Стр. 134 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

кеткеннен кейiн барып, қайын атасының ауылында кiдiргендi жөн көрмей, Жәнiбектiң ауылына қайтқысы келдi. Оған
қарсы болған Қалдыбай:
— Тоқтай тұр! Олардың қайта айналып соғуы мүмкiн, — деп оны кiдiрте бердi.
Сол арада күн де батты. Малдыбайдың алты ұлы ендi билiктi өз қолдарына алып, көмекке келген қолға арнайы
қонағасы бермек боп, оларды аттарынан түсiрiп, бiрнеше малды сойдырды да тастады. Жәнiбек Малдыбайдың үлкен
баласының үйiне түстi. Соны көрген қатындар тамақ тасып, зыр жүгiрдi. Түннiң бiр уағы болғанда Жәнiбекке төсек
салдырды да, Қалдыбай орнынан тұрып Малдыбайға келдi. Ол түсi жаңа ғана ене бастаған шалдың жүзiне бiрiншi рет
тура қарап тұрып:
— Көке, артық айтсам айыпқа бұйырмаңызз. Мына заманның ажарын байқап отсың. Аумалы-төкпелi бiрдеме
болғалы тұрған сықылды. Бұрынғыдай ырғап-жырғайтын заман емес. Айтқанымды қылсаң, жиен қарындасымды құтты
жерiне тездетiп қондыр! — дедi.
Iрi мiнездi шал артық сөзге келмедi:
— Болсын! Бар билiгi өзiңде! Кәзiр ұзатып жiберсең де еркiңде!
* * *
Қайып хан Нақыпты жолдан күтiп алды. Мән-жайға қанды. Ендi кiдiргендi мақұл көрмедi. Ешкiмге назар салмай,
жапан жатқан құла дүзге қарап:
— Бұ да құданың жазуы шығар! Бөрi азығы жолда деген. Тарттық! — деп атын тебiнiп қалды.
Сүйтiп, 1846-ншы жылы Қайып хан Сыр бойынан түскей жаққа қарай ауып кете барды.
34
Жәнiбек қалыңдығын апыр-топыр түсiрем деп еш ойламаған едi. Бәрi де аяқ астынан болды. Қасқырбай бастаған бiр
топ жiгiттi ертiп қайнына барды. Әке-шешесi сән-салтанатымен бөлек топ боп жүрдi. Олар келген күнi демалды.
Ертеңiне ұлан-асыр той болды. Малдыбай жақын жердегi барлық ауылға хабар жiберген екен. Ертеңiне жақын-жуық,
тамыр-таныс, жамағайынға дейiн бiрi қалмай келе бастады. Бай ауылы тойға деп арнаған үйлердi қатар-қатар тiгiп
тастаған екен, келген меймандар сонда жайласты. Алғашқы үш күн бойы палуан күресi, жамбы ату, жаяу жарыс болды.
Төртiншi күнi ат бәйгiсi басталды. Онда тағы да Нияздың Қаракөгi бас бәйгiнi алды. Содан кейiн келген меймандарға
қонақасы берiлдi. Малдыбай сойысқа деп мал аямады. Табақ-табақ ет, саба-саба қымыз әр үйден узiлген жоқ.
Ендi ақсақалдар бас қосқан жерде жырау жырлады. Тойға деп Малдыбай өзiне нағашы жағынан iлiк-шатысы бар,
Қуаңның күнгей жағын жайлайтын Бозғұл Сарыбай Әзiлкеш жырауды шақырған екен. Орта жасқа келген, сақал-мұртын
әдемiлеп қойған, өз бойын күтiп ұстайтын жырау “Көрұғылы”, “Зарқұм”, “Дариға қыз” деген қиссаларды жадқа бiледi
екен. Шалдар өз таңдауын айтқасын сүрелi қиссаға жырау кiрiсiп те кеттi. Өзiнiң даусы майда, құлаққа аса жылы тиедi.
Домбыраның iшегiн бос бұрап, дауысты көп қинамай, сазбен соза айтады. Жырауға лыпылдап кiрiп-шығып жүрген
келiншектер қызыл шай әкеп берiп кетедi. Түннiң бiр уағы болғанда жырау аздап тыныс алды. Содан кейiн мақтау
басталды. Жас жiгiттер жеңгелерiн мақта деп, жыраудың алдына қалталарынан алып алтын сақина, күмiс бiлезiк, дүр-
гәуһар тастасты. Жырау әлгi жеңгелерiн жанынан өлең шығарып, тасырта мақтап бердi. Арасында күлкiлi тұс та
баршылық. Халық күлкiге қарық боп, кеуiлдерiн бiр көтерiсiп қалысты. Содан кейiн арналы қисса қайтадан басталып
кеттi.
Нияз Әзiлкеш жырауды тыңдаған сайын мың рет құбылды. Әсiресе, оның жырлау мәнерiне қызықты. Әуелiде жай
басталып, келе-келе қызып шыға бастаған дауыс таң бозында мүлдем күшейiп кеткен едi. Қалғып бара жатқан кiсiлер
ара-арасында селк етiп, бастарын көтерiсiп қалады. Көрұғылының қиыншылық көретiн тұсында шалдар жағы мырс-
мырс етiп жылап алады. Кемпiрлер жағы да әлсiн-әлсiн жаулықтарының ұштарымен көздерiн сүрте бередi. Соның бәрiн
байқап отырған жырау ендi тынысы ашылып, су шайқалмас жорғаша тайпала бастады. Нияз оның мына қалпына қатты
қызықты. “Мен осы не қарап жүрмiн? Дүния күйiп кетсе де, мына жыраудың қасына ерiп жүрейiн,” — деп iштей бiр
ойға бел буып та алды.
Ертесiне Әзiлкеш жырау мұның даусын, домбыра қағысын байқап көрiп:
— Қарағым, талабың бар екен. Аздап мектеп көрмепсiң. Қасыма ерiп жүрсең, бәрiн де үйренiп аласың ғой, — дедi.
Нияз қуанып кеттi:
— Ергенде мен ерейiн!
Жәнiбек ойланып қалды. Мына дауыстың ертең-ақ құмға сiңген суша жоқ боларын бiлдi. Сонда осы үрдiстi кейiнге
мирас қып алып қалатын кiм? Осы жас жеткiншектер емес пе? Ендеше соларға арнап неге мектеп ашпасқа? Мектеп
демекшi, осы балалардың бәрi бiрдей бiлiмдi ме? Ендеше неге соны қолға алмайды? Бұхарада оқып-тоқығанын мына
кейiнгi жасқа неге үйретпейдi? Оның ойы сан-саққа жүгiрдi. Бүйтiп әркiмдермен жағаласып жүргенше, өзi аулында неге
мектеп ашпайды? Шынында да, өзi ойланатын нәрсе екен...
Жәнiбек Әзiлкеш жырауға қолқа салды. Өз аулында болатын тойда да жырлаңыз дедi. Нияз бұған қатты қуанды.
Бiр-екi күннен кейiн қыз ұзатылды. Ақкербездi тайпалған жорғаға мiнгiзiп, қасына қырық шақты нөкерiн ертiп,
жасауға толы үлкен көш Қуаң жақты бетке алды. Ертесiне Жәнiбек аулында да ұлы той болды. Сардар Ақкербезге деп
бөлек отау тiктiрген едi, оны сонда түсiрдi. Айжамал осы арада тырыспай, шын бәйбiшелiк көрсеттi. Күндесiн емес, өз
сiңiлiсiн көргендей, қабағын бiр шытпай, той жабдығын басқарып-тексерiп жүрдi. Жәнiбек оған ырза бола қарады.
Бұрын оны от басынан бойы аспастай көретiн. Ендi салиқалы мiнез көрсеткенiн байқап, бiр жасап қалды.
Той кәдесi бiткесiн, Жәнiбек Сарыбай Әзiлкеш жырауға ат мiнгiздi, үстiне Бұхарадан алып келген атылас шапан
жапты, жетегiне екi жабағыны ерттi. Ол ырза боп аттанды. Нияз онымен бiрге кеттi.
Сол түнi Жәнiбек жас әйелiнiң отауында қонды. Ақкербез өте ұялшақ еқен. Мұның қасына қысыла-қымтырыла
жатты. Жәнiбек оның шашынан иiскедi. Одан Бұхараның әтiрiнiң исi шығады екен. Өзi қысылып, керi шегiндi. Жәнiбек
қозғалмады. Iштей дұға оқып, осы қалпына шүкiршiлiк қылды. Кешегi шайқаста жарадар болған жерiн ақырын сипап