Стр. 122 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

— Расында да...
— Жаңағы төре сiзге бiр түрлi боп... қарайды.
— Қараса, қарай берсiн. Ақтығыма бiр Алла куә!
— Оған кiмнiң шәгi бар. Бiрақ... — Ол мүдiрдi.
— Не бiрақ? — Жәнiбек оған бұрылып қарады.
— Жаңағы төренiң сөз iләмi маған ұнап тұрған жоқ. Жаман айтпай, жақсы жоқ деген. Сақ болған дұрыс-ау
дейiм.
— Оныңның жаны бар.
— Мен жiгiттерге айтып қояйын. Не нәстеге де тайын болғанның зияны жоқ.
— Оңың рас.
Олар өз шатпаларына келгеннен кейiн, өзiне жақын деген жiгiттердi жиып ап, сақтық жағын баса айтты. Сосын
тұсаулы аттардың жанына қарулы жiгiттердi күзетшi ғып қойдырып, оларға, онша алыс кетпей, шатыр жанына жақын
жерде жүрiңдер, деп қатты тапсырды.
Қосын арасында қолайсыз бiр жағдай туды.
* * *
Түс әлетiнде қолбасылар Тоғанақтың үйiнде тегiс бас қосты. Бұ жолғы әңгiменiң түрi-түсi бөлектеу болды. Тоғанақ
ендi мәжiлiстi өзi басқарып отырды. Ол бүгiнгi болған жай жөнiнде айта келiп:
— Ау, ағайын, — дедi жұртқа қарап, — Уәйiс-Нияз әзәлден терiс азу тұқым едi. Кекшiл болатын. Оның мына кетiсi
маған ұнап тұрған жоқ. Ертең оның артына ауыр қол ертiп қайта келмесiне кiм кепiл? Нағыз қырғын сонда болады.
Сонда дейiм, жау жете қалса, бәрiмiз бiр кiсiдей жұмылып, қарсы тұра аламыз ба? Әлде... қара басымызды қайттап, ыри-
тыри боп кетемiз бе? Мiне, осыны анықтап алғам кеп тұр.
Жұрт қозғалақтасып қалысты. Бiрақ ешкiм батып ештеме айта қоймады.
— Менiң айтқан сөзiм түсінектi ме? — дедi Тоғанақ олардың мына түрiн ұнатпай.
Қолбасылар тағы да үндей қоймады. Бiр-екi кiсi күңк-күңк еттi:
— Әй, ол қайдан әскер әкеле қойсын?
— Қайта шыбын жаным аман қалды ма деп, алды-артына қарамай зытып бара жатқан шығар?
— Мұхәммәд-Инақ оны неге қашып келдiң деп дарға асатын шығар?
Сол арада Ережеп тамағын кенедi:
— Қалай дегенмен де‚ Төкеңнiң айтып отқаны туры. Жау жоқ деме, жар астында деген. Сондықтан да... менiң
ойымша...
— Иә, қарағым, айта бер.
— Мына сөзiң құлаққа қонады.
— Қонса, былай... — Ережеп сабырын шашпады. —Менiң пәмлеуiмше, бiз осыдан тарқасақ, бiразға дейiн бас қоса
алмаймыз. Жау со кезде шапса, кешегiнiң кебiн киемiз. Соның алдын алу үшiн... өзi ыңғайсыз да былай...
— Өй, айта бер, оның не ыңғайсыз-пыңғайсызы бар?
— Ұнамаса, осы йерде қалады ғой, — дестi бiрнеше кiсi қосарлана сөйлеп.
— Менiң қара ақылымша, осы арада орыс ұлығының көмегiн сұрағанымыз тура. Олар келiп бiзге қалқан бола
тұрады. Әрi Хиуа ханы ақ патшаның әскерiне батып тиiсе алмайды. Ал бiз түгелiмен Қыр жаққа көшiп аламыз...
— Мынау бiр оңды ақыл екен!
— Ақ патшаны алға тұтқанымыз да бiр есептен дұрыс-ау!
— Ояғын... сонда кiм келiстiредi? — дедi бiр теке сақал.
— Ау, оны мына Тортайжан тастай қылмай ма? — дедi. Ережеп күлiп, шаруаның негiзгi салмағын өзге кiсiге
аударып шыға келдi.
— Расында да сол бар екен-ау!
— Кәне, қарағым, сен не дейсiң?
— Сөйлесiп көрейiн, — дедi Тортай бұтқа тола сөйлеп. — Әрине, патша әскерiнiң бес қаруы сай. Оны Хиуа қолы
жеңе алмайды.
— Е, жақсы болды ғой. Ендеше оған кiсi жiберейiк.
— Ортамыздан бiреудi бөлейiк.
— Барып солай да солай деп айтсын, — деп жұрт жапырласып қалды.
Тортай салмақтана түсiп:
— Егер сiздер солай деп ұйғарсаңыздар, кiсi жағын мен мойныма алайын, — дедi.
Сол арада Тоғанақ әтеберлi кiсiлердiң жалпылдай қалғанын жақтырмай:
— Онда... бар шаруа бiттi ғой, — дедi. — Ал ендi не iстеймiз? Ол кiсiнiң барып келгенiн осы йерде күтемiз бе? Жоқ
әлде елдi-елiмiзге тарап, шабар ұстаймыз ба?
Жұрт қобырласып қалды:
— Айдалада қосын боп жатып нағыламыз?
— Шабар дұрыс қой.
— Хабарды сол арқылы-ақ естiмеймiз бе?
— Онда келiстiк. Бүгiн түс ауа бәрiңiз де елдi-елдерiңiзге қайтасыздар. Бiрақ әскердi таратпаңыздар. Хабар өзiмiзден
болады, — деп Тоғанақ жиынды таратып та жiбердi.
* * *
Тоғанақ оңаша қалғасын, үй жайын ойлады. Содан кейiн есiне әнеу күнi Елмырзаның келiп кеткенi түстi. Ол сөзiнiң
бiр келе жағында Қайып ханның мұнымен сүйек шатыс болғысы келетiнiн аңғартып өткен. Шамалауынша, мұның бiр