Стр. 125 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

Захваткин атын тебiнiп қалды. Қасына адъютанты мен шолғыншы казакты ертiп, iлгерi барып қайтты. Оның жер
ыңғайын байқап жүргенi сезiледi. Ол бiр арада ұзақ айналды. Ол жер дариядан сәл-пәл қашықтау, жидесi, қарағашы
қалың өскен тұс едi. Оның бергi жағында жазық алаңқай бар. Захваткин сол арада ұзақ кiдiрдi. Сосын ол берi қарай
салды. Жеткен бойда, өз таңдауын айтты. Қалай қарайсыз дегендей бұған қарады:
— Сол ара қолайлы емес пе?
— Өзiңiз бiлiңiз, — дедi бұл қитығып.
Шынында, әскер орналасатын жер қолайлы екен. Өкпе тұста дария бар. Әрi жерi құмақтау. Келе әскер iске кiрiсiп
кеттi. Сықырлаған арбаларға тиелген тақтайларды алып, жұмысшы әскерлер әр жерге қада қаға бастады. Анадай тұста
қарауыл қарайтын биiк мұнара соғылып жатыр. Әп-сәтте тиыш тұрған жерде тiршiлiк нышаны сезiлдi де қалды.
Болашақ бекiнiс болатын жердiң үш жағына зеңбiрек қойылды. Мылтық атуға қолайлы жерлер таңдалынып алынды.
Сосын Захваткин бұған жөнiн айтпастан, үш казакты кейш, Райымға қарай шапқызды. Тортай қап-қара боп кеттi. Осы
арада өзiнiң билiкке араласа алмайтынына көзi жеткендей болды.
Олар бiр жұма бойы бекiнiс салды. Әп-сәтте жертөлелер салынып қалды. Қабырғасы ат жал келетiн құм диуал да
көтерiлiп жатты. Келесi апта дегенде Райымның қалған әскер келдi. Келе барлығы да жертөле қазуға кiрiсiп кеттi.
* * *
Бұлардың қауырт тiрлiгi ойда жатқан Қаракесектердiң назарын аудармай қоймады. Алғашқыда үрiккен олар алыстан
қарағаны болмаса, жакын батып келе алмады. Бүгiн ғана бұларға бiр-екi кiсi келдi. Орталарында бiр ақсақалы бар. Олар
қамалға жақын кеп тоқтады. Тортай оларға қарсы шықты:
— Ақсақал, жәй келдiңiздер ме?
Шал көзiн қыса түсiп:
— Қайдан жәй болсын? Бұ нағып жүрген әскер? Мұнда неге келдiңдер? — дедi.
— Бұл ақ патшаның әскерi, — дедi Тортай жылы сөйлеуге тырысып.
— Ақ патшаңа бұ йер неге керек боп қалды? Бiз бiр жатақ Қаракесектер ек. Жерiмiзге...
— Сiздерге ешкiм де тиiспейдi, — дедi Тортай оның сөзiн бөлiп.
— Немене ақ патшамен солай келiсiп келдiң бе? Айтпақшы өзiң қай жақсы боласың? — дедi шал мұның тырысқан
әскери киiмiне сықақтай қарағанын жасыра алмай.
Тортай жөнiн айтты.
— Е, дегендей екен, — дедi шал басын изеп. — Сонда... бұ йерде ақ патша не iстемек?
Тортай ыңғайсызданып қалды.
— Ақсақал, — дедi ол ақырын, — оны патшаның өзi бiледi.
— Әлде уақытша келдiңдер ме?
— Жоға.
— Е, солай де, — дедi де шал керi бұрыла бердi.
* * *
Тортай Захваткинге болған жайды түгел айтып бердi. Ол сазарған қалпын бұзбастан:
— Мынау барлау ғой, — дедi.
— Барлап нағылсын, — дедi Тортай ақырын. — Жәй бiлгiсi келген болар.
Захваткин орнынан тұрып кетiп, әрлi-берлi жүре бастады! Оның мұнысы әр берiден соң Тортайдың жынына тидi.
Захваткин болса, саусағын жиi-жиi сытырлатып, буындарын күтiрлетiп, жүрiп алды. Әлден уақыт соң ол берi бұрылып:
— Да, — дедi. — Да! Олардың бiзге жақын тұрғаны қолайсыз. Арасына жау жағынан кiсiлердiң енiп кетуi мүмкiн.
Сосын... — Ол берi қарады, — олар егiн егедi, а? Бiзге астық керек...
— Иә, — дедi Тортай түкке түсiнбей.
— Демек, оларды... көшiру керек.
Тортай шошып кеттi:
— Бұл, бұл... қиянат қой. Ертең халық бiзден жырылып шыға келедi.
— Шыға берсiн. Пожалуйста! — Ол қолын сiлтедi. — Қару-жарағы жоқ бұратана халық бiзге не iстей алады?
— Ваше превосходительство, сiздiң мұныңызды кәте пiкiр демеске лажым жоқ, — дедi Тортай даусын қатайтып. —
Олай етуге болмайды.
— Поручик, — дедi ол тiктелiп, — ненiң болатынын-болмайтынын мен сiзден гөрi жақсы бiлетiн шығармын. Мен
бұл жерде Ресей империясының саясатын жүргiзушiмiн. Сiз өз орныңызды бiлiңiз!
Тортай қызарақтап қалды.
Ертеңiне Захваткин бәрi егiндi көрiп қайтты. Жатақ Қаракесектермен сөйлескен де жоқ. Қайтып келгесiн Захваткин
ертеңнен бастап Қаракесектердiң жерiн өз қарамағына алатынын бiлдiрдi. Тортай қарсылық айтты. Бiрақ оны тыңдаған
ешкiм болмады.
* * *
Сосын Захваткин үш зеңбiректен айдалаға дүркiн-дүркiн доп атқызды. Оны көрген жатақ Қаракесектердiң зәре-
иманы қалмады. Iлезде ойбай-ұйқай басталды да кеттi. Жылаған бала, бажылдаған қатын-қалаштың дауыстары
айдаланы жаңғырықтырды. Оған қарамаған Захваткин әскердi қаптатып жiберiп, келе жатақтардың дүние-мүлкiн
үйлерiнен сыртқа қарай лақтыра бастады. Қарсылық көрсеткен бiр-екi жiгiттi аспанға мылтық атып шошытты. Сосын
барлық жұртты бiр араға иiрiп, өзi алға шығып: