Стр. 41 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

Олар дем арасында он шақты үйректi қанжығаларына байлап, лашынды қайта томағалап, аттарының тiзгiнiн бос
жiберiп, жәй аяңдап келе жатты. Нияз бiрде алабұрта түсiп:
— Аға, осы... Әбдiраманның қызын қалай көресiң? — дедi.
— Оның не қалайы бар? — Елдес тарқылдап күлдi. — Салпы етек қатын болғалы тұр.
— Ол... өзi... былай...
— Өй, сен де бiр, — деп, Елдес тыжырынды. — Бұйