Стр. 18 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

— Дұрыс, — деп, Захваткин қулана жымиды. — Бiздер әлi сол Аралда боламыз. Анада Петербургта болғанымда
капитан Бутаковты көрген едiм. Ол жинамалы шхуна әкеп, Арал жақты, Сырдария мен Әмударияны зерттемек боп жүр
екен. Көрдiгiз ғой, сүйтiп киргиз-кайсак даласы...
— Қазақ деңiз, — дедi Тортай сол арада сөз қыстырып.
— Ах, да, кайсак даласы әлi де зерттеледi. Мұнда жатқан алтын, күмiстi қазып аламыз. Ал, бiз сендерге Европаның
озық мәдениетiн әкелемiз.
— Әрине, — дедi Тортай қымызды бiр рет ұрттап қойып.
— Мырза, — дедi Ережеп ойланып отырып, — сөзiңiздiң аңғарын дұрыс түсiнсем, ақ патша бiздi бағындырмай
қоймайды-ау. Сонда... бiз мына Хиуа ханының езгiсiнен құтыламыз ба?
— Әрине, — дедi Захваткин ұйып қалған аяғын дастархан жаққа қарай созып жiберiп. — Бiз тағы, жабайы киргиз-
кайсактарды азат етемiз, олардың көзiн ашамыз. Сонда киргиз-кайсактар...
— Қазақ деңiз, — дедi сол арада Тортай әлденеге iшiнен ызалана түсiп.
— Ах, да, кайсак... мен соны ұмытып кете берем.
Ережеп бұлардың орысшасын түсiнбесе де, екеуiнiң осы арада әлденеге iлiнiсiп қала бергенiн iштей пәмлеп, даусын
соза түсiп:
— Жөн-жөн, — дедi. — Бiз бiрақ мұсылманбыз ғой. Сонда... бiздi ертеңдерi ақ патша шоқындырып жүрмей ме?
— Жоға.
— Онысы жақсы екен. Тек... тағы бiр сұрайын дегенiм... мына Қазанның татарларын кезiнде қара Ибан дейтiн патша
зорлап шоқындырыпты дейдi ғой. Сол рас па?
— Ол ендi.... патша ағзамның өз шаруасы.
— Е-е, онда түсiнектi, — дедi Ережеп тағы да даусын соза түсiп. Оның бiрдеменi асықпай айтқысы келгенде, даусын
созып, ыңыранып отырып алатын қашанғы бiр дағдысы едi. Ол бұ жолы да сонысына бағып: — Қанша дегенмен бiз де
еркiн жатқан жалпақ жұртпыз, өз тiршiлiгiмiз, өз әдет-ғұрпымыз, өз дiнiмiз бар дегендей... Жақсы-жаманымыз жәнә бар.
Қандай кiсiнiң де арқа сүйерiне жарарлық бiр тайпы елдi сұраған азаматтарымыз да жетедi, — деп, бiрдеменi
жақауратып барып тоқтады.
Тортай қулана жымиды:
— Осы, Ереке, сiздiң жақта жаңбыр жиi жауа ма?
Ережеп айран-асыр қалды:
— Қайдағы жауын?
— Осы ылғалдың бұлттан түскенi жақсы ма әлде жерден шыққаны жақсы ма?
— Маған салса... оның екеуi де жақсы.
— Бiз қасқа ылғи осылай деп ойлаймыз ғой, — дедi Тортай сәл ойланып қап. — Нағыз дихан кiсi жел айдап кеп төге
салатын бұлтқа еш сенбейдi. Бұл шаруада ең сенiмдiсi де, тұрақтысы да жердiң астынан бұрқылдап қайнап шығып
жатқан су. Бұлт өтедi, кетедi. Ал жер сол қалпында қалады. Осы жәйттi Сыр бойының дихандары бiле ме осы?
— Е, неге бiлмесiн, — дедi Ережеп көтерiле сөйлеп.
— Сонда... Сыр бойында су шаруашылығы бар ма? — дедi соңғы кездерi “су” деген сөздiң мағынасын ұға бастаған
Захваткин екеуiне жалтақтай қарап қойып.
— Иә. Дихандар егiнге суды шығырмен шығарады.
Ережеп мына әңгiменi соза бергендi қолайсыз көрiп, сыр бермей:
— Мырза, судың бiр жөнi бола жатар, онан да ет алыңыз, — дедi.
— Рахмет, көп алдым.
Ережеп ет салынған табақтар алынып, қайтадан шәй келгеннен кейiн, ендi сөзге онша ықыластанып араласпай,
iшiнен арғы-бергi жағдайларды ойлап, томаға тұйық отырды. Содан бiр мезгiлде барып Тортайға қарап:
— Қарағым, сенi осы биыл Петербор жағына барып қайтты дей ме? — деп сұрады.
Тортайдың етсiздеу аққұба өңi әлденеге ду ете түстi:
— Иә, Ереке.
— Е, дегендей, — дедi де, Ережеп мына жiгiттiң орыстың ұлығының көзiнше әлденеден именетiндiгiн байқап, ол
жайлы әрi қарай қазбалап сұрамады.
Күн еңкейе қонақтар қайтуға жиналды. Захваткин мен Тортай күймелi арбаға мiндi. Оның алдыңғы және артынан
жағынан атты әскерлер жүретiн болды. Аздан соң қоңырау даусы сыңғыр еттi де, тиыш тұрған күйменiң дөңгелегi
қозғалып, күймесi екi жаққа бiр-бiр теңселе аударыла түсiп, iлгерi жүрiп кеттi. Бұрын мұндайды көрмеген қатын-қалаш,
бала-шаға, кейбiр кәртең кiсiлер оның соңынан ауыздарын аша қарады. Ережеп оларға көз қиығын да салмастан, алдына
көлденең тартылған атына мiнiп, қасына Шәкидi ертiп, күйменiң соңынан салды. Сәлден соң онымен қатарласып,
күйменiң ақ тозаң баса бастаған терезесiнен әлденеге күлiсе сөйлесiп отырған Захваткин мен Тортайға қарап қойып,
қозы көш жерге дейiн барды. Сосын ат басын iркiп, меймандарымен қоштасып, керi қайтты. Бұ кезде батып бара жатқан
күннiң сәулесi шаң басқан жусандардың бүртiктерiне қонып, оны қызғыш тартып көрсетiп жiберген де едi. Соған енжар
қалпы қарап келе жатып, Ережеп iшiнен: “Жұрт неге осы қызылға құмар, ә? Мұның түбi көрсеқызарлық емес пе? Оның
соңы аранға апарып соқтырмай ма? Мына жусан екеш жусан да күннiң сәулесi қызартады. Күн батқасын, сәуле
жоғалады. Мынау да соның бiр кебi емес пе? Бiрақ... ақ патшаң күн емес қой. О да бәндә. Сонда бұл өзi... қалай
болады?” — деп ойлады. Сосын орыс жағына шыққанда табар пайдасының сиқын ойлап басы қатты. Ақыры бiр нәрсеге
бел буды. Ол ертесiне ауыл адамдарын құлқын сәрiден тұрғызып, жүктердi будырып-түйдiрiп, жанығып жүрiп, әлi оты
қаша қоймаған күзеуiнен терiскейдегi Үшқарада биыл салдырған жаңа қыстауына тездетiп көшiп кеттi.
8
Тортай сахараның саф ауасын жұтып бiр жасап қалды. Бекiнiске қайтып келе жатып, күймелi арбаның кiшкене
терезесiнен ымырт қараңғылығын жамылып, қарауыта далия қалған сары даланың бұйығы қалпына құмарта қарады.
Қараған сайын есiне бала шағы, көшi-қон, жайлау түстi. Соның бәрi бiр сәтте көз алдынан жалт-жұлт етiп өте шығып,
қол жетпес алыста қалып қойған ыстық елестей боп көрiндi.