Стр. 128 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

— Ендi не iстеймiз? — дедi Жәнiбек оның жүзiне қадала қарап.
— Аңысын аңдайық.
— Аңдағанда...
— Бара көрермiз.
Жәнiбек жүзбасыларды шақырып ап, жаңа ханмен болған әңгiменi айтып шықты. Өз күдiгiн де айтты. Бiр-екеуi күңк
ете қалды:
— Олар нан жеместi тапқан екен.
— Өздерi тасада қалмақ қой.
— Ендеше... жөнiмiздi тапсақ кәйтедi?
Жәнiбек қабағын шытты:
— Үйтуге болмайды. Тек айтарым — аса сақ болыңдар. Қызып кетпеңдер. Жағдай қиындап бара жатса, хабар
өзiмнен болады. Әзiрге жiгiттерге iждеме демеңдер. Жақсылап тынықсын. Айнала күзет қойыңдар.
Жәнiбек түн ортасына таман демалып жатқан қолды өзi аралап шықты. Күзетшiлердi тексердi. Сосын өз шатырына
кеп төсегiне қисайды. Есiне қайта-қайта Ережептiң келмегенi түсе бердi. Неге, деп ойланып қалды. Кеше ғана Уәйiс-
Ниязды арандатқан сол едi. Ендi ақ патшаға қарсы қол құралып жатқанда ол өлдi келсiн бе? Қайта бұлар жайлы хабар
берiп жүрмесiн? О да мүмкiн-ау! Сүйтiп жатып, есiне Аққербез түстi. Қалыңдығын түсiретiн кез созылып кеттi. Ол
iштей осы ұрыстан аман-есен шықса, әкесiн құдасына жұмсауға бекiндi. Мынадай алмағайып заманда бап талғап
жатудың ерсi екенiн айтқысы келдi. Сүйтiп жатып қалғып кеттi.
Ертесiне Шөмекей тайпасының үш мыңнан астам қалың қолы үш жарылып, ортадағы төбе басын қоршап тұрды.
Басшылардың құрған мәжiлiсiнен кейiн олар Қазалыны бетке ұстап тартып кеттi. Қаракесек Ақтан батырдың қолы
Басықара түбiнде бұларға кеп қосылды. Сол арада бiр түнеп, ертесiне сыңсыған қол жалпақ даланың ала шаңын
ұшырып, Қазалы бекiнiсiн доғаша иiлiп, қоршай кеп ат басын iрiктi. Жәнiбектiң қолы шығыс жақтағы жазық далаға кеп
орналасты. Оң жақта — Тоғанақтың қолы. Ақтан батыр Қазалының терiскей жағына қарай кеттi. Қайып ханның қолы
Тоғанақ батырмен жапсарлас орналасты. Олар кiшкене зеңбiректiң тұмсығын қамалға туралап дайындап жатты.
Жәнiбек жүзбасыларын қайта шақырып ап, соңғы тапсырмасын айтты. Күзет жағын күшейттi. Өзi қолын түнiмен
аралап шықты. Сүйтiп жүргенiнде шығыс жақ құланиектенiп сала бердi.
Ер басына тағы да бiр нәубеттiң жеткенiн аңғартқандай таң сазарып атып келедi...
32
Күн арқан бойы көтерiле дабыл қағылды. Қайып ханның кiшкене зеңбiрегi гүрс ете түстi. Доп ысқыра ұшып барып,
диуалы жал-жал бол үйiлген қамалдың тетiне жете бере жарылды. Шеге топырақ бұрқ ете қалды. Екiншi доп нысанаға
жетпей, бер жақта тұрған қарағаштың түбiне барып түстi. Сол екен, қамал жақтан да атылған зеңбiрек даусы шықты.
Доп ұшып кеп, сап түзеп тұрған қалың қолға жетпей жарылды. Екiншi доп мүлдем аулақ барып түстi.
Бұрын мұндай ұлы гүрсiлдi естiмеген қазақ жiгiттерi әлденеге абыржып, елеңдеп тұрған аттарының тiзгiнiн қаттырақ
тежеп ұстап, тас-түйiн тұр. Жәнiбек те ширығып алған. Ол өз қолын үшке бөлiп, алдыңғы топқа өзi барып қосылған едi.
Ойынша әуелi аңыс аңдап көрмек. Сол арада Тоғанақ батырдан пәрмен де келiп жеттi. Барлық қол үш жақтан ағызып
барып, қамалға баса-көктеп кiруге тиiс. Қалғанын бара көре жатады.
— Ал, жiгiттер, дайындалыңдар! — дедi Жәнiбек қатты дауыстап. — Кәзiр ана қамалға басып кiруге тиiспiз. Қылыш,
найзаларыңды даяр ұстаңдар!
Аздан кейiн Тоғанақ батыр қолы тұрған жақтан ұлы шу естiлдi. Бұл жалт қараса, батырдың өзi ақ сауыты
жарқылдап, қолдың алдында ағызып бара жатыр екен. Ендi мұның бойын да ұрыстың пiрi билеп алды.
— Ал, тарттық! Дөйт! Дөйт! — деп, бұл атын тебiнiп кеп қалды. Етi қызып, көзi жарқырап тұрған ат ала жөнелдi.
Мұның соңынан басқа жiгiттер де салды.
Бұл салған беттен зеңбiрек тұрған жақтан қиястап барып тиiскендi дұрыс көрдi. Онысы мақұл бопты. Селдей
қаптаған қол ұмар-жұмар боп, бергi мидай жазыққа ағызып шыға келгенде алдыңғы жақтан күн күркiрегендей болды.
Жәнiбек заулап келе жатып, доптың Тоғанақ қолының жағына қарай атылғанын аңдап қалды. Доп ысқыра ұли кеп
жарылғанда, бiрнеше ат шыңғырып жiберiп, омақаса құлап түстi. Баж-баж еткен дауыс шықты. Содан кейiн арт жақтан
дүмелiп келiп қалған қол жығылған аттарға сүрiнiп, бiр демде апыр-топыр болды да қалды. Сол кезде екiншi рет атылған
зеңбiрек даусы шықты. Бұ жолы доп ұлы топырдың дәл үстiне түстi. Бұрқ еткен топырақ аспанға атылып, кiсi-қара
көрiнбей кеттi. “Өлдi-ау!” — деген ой Жәнiбектiң басына сарт ете қалды. Ағызып келе жатып өзiнiң ат жал боп үйiлген
топырақ диуалға жақындап қалғанын аңдады. Алдыңғы жақтан қараңдап жүгiрген кiсiлер көрiндi. Бiреулер айқайласып,
боқтасып, мылтықтарын бұл жаққа кезенiсiп те алған екен. Кенет бiреу қолын сiлтеп қалды. Жәнiбек құниып алып,
ерiксiз ат жалына бұға бердi. Он шақты мылтық қатарынан тарс-тарс ете қалды. Артында келе жатқан бiр жiгiт:
“Ойбай!” — деп, ер үстiнен сыпырылып түсе бердi. Бiр оқ қапталында келе жатқан жiгiттiң атына тидi. Ат сүрiнiп
кеткендей болды. Жiгiт жерге ұшып түстi. Ол аяғын үзеңгiден ала алмай жатқанда, кейiннен келген нөпiр баса-көктей
ағып өте шықты. Жәнiбек өзiнiң орыс әскерлерiне өте жақын келiп қалғанын көрдi. Қынабынан қылышын суырып та
алды. Ызалана тiстенiп, көзi тұманданып, жақындай бердi. Тағы да мылтық қосарынан атылды. Бiрнеше жiгiт тiл
тартпай кеттi. Бұл жақындай бере ат жал топырақтан аттың қарғып өтуiнiң қиын екенiн бiлдi. Сусыма топыраққа тұяғы
тиген ат тақыр мұз үстiне түскендей тапырақтады да қалды. Төрт аяғы төрт жаққа кетiп, құлармандай болды. Сол кезде
арт жақтан келiп қалған нөпiр топ та мұның кебiн қиген едi. Соны байқаған орыс әскерлерi ендi жал басына шыға кеп,
бұларды тура өңменiнен көздеп ата бастады. Тағы да бiрнеше жiгiт құлап түстi. Жәнiбек жағдайдың қиынға айналғанын
бiлдi. Ендi кешiксе, олардың мұның қолын бiртiндеп атып түсiретiнiн сездi. Ендi неде болса нартәуекел деп бұл қатты
айқайлап:
— Аттан түсiңдер! Жаяу шығамыз! — деп, өзi бас боп аттан жерге қарғып түстi. Қолына қылышын оңтайлап ұстаған
қалпы iлгерi ұмтылды. Арт жағына қарап: — Екеуiң аттардың жанында қалыңдар! Қалғандарың алға тарт! — дедi.
Жiгiттер аттарынан апыр-топыр боп, түсе-түсе қалысты. Елiрген аттарға еге бола алмай, әке-бабадан боқтап, екi-үш
жiгiт кейiн қарай ысырьшды. Сол кезде Қалдыбай бастаған топ жiгiт әруақ шақырып, iлгерi ұмтылды. Тағы да мылтық
атылды. Бұ жолы оқ ешкiмге дари қоймады. Қазақтардың өлермендiгiн көрген орыс әскерлерi ендi керi шегiне бердi.