Стр. 132 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

мұның абырайын айрандай төгiп жүр дейдi. Хан қатты қаһарланды. Келе Нақыпты шақырып алды. Ағасынан да онша
ыға қоймайтын өжет жiгiт бұ жолы ордаға батылсыздау кiрдi. Қайып ақырып жiбердi:
— Сенiң бұ iстеп жүргенiң, а?! Немене көзiңе қан толды ма?
Нақып үндемедi.
— Мен саған айтып тұрмын ғой! Бүйтiп сүйегiмiзге дақ түсiрдiң ғой! Ханның қайраты халықпен емес пе? Халықты
олай қорлауға бола ма екен? Кет жоғал! — Қайып ақырып жiбердi.
Нақып сыртқа ата жөнелдi. Қайып одан артық айқайлап, осы өжет iнiсiн өзiне қарсы ширықтырып алмағанды жөн
көрдi. Ол сосын екi жасауылды шақырып алды:
— Әкелiңдер ана оңбағанды!
Олар тез арада Шотанды дырылдатып сүйрегендей ғып әкелдi. Ол етпетiнен құлады. Өзiнде түс-сес жоқ. Қайып оған
ызбарлана қарады:
— Кәне, жанының барында айт, кiм сенi азығырып жүрген?
Шотан басын көтерiп, қолымен мұрнын сүртiп тұрып:
— Ана... ана... Елмырза, — дедi.
— О не дедi?
— Шежiренi ақтара келе, таққа лайқат нағыз сен дедi. Мен соған сенiп қап... — Ол етпетiнен құлады: — Хан ием,
шыбын жанымды қия көрiңiз!
— Ата-бабадан келе жатқан үрдiс, жол бар емес пе? Ағасы тiрi тұрғанда iнiсi таққа таласатын ба едi? Бұ қайдан
шыққан тәртiп? Соның неге ойламадың?
— Есi-i-ме келмептi.
— Ендеше есiңе келтiрейiн. — Ол жасауылдарға қарады. — Мынаған жалаңаштап қойып жүз дүре соғыңдар. Сосын
қол-аяғын кiсендеңдер, қашып кетiп жүрмесiн!
Жасауылдар Шотанды сүйреп алып кеткесiн, ол қайтадан Нақыпты шақырып алды да, бұйыра сөйледi:
— Қасыңа екi жүз жасауылды ерт. Бар да ана Елмырзаның ауылын шап! Өзiн ұстап, қол-аяғын байлап, алдыма әкел!
Нақып тез iске кiрiстi. Жасауылдар тез атқа қонып, бiр бел асып кеткесiн, Қайып хан бүгiнгi жағдайды қара
ақылына салып байқады. Сыр қазақтарының ақ патша әскерiне төтеп бере алмасын бiлдi. Өзi көрiп жүрген ақ
патша әскерi болса, олар бұяқты да алмай қоймайды. Ол сол арада өзiнiң iс-әрекетi жан созу сияқты ғана екенiн аңдады.
Ерте ме, кеш пе, бұған да ұлы тықыр таянбақшы. Со кезде қайда барып жан сауғалаймын, дедi өзiне өзi. Жан сауға? Ол
мырс еттi. Үйткенше өлгенi жақсы емес пе? Сосын ол баяғыдан бермен қарай ойластырып жүрген ниетiн салмақтап
байқады. Тексерiп қараса, ендi мұның Сыр бойында қалатын еш ретi жоқ. Райымнан келген әскер ертең бұған да тиiсер.
Үйтiп қан төгiсiп жатқанша, ың-шыңсыз ығыстай бергенi мақұл. Қалғанын кезiнде көре жатар. Ол осы ойға бекiндi де,
тез бұйрық бердi:
— Үйдi жығыңдар! Көшемiз!
* * *
Нақып Елмырзаның жұртын сипап қалды. Әккi төре бұлардың пиғылын алыстан байқаса керек, осыдан екi-үш күн
бұрын көшiп кетiптi. Көшкенде де Қызылдың жан аяғы баспаған жықпыл-жықпылымен жүрiп отырып, тура Бұхара
жаққа тартыпты. Ол iзбен бiраз жерге дейiн жүрiп отырды да, ендi оларды қуып жете алмасын бiлдi. Бұхараға баруға
болмайды. Насрулла мен ағасының арасы жақсы емес. Және де мұның Бұхараны сағалап жүргенiн естiсе, Мұхәммәд-
Инақтың шалқасынан түсуi мүмкiн. Соны ойлап, Нақып ат басын керi бұрып алды. Қайтар жолда онша асықпады. Бiр
ауылға қонып, бiр ауылға түстенiп келе жатып, олар Малдыбай аулына тап болды. Қонақасысын жеп отырғанда,
қасындағы бiр жасауыл жұртқа бiлдiрмей мұны шынтағынан түрттi де:
— Осы үйдiң ай мен күндей сұлу қызы бар екен, — деп күңк ете қалды.
— А-а?
Бұл оған таңғала қарады. Әнеу күнi Жаппастардың ауылдарына барғанда да, бәрiн бүлдiрген осы едi. Бiрақ қызқұмар
Нақып оны тез ұмытып, жымың ете қалды:
— Рас па?
— Рас, рас.
— Сен оны қайдан бiлесiң?
— Бiлем ғой, — дедi жасауыл мұның құлағына сыбырлап. — Ол ана Жәнiбектiң қалыңдығы көрiнедi.
Нақып үй iшiне бiлдiрмей, түрулi есiктен сыртқа қарады. Малдыбай оны-мұны сұрады да, көп ежiктемей, сөзден
тиылып қалған. Бет-әлпетiнен бұлардың тезiрек кеткенiн хош көрiп отырғаны байқалады. Бұл Нақыптың ит-жынын
тырыстыра түстi. Iштей бiр арам ойға бекiндi. “Ерегiскенде сол қызыңды...” — дедi. Сосын азырақ сабыр қылғанды жөн
көрдi.
* * *
Қалдыбай бұлардың жүрiсiн бiрден-ақ ұнатпаған болатын. Олар келген бойда, бiр жiгiттi жақын маңда отырған
Жәнiбекке тез жұмсаған. Ал Ақкербездi ер кiсiше киiндiрiп, ауыл сыртындағы қалың тоғайдың арасына екi-үш
жеңгесiмен жасырып қойған едi. Ендi ол әлденеге батылданып, Нақыпқа күле қарап:.
— Апырмай, о қу ұстатпай кеттi, ә?! — дедi.
Нақып басын көтерiп алды:
— О кiм?
— Ана Елмырзаны айтам да.
Нақыптың түрi қап-қара боп кеттi. Ешкiмге тiс жарып айтпаған жағдайынан елдiң құлақтанып қалғанын аңдаса
керек, түрi заматында мың құбылды.
Малдыбай жанжал шығып кетпесiн деп, сақалын қолымен тарамдап отырып: