Стр. 133 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

— Ояғын сұлтандардың өздерi бiледi де. Қара халықтың ондағы шаруасы не? — дедi. Мұнысы Қалдыбайға қой
дегенi едi.
Бiрақ Қалдыбай қыңбады:
— Ау, неге шаруасы болмасын? Соғымы мен сыбағасы сол қара халықтың мойнында емес пе? Төрелер соны ақтаса,
кеше Қазалы маңындағы шайқаста қайда қалды?
Нақып қап-қара боп кеттi:
— Әй, қысқарт!
— Не, не? — дедi Қалдыбай сәл-пәл ыңғайланып отырып.
— Қысқарт!
— Сен, бала, байқа! — дедi Қалдыбай түсiн суытып. — Сенiң кешегi Жаппастарға iстеген ылаңыңды бүкiл ел-жұрт
бiледi. Әгәр сүйтем десең, бұл елден аман-есен кетпейсiң.
— Ә, солай ма! — деп Нақып орнынан атып түрегелдi де, дереу қынындағы қанжарына жармасты.
Қалдыбай да соны күткен екен, бiрден жолбарысша атылып барып, Нақыптың оң қолын қағып жiбердi. Оған болыса
берген бiр жасауылды iштен бiр тептi. Сосын Нақыпты есiн жидырмай, көтерiп алып ұрып, астына бүгерледi де,
қанжарын жұлып ап, оның басын құбылаға қаратып:
— Мауыздайын ба осы?! — дедi кiжiнiп.
— Ойбай, қой, — деп Малдыбай мұның қолына жармасты.
— Бұ кiмдi басынады, а? Анау Арқадан ақ патшадан қашып кеп, өздерi бiзге дiкеңдейдi! — Қалдыбай оған жеркене
қарады. — Әттең, Абылайдың тұқымысың. Болмаса қан қылатын жерiм осы едi.
Дәл осы кезде Малдыбайдың алты ұлы да есiктi арқаларымен жауып тұра-тұра қалып едi. Осы қалыптары өлмей
берiспейтiн кiсiнiң түрi.
Нақып тез ақылға келдi. Бұл жағдайдан басқа жасауылдардың хабарсыз екенiн бiлiп:
— Жақсы, менiкi кәтелiк бопты. Айыбым бар, — дедi.
— Сенен айып даулайтын жағдаятым жоқ. Онан да кәзiр жөнiңе тай! — дедi Қалдыбай оны әлi де босата қоймай.
Көзiнен бұның сөзiне сенбеген сыңайы байқалып тұр.
— Жақсы, онда келiстiк.
— Сөзiңде тұр. Әгәр алдаймын десең, жердiң көтiне кiрiп кетсең де тауып алып, соямын, — дедi де, Қалдыбай оны
босатты. Қанжарын берген жоқ. — Мынау төреден қалған бiр белгi болсын.
* * *
Нақып қатты қорланды. Сыртқа шығып, жасауылдарына атқа қоныңдар дедi. Басқа бiрдеме айтуға қасынан қыл елi
қалмай ерiп жүрген Қалдыбайдан сескендi. Мына палуан жiгiттiң осы қалпы кiм-кiмдi де аямас едi. Ол ендi айлаға
көшкендi мақұл көрдi. Атқа қонып, былай шығып алғасын, шын ойранды қайтып кеп салмақшы. Ол сыр алдырмай:
— Ал жақсы, — дедi де атына мiндi. — Кеттiк!
Жасауылдар дүркiрей жөнелдi.
* * *
Қалдыбай оның соңынан қарап тұрып:
— Әй, залым! — дедi. Сосын жiгiттерге қарады. — Қылыш, найзаларыңды алып, дайын тұрыңдар!
— Е, неге? Олар кеткен жоқ па?
— Кәзiр-ақ қайтып келедi.
* * *
Шынында да, Нақып шамалыдан соң қайтып келдi. Бұ жолы екi жүздей жасауыл ұран тастап, бұл ауылды тапап
өтетiндей боп, алыстағы төбеден берi қарай құлап келедi. Малдыбайдың зәре-құты қалмады. Қалдыбай бастаған жiгiттер
дайын тұр едi. Дәл осы кезде басқа бiр жақтан шу шықты. Қалдыбай сол жаққа жалт қарап, жүзi жарқ ете қалды:
— Е, жеттi ме?!
— О кiм? — деген бiрнеше үрейлi дауыс қатарынан шықты.
— Жәнiбек қой!
— Иә, ақсарбас, — дедi Малдыбай сүйiнiп.
* * *
Алдағы биiк қоңыр төбеден бермен қарай заулап келе жатқан қалың қолды көрiп, жасауылдар ат басын ерiксiз iрке
бердi. Мыналардың Жәнiбектiң қолы екенiн аңдаған Нақып ендi кешiксе бiр кәтердiң болатынын бiлiп, әрi олардың
қарамының өздерiне қарағанда көп екенiн көрiп, табан астында жүзi қап-қара боп кетiп, даусын шығара бiр боқтап:
— Қап! — дедi де, атының басын керi бұра бердi: — Тарттық!
* * *
Жасауылдардың кетiп бара жатқандарын көрiп, Жәнiбек iшiнен шүкiршiлiк қылды. Ол жүз қаралы жiгiттi аттарынан
түсiрмей, келген бетте ауылды айнала қоршап тұрғызды. Арада бiраз уақыт өттi. Жасауылдар бiр-екi қырдан асып