Стр. 27 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

— О не сонда? Ойбау-ау, өзiң бiр қызық жiгiт екенсiң ғой. Құдай танабын тарылтып қойған Қоқан қамалынан не
табам деп жүрсiң? Сарттар алым-салық төлетiп, малымызды тартып ап, төбемiзде қамшы ойнатып...
Сол арада Жәнiбек әлгi жансыз естiсiн деген оймен, жорта даусын қаттырақ шығара сөйлеп:
— Жоға, олай демеңiз. Кәзiр ұлы хан бүткiл исламның қазақ жерiндегi қорғаны боп отыр. Аллатағалам артық етiп
жаратқан Хұдаяр хан пақуатты болсын! — дедi де, терiс айнала бердi.
Әлгi кiсi бұған жаман көзiмен атып жiберетiндеп боп қарап тұрып:
— Өй, мынау да бiр! Бас-терiсi келiскенге... былай... жөндем жiгiт пе десем, өзi барып тұрған аяр ғой. Бұ қазекеңдi
қой, күштiнiң көтiн жаламаса, iшкен асы бойына тарамайды, — дедi мұның соңынан шiңкiлдей сөйлеп.
Жәнiбек базардың басқа жағына шықты. Сосын жаймаларды асықпай аралап жүрiп, қоржынының екi басын
толтырып, балаларына базарлық алды. Содан кейiн бiр араға тоқтап, Айжамалға күмiс бiлезiк алайын деп, зергер
жiгiтпен саудаласа бастап едi, ойламаған жерден бiреу жеңiнен тартты. Жәнiбек жалт қараса, арықша денелi, орта
бойлы, басына жеңiл бөрiк, үстiне сарттардың жеңiл шапанын киген, бiр тегiс қоңырша беттi, тәмпiштеу мұрнының
астына сиректеу боп бiткен жирен мұртын кере түсiп, бiр көсе жiгiт жылмиып тұр. Бұл аң-таң:
— Жәйшә ма?
Әлгi жiгiт бiрден не дерiн бiлмей қипақтап, қоңыр бетi аздап қызара түсiп:
— Жәйшә ғой, — дедi. Оның әдейiлеп жұмсарта шығарып тұрған даусынан бiр түрлi шүәбәнiң ыңғайы сезiлдi.
Сосын ол мұнысын байқатқысы келмегендей, сирек мұртын селдiрете жымиып тұрып:
— Сiз, сiз... Жәнiбек деген мырзасыз ба? — деп сұрады.
— Иә, менмiн.
— Ендеше, былай шығып, найманшылайық.
Мұның не деп тұрғанын бiрден түсiне қоймаған Жәнiбек:
— Не, не? — деп, шошып кетiп, оның жүзiне бақырая қарады.
— Былай шығып... оңаша сөйлесейiк дейiм!
— Онда кәзiр, кәзiр...
Жәнiбек тез-тез сөйлеген зәргәрмен бiлезiктiң саудасына келiсе сап, оны қойнына тығып ап, асығыс бұрылды да, осы
кезде өзiне қарап, сұқ саусағының ұшын әлсiн-әлсiн өзiне қарай игiштеп қойып, барар тұсты көрсеткендей болған әлгi
жiгiттiң iзiне ерiп, хан базардан сырттап шыға бердi. Бiрақ қауiп айлап, топ кiсiлерден онша ұзамай, бiр тұсқа келгенде
тоқтай қалды:
— Иә, немене?
Тырыли арық қараша жiгiт қасына қайтып кеп, мұның жүзiне жылы ұшырай жылтың-жылтың қарап қойып, қулана
жымиған қалпы:
— Мен осы араның кiсiсiмiн, — дедi жылы сөйлеп. — Сiздi көрiп, танысайын деп ем.
— Неге? — Жәнiбек сақтана бастады. Ол Ақмешiтке келе жатып, жолшыбай түстенген ауылдарынан Қоқан бегiнiң
тiллә төлеп, қазақтардан жансыз ұстайтынын, солар арқылы елдiң не ойлап, не қоятынын бiлiп отыратыны жайлы
естiген едi.
Қараша жiгiт селдiр мұртын сипап қойып:
— Аға, түсiңiз жылы болғасын, iштегi шерiмдi тарқатайын деп ем, — дедi ентелей түсiп. — Мына Қоқан ханы әбден
құтырып алды. Қазақтардың малын талайды. Ауылдарды шабады. Кеуiлдестiкке қазақтардың қыздарын зорлап тартып
алады.
— А-а, солай ма? — дедi Жәнiбек сыр бермеуге тырысып.
— Өткен жылы олар зекет бермей қойған Жаппастар мен Табындардың ауылдарын шапты, талады. Содан қорыққан
Жаппастар мен Табындар мына Торғай жағына қарай көшiп кеттi.
— Е-е...
— Сонда деймiн-ау, — дедi қараша жiгiт еркiнсiп, бұған жақындай түсiп, — бiз немене осындай... қорлыққа көне
беремiз бе? Ау, бiз де намысы бар ел емеспiз бе?
— Қарағым, оны маған неге айтып тұрсың?
— Ағатай-ау, сiздi әтеберлi азамат көрiп, айтып тұрмын да. Болмаса... — Ол жан-жағына жалтақтай қарап қойды. —
Кiм көрiнгенге сыр ашатын мен ауыш емеспiн.
Жәнiбек жұқалтаң өңдi қараша жiгiтке не сенерiн, не сенбесiн бiлмей, сынай қарап, екi ойлы боп аз тұрды. Бұл осы
сапарында жолшыбай қонған-түстенген ауылдардың кiсiлерiнен Қоқан бегiнiң қазақтарға жасап жүрген зорлық-
зомбылығы жайлы естiген де едi. Оған бiр жағынан сене қоймаған да болатын. Тек Ақмешiтке кеп, бiр неше күн боп,
жақын маңдағы ауылдардың тiршiлiгiн өз көзiмен көргеннен кейiн барып, әлгi сөздiң шын екендiгiне, бұ жақтағы елдiң
де Хиуаға қараған қазақтардың кебiн киiп отырғанына көзi жеткендей болған.
Қараша жiгiт тағы да дыбырлай жөнелдi:
— Аға, немене, маған сенбей тұрсыз ба? Мен деген, бiлесiз бе... былай...
Сол арада жаңағы күмiс бiлезiк сатқан зәргәр бұлардың жанына кеп:
— Сiз, — дедi мұның жеңiнен тартып, — жаңа ақымды толық бермей кетiпсiз...
— Мен бе? — Жәнiбек таңғалды.
— Иә, сiз. Сенбесеңiз, жүрiңiз, — деп, ол мұны қолынан ұстап, сүйрегендей ғып, жайма жаққа жетелей жөнелдi.
Қараша жiгiт iркiле бердi. Зәргәр жiгiт топ адамды айнала бере, артына жалтақтай қарап қайып, бұған сыбырлай сөйледi:
— Сiз бiр жүздi шәхсы екенсiз, ана кәззәпқа сене көрмеңiз. Ол деген... жансыз...
— Не дейдi! — дедi Жәнiбек шошып.
— Немене, бiрдеңе айтып қойып ап едiңiз?
— Жоға.
— Онда... құдай бiр сақтаған екен. Ол бiр Ибрайым дейтiн ойнасқор ит! Одан басқа да Иранбоқ, Fайыпбек, Юсуфбек
намли жансызлар осы базарды аралап жүредi. Сақ болыңыз. — Сосын ол жұртқа естiрте, даусын қаттырақ шығарып
сөйледi: — Мiне, көрдiң бе, ақымды кем берiпсiз! Бу деген әлхиислам юртларына жайыз емес. Жарайды, муслимбиз ғой,
пұлымни қайтиб биргәниңизгә жудә кәттә хурсандман. Бара бериңиз. Биттә бақырдан мән гәдәй болиб қалмасман.
Жәнiбек зәргәрға ырза боп, базардан шыға бердi. Бiр көшеге жете бергенiнде, бағанағы қараша жiгiт мұның жолын
тосып тұр екен. Ол мұны көрген бойда, тағы да жымиып: