
Ертесiне бiр топ кiсi Жабы батырдың iшкерiлеп барып тiгiлген ордасын бетке алып жүрiп кеттi. Қастарында —
Тоғанақ батыр. Тоғанақ бұ жолы өзiн байқатпас үшiн жәй қойшының киiмiн киiп алған едi. Және де қауiпсiздiк жағын
ойлап, бiрнеше қарулы деген жiгiттi ертiп алған-ды. Олар араға бiр қонып ертесiне түс ауа Жабы батырдың аулына
келдi. Ауыл сыртына жете бере ат басын iркiп, хабарлас қылды. Отаудан бiр қызметшi жiгiт шығып, бұлардың мән-
жайына қанды да, қайта қеттi. Ол iште ұза-а-ақ кiдiрдi. Аздан соң барып қайтып келдi:
— Батыр айтар аризасын осы жерде айтсын дедi.
Топ басшысы болып келген қазанбас көсе кiсi сәл сасып қалды:
— Ау, оның мынау... бұ не дегенi? Өзi... мұндай да бола ма екен? — Ол жан-жағына жапақ-жапақ қарады.
Қызметшi жiгiт мысқылдай күлдi:
— Болғанда қандай!
— Сонда...
— Күш атасын танымас деген.
Сол арада Тоғанақ атын тебiнiп қап, iлгерi қарай омыраулап шыға бердi:
— Әй, күш атасын танымас деген ырас. Бiрақ аталы сөзге қара күш те бас иетiн едi ғой. Бiз ағайыншылық жолымен
келiп тұрмыз. Онан кетiсетiн болсақ, онда тұрысатын жерiн айтсын. Болмаса, райынан қайтсын!
Бұлардың мiнезiне қанық қызметшi жiгiт мұндай болады деп ойламаған едi. Ол шекесiн қасып тұрып:
— Оны... батырға айтып көрейiн, — дедi.
Ол қайта кеттi. Iзiнше тез қайтып келдi:
— Батыр қолдарынан екi келсе, бiрiн қылсын дедi. Бастарың аман тұрғанда, қайтыңцар!
— Әй, кәззәп, не дейсiң, а?! — деп Тоғанақ ат үстiнен иiлiп барды да, қызметшi жiгiттiң жағасына жармасты. Бiр
қолымен оны жерден тiк көтерiп алып, ердiң қасынан асыра ұстап тұрды. Қарулы қол қылғындырған қызметшi бiрдеңе
деп бажылдап, көзi аларып, дем арасында талақтай боп iсе бастады. Тоғанақ сәл кiдiрiп: — Сен де бiр, малай да бiр!
Сенiң қаныңды мойныма жұктеп нағылайын? Ана батырсымағыңа айта бар, ертең Жабыны жабы қылып ерттеп мiнем!
— деп, оны былай лақтырып жiбердi. Қызметшi анадай жерге барып топ ете түстi. Шаң бұрқ ете қалды.
Тоғанақ атының басын бұрып ап, тебiнiп қалды. Ұзындағы есiк пен төрдей арғымақ ала жөнелдi. Кiсiлер Жабы
батыр арттарынан қуғыншы шығара ма деп корқып, әлден-ақ жалтақ-жалтақ қарап келедi. Сол кәуiптерi шындыққа
соқты. Бұлар көп ұзамай-ақ арттарынан салдыртып келе жатқан бiр аттылыны көрдi. Үстiндегi бөз көйлегi алыстан
ағараңдап көрiнедi. Қолындағы ұзын сапты шашақты найзасы қылт-қылт етедi. Кiсiлердiң зәре-құты қалмады:
— Мынау келе жатқан Жабы!
— Дәп соның өзi!
— Иә, әруақ, өзiң қолдай гөр! — деген дауыстары жамыраса шықты.
Тоғанақ арт жағына қарап едi, олардың айтқандары рас екен. Дәу кiсi асығыс шыққан сықылды, үстiне сауытын да
киiп үлгермептi. Өзiне-өзi сенетiнi бiрден-ақ байқалады. Тоғанақ кiсiлердi алға қарай оздырып жiберiп, өзi кейiндеп қала
бердi. Жабы батыр жақындай бергенде, ол атының басын керi бұрып ап, найзасын оңтайлай ұстап, көлденеңдеп шапты:
— Әй, Жабы, жаусың ба, доссың ба? Ашығын айт!
Ол бұны көзiне де iлместен жанынан заулап өте шықты. Алға қарай кетiп бара жатқан кiсiлердiң соңынан
салды. Тоғанақ та оның соңынан салды. Жете бере найзасының ұшымен аттың ерiн әрi қарай аудармақ болды. Жабы тез
атының тiзгiнiн тартып, керi бұрылды. Ол қазанбас, ала көз, жалпақ бет қара кiсi екен. Саусақтары быртық-быртық.
Бiлегi атан түйенiң бирағындай жұп-жуан. Бұл оны ер үстiнен еударып түсiрем деп едi, — шамасы жетпедi. Оның аты
түспегiр де ойнақшып, бiр орнында тұра қоймады. Жабы мұның осы халiн мысқылдағандай:
— Немене? — дедi.
— Жаусың ба, доссың ба дейiм. — Мұның даусы барлыға шықты.
— Ә, солай ма?
— Солай!
— Мә, ендеше!
Ол қапылыста найзасын салып қалмақ болды. Бұл оның найзасын қалқанымен керi қағып жiбердi. Қатты ұрылған
найза тайып барып, шаң-шаң жерге кiрiп кеттi. Сол арада Тоғанақ шалт қимылмен найзасын көтерiп ап, оның
бұлтарғанына болмады. Тоғанақ жауының қақпанға түскенiн бiлiп, ендi оның айласына көнбеуге тырысты. Қатты
итерiп, оны ат үстiнен сыпырып түсiре бердi. Жабы батыр жерге дүрс ете қалғанда, бұл оны найзамен жерге жапсыра
басып тұрып:
— Сауытсыз шыққан батырды өлтiру әдетiмде жоқ едi. Ертең қайтып келем. Ажалымыз жеткен бiреуiмiз өлемiз.
Қатын, бала-шағаңмен қоштасып кел! — дедi де, найзасын керi тартып ап, өз кiсiлерiнiң соңынан сызып бердi.
Жабы батыр қап-қара боп, орнынан атып түрегелдi. Бұған естiрте бiр боқтады.
Тоғанақ ұзап барып артына қараса, Жабы батыр атына мiнiп, керi қайтып бара жатыр екен. Бұл өз кiсiлерiн шаққа
дегенде қуып жеттi. Олардың имандары қалмапты:
— Қарағым, амансың ба?
— Ана дәу бiр жерiңдi майып қылған жоқ па?
— Ол пәледен аман-есен құтылғаныңды айтсайшы!
Тоғанақ қолын бiр сiлтедi:
— Ертең шайқасамыз. Аман-саулықты содан кейiн сұраңдар.
Сол түнi жер-жерге суыт хабар жiберiлдi. Түн iшiнде алыс-жақын жердегi Шөмекей ауылдарынан қайратты жiгiттер
топ-топ боп келе бастады. Аз уақыт iшiнде мыңға жуық кiсi Сырдың батыс сағасын бетке алып жүрiп кеттi. Олар
Жабының ауылдарының шетiне жете бере қос тiгiп, қарауыл қойып, дамыл қылды. Тоғанақ аз-маз мызғып алды. Бiрде