Стр. 124 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

30
Тортай аз әскермен Захваткиндi күтiп алды. Ол қамал басшысының өзi келе қалады деп ойламаған да едi, бұдан
хабар жеткен бойда-ақ Захваткин кiсiлердi аяғынан тiк тұрғызып, көлiктi тез даярлатып, берi қарай жолға шығыпты.
Жеткен бойда ол мұның қолын алып тұрып:
— IIатша ағзамға көрсеткен еңбегiңiз үшiн көп рахмет! — дедi. — Басурмандарды ендi қайтып аяқ баспайтындай
етiпсiз.
— Ендi, — дедi Тортай iркiлiп.
— Перонский осы арамен жүрген, а?! — дедi ол құба далаға қарап тұрып. Үйренген дағдысымен қолы қайтадан
едiрейген мұртына барып та қалды. — Ендi сол кәтелiктi жөндеуiмiз керек. — Ол бұған бұрылып қарады. — Айтпақшы,
осы ара Казалинскiге дейiн қашық па?
— Жоқ онша қашық емес, — дедi Тортай оның арғы ойын түсiнбей.
— Ендеше кеттiк!
Ол ендi бұған қайырылмай, бұйрық бере бастады. Әскерлердi сапқа тiзiп, жорық дабылын қақтырды да, үш қатар
боп, Қазалыға қарай тартып кеттi. Жолшыбай ол азғантай қолдың бiресе алдына, бiресе артына шығып, дамыл таппады.
Бұған кiсi екен деп қарамады да. Мұрты едiрейiп, осы арада негiзгi бастық өзi екенiн көрсеткiсi келгендей, шiкiрейiп
бiттi. Бұл оның жынына тиiп болды. Өз өзiнен қоңырайып, әлденеге назалана бердi. Бiр сәт Тортай әзiнiң дәл осы арада
тек қана қолжаулық болып жүргенiн аңғарғандай болды. Сонда қалай, деп ұзақ толғанып қалды. Ат үстiнде селсоқ келе
жатып, арғы-бергiге көз жүгiртiп байқады. Өз қызметiнiң құнын жаңа аңғарғандай сықылданды. Сол екен, бiр түрлi
болды.
Күн түске тармаса Сыр бойының дағдылы ыстығы басталатындай сыңай байқалды. Бұл кез көктем айының соңы
болғандықтан ба, ұлы шiлденiң лебi әлден-ақ сезiле бастағандай екен. Көккiмбек даланың әр жер-әр жерiнде, әсiресе,
күн көзi туралап түсетiн алаңқыттардағы шөп әлден-ақ сарғая бастапты. Жол бойында қызғалдақтар қаптап өскен екен,
алыстан тұтаса, қып-қызыл боп көрiнедi. Кей жерлерде құртқа шаштың көкшiл гүлi алқапты тегiс алып жатыр. Ауадан
гүлдiң, боз жусанның әдемi исi шығады. Тортай соны құмарлана жұтып мына далаға қарап келе жатып, жаңа ғана тық
ете қалған өз ренiшiн ұмытып та кеткен едi.
Қол ұзақ жүрдi. Арада бiр рет демалыс жасап, зауал ауа қайтадан жолға шықты. Олар артынып-тартынып,
Қазалының кезiне шыққанда, күн батып та қалған едi. Захваткин атының тiзгiнiн тартып, биiк төбе басынан ойда жатқан
Қазалы кезiне дүрбiмен көз салып тұрып:
— Да, — дедi әлденеге белгiсiз. — Да! Анау Сыр-Дарья ғой! Значит, орналасатын жер...
Тортай да iлгерi көз тастады. Ұлы дарияға жақындай берер тұста қалың Қаракесек руының жертөлелерi жыпырлап
көрiндi. Шеттерiнен жатақ олар аяқ артар көлiгi болмағасын, Қырға көшпей, негiзiнен, дария табанына тары салып,
қауын-қарбыз егiп күнелтетiн. Олар да бүларды байқаса керек, бiр-екi кiсi көздерiн күннен көлегейлеп, берi қарап тұр.
