Тортай дұрысталып отырып, жөткiрiнiп қойды:
— Ендi ояғын... кесiп-пiшiп айта қою қиын. Петерборда болған кезiмде естiгенiм, аздап сол қисынға саяды.
Бiрақ ұлы ағзамның ойында не барьш бiр құдай бiлсiн.
— Сонда да... — Тоғанақ оған сынай қарады.
— Шама шамадан артық емес деген. Сыңайын өздерiңiз де байқап отырған шығарсыздар. — Тортай артық аяқ
салмады.
Сол арада Тайпан қыстырылды:
— Менiң шамамша, ақ патша осы Сыр бойына жақын арада келмек-ау! Әйтпесе ана Қармақшыға қамал салып не
жыны бар?
— Бәсе дешi-ау!
— Кертiп ала беру ғой бұл!
— Көкейiн тесiп тұрған бiр нәсте бар сықылды, — десiп, бiрнеше кiсi қабаттаса сөйледi.
Ережеп қабағын шытты:
— Әй, оның бiзге не келiп кетерi бар? Күштi кiсi алып та жығады, шалып та жығады деген. Одан да Хиуаның
қысымынан құтылғанымызға шүкiршiлiк десеңдершi!
— О да рас!
— Шынында да өзi...
Тоғанақ тостағанынан қымызды бiр ұрттап қойып:
— Тортайжан, мына халық мән-жайды бiлсем дейдi. Бұ йерде сыр шашатын iжкiм жоқ, — деп аз кiдiрдi. — Менiң
қайран қалатыным, Қайып хан Арқадан Сырға неге ауды осы, а?
Тортай екi иығын қиқаң еткiздi:
— Ояқта жағдайы онша болмады. Ақмола бекiнiсiн бiрнеше рет шауып, ала алмады. Сосын... осы йаққа...
— Сендер онымен бәтуға келiсейiк депсiңдер ғой.
— Ол рас. Бiрақ Қайып хан ұзын арқан, кең тұсауға салып жiбердi. Сөзiнiң тоқ етерi жоқ.
— Сонда өзi...
— Бәрi бiр оның ақ патшаға әлi келмейдi. Қару-жарағы нашар. Сыр елi де оны онша қоштап отқан жоқ қой, — деп
Тортай сыр тартқысы келгендей жұртқа жағалай қарады.
— Ол сөзiңнiң жаны бар.
— Ау, оны Хиуаның ханымен жақсы деушi едi ғой?
— Жақсы болғанда, қай бiр ет-бауыры жабысып қалды дейсiң. Онымен айқұшақ қауышып жүрген Жәнiбек те отыр
ғой арамызда, — деп Ережеп бiр қағытып өттi.
Жәнiбек қап-қара боп кеттi. Тамағын кенеп:
— Сардарлық Келман баласынан маған бұрын тиген емес. Әуелi ауыз жаласқан өзiң емессiң бе? Ендi бiресе былай
шығып, бiресе олай шығып, опа бермей жүргенiңдi кiмге өнеге қылмақсың? — дедi.
Тоғанақ бiрден қатты дауыстап:
— Әй, қойыңдар! Менiң отбасым ерегiстiң ошағы емес. Өкпелерiң болса, басқа жерде айтарсыңдар, — деп екеуiн
тиып тастады. Сосын Тортайға қарады: — Сенен бiр сұрағым, — Уәйiс-Нияз болса, қолға түстi. Ендi соны нағыламыз?
Тортай асықпай жауап бердi:
— Оны нағылғанда... Әуелi Захваткинмен келiсу керек. Ол өзi... бiзге өте қажет кiсi. Әскери құпияны бiледi
дегендей...
— Ел-жұрт оны ертең дарға ассақ дейдi. Үйткенi мына отқан кiсiлердiң туыстарының мойнына қанын жүктеген сол!
Оған ел көне қояр ма екен?
— Оны... жазалау iжқайда қашпас. Әуелi ақ патшаның кiсiсiмен келiсiп алайық.
— О да жөн шығар. Ендеше күзеттi күшейту керек. Қашып кетiп жүрмесiн, — дедi Тоғанақ есiк жақтағы қызметшi
жiгiтке иек қағып.
Ол сыртқа ата жөнелдi.
Аздан кейiн буы бұрқыраған ет келдi. Қонақтарға үш табақ тартылды. Бас табаққа Тоғанақтың өзi қосылды. Олар
жандарынан пышақтарын алып, суға шылап, былқып пiскен еттi асықпай ұзақ отырып жедi. Содан соң қара сорпа iштi.
Тамақ соңында Тоғанақ жас жiгiттерге жағалай ет асатып шықты. Қалғанын сарқыт деп, көршi шатпадағы жiгiттерге
берiп жiбердi.
Түннiң бiр ортасы боп, тойған қарындарын ауырлаған кiсiлер ендi аяқ созып отырды. Әркiм өз ойымен болып
кеткен.
* * *
Тортай анада Қокан әскерiнен қалай құтылып кеткенiн ойлап қойды. Ендi Хиуа туралы жаңа ақпарды ертең Уәйiс-
Нияздың өзiнен сұрап алмақ. Оның, әрине, жауап бермей қоюы мүмкiн. Оны сөйлетем деп мына қазақтардың көзiнше
дүрелеп жатқаны мұның төре сүйегiне лайқат емес. Сондықтан да оны қалайда Райым бекiнiсiне жеткiзу керек. Онда
барғаннан кейiн Захваткин Уәйiс-Нияз бектiң қабырғасынан қайыс алады. Сосын ол сөйлемей көрсiн! Содан мән-жайға
қанғасын барып, бұл iшкi жаққа қайтадан керуен тартпақшы. Осы жолы құдай оңдап, сапары сәттi бола қойса, ақ
патшаның көзiне мықтап бiр түспек. Содан кейiн не болып, не қоятынын көре жатады. Ол қозғалақтап қойды.
* * *
Жәнiбек Тортайдың бiр бозарып, бiр сазарып отырған түрiне таңдана қарады. Iшiнен бұл тегiн емес деп түйдi.
Жаңағы айтқан сөзiн iштей таразыға сала келе, оның бұлардан сыр сақтап отырған сылайын анық байқағандай болды.
Шамасы, ақ патшаның ниетiн бұларға ашық айтқысы жоқ. Не оны өзi де айқын бiлмейдi. Бiрақ отырысы сенiмдi. Анада
оны Қоқан жақта көргенде мынадай шiренген қалпын байқамап едi. Қайта онда бұлардың көзiне түспеуге тырысып
баққан-ды. Кейiннен оны сол жаққа жансыз болып барыпты деп естiгенде, бұл еш таңғалмаған. Ендi кәзiрде де оның сәт
сайын құбылып отырған жүзiне қарап, iшiнен: “Мынау жансыз емес пе?” — деп қойды. Сосын Тоғанақтың жайын