Тортай оларды шошытпағанды жөн көрдi. Захваткинге жақын кеп:
— Ваше превосходительство, — дедi. — Күн болса батуға таяу. Әскердi демалдырған дұрыс шығар.
— Мен де солай ойлап тұрмын. — Ол бұған көзiн қыса қарады. Өткiр көк көзi тұздай екен, өңменiн тесiп барады. —
Сонда не iстесек екен? Әлде ана... киргиздарға барып...
Тортай қолын әнтек көтерiп қалды:
— Онда барып не iстеймiз? Олар жатақтар. Менiңше, жергiлiктi жұртты шошытпаған жөн.
— Бұ да дұрыс. Әзiрге осы араға түнейiк.
Захваткин тез бұйрық бердi. Әскерлер жолға дайындаған шатырларын айналдыра тiге бастады. Биiк төбенiң басына
үш жақтан қарауыл қойылды. Аздан соң әскерлер әр жер-әр жерде лаулатып от жақты. Түнге қарай салқындаған жел
терiскейге қарай ойысып, маңдай аудармастан, аңкылдап соқты да тұрды. Жалпылдақ отынның жалыны лап-лап етiп,
айнала қорщап отырған әскерлердiң жүзiн қараңғыда сұстандыра көрсетедi екен. Тортай тамағын iшiп болғасьш, өз
төсегiне кеп жатып қалды.
Алғашқыда көзi кiлгiрiп кете берген ол тез қор ете түсемiн ғой деп ойлап едi, сәлден соң басына бiр ой шауып, оған
қарсы екiншi ой дәлел айтып, өз өзiнен күбiрлеп жатқанын аңдады, Дем арасында бағанағы ұйқының қайда қашып
кеткенiн бiлмедi. Ол бүгiнгi жайды ойлады. Неге, дедi өзiне өзi күбiрлеп. Сонда мұның етiп жүрген қызметi кiм үшiн, не
үшiн? Өзi ойынша қараңғы халықты Европа бiлiмiне сусындату керек дейдi. Оған баратын төте жол — Ресей арқылы
жол табу. Кәзiр Россия iлiмi өркен жая бастады. Соған қаныққан кiсi басқа жұрттың да iлiмiне жол таба алады. Бiрақ,
дедi басқа бiр ой, осы далаға аяқ салғаннан кейiн ақ патшаның бұхара елге бiлiм беретiнiне сенесiң бе? Бәрi мүлдем
басқаша болып жүрсе кәйтесiң? Әдет-ғұрпың, тiлiң, дiнiң өзгерiп кетсе ше? Оған мынау ел көне ме? Әлде мұның iстеп
жүргенiнiң бәрi әурешiлiк пе? Осындай ой қинаған Тортай таңға дейiн көз шырымын алмады. Тек таң қараңғылығы
орнаған кезде барып, әбден қажып, қалғып кетiптi. Бiр кезде барып оянып қараса, әскерлер орындарынан тұрып азанғы
тамақтарын iшiп ап, сапқа тұра бастаған екен.
Тортай тез-тез жуынды. Тамағын тез iштi. Әскер барабанын дүңкiлдетiп, жорыққа шыққанда бiр қапталда келе
жатты. Қол Захваткиннiң бұйрығы бойынша “Боже, царя храниды” шулай айтып келедi. Жуан еркек дауыстары
қосылып сала бергенде, тиыш жатқан дала шуылдап кеткендей болады. Алда қылт-қылт етiп бара жатқан барлаушы
шолғыншылар көрiнедi. Әне, олар берi қарай салды. Бiр казак Захваткинге жете бере:
— Алда дария бар. Жағада жертөлелер көп, — дедi асыға сөйлеп.
— Кiсi-қара бар ма?
— Бала-шаға көрiнедi. Қалған ересек жұрт егiн жақта жүр.
Тортай әскердiң лажы болса осы арада тоқтай тұрғанын қалап:
— Ваше превосходительство, азырақ сабыр етсек кәйтедi, — дедi.
— Сонда... қалай? — дедi ол бұған одырая қарап.
— Жергiлiктi жұртты шошытпайық дейiм.
— Оны... көремiз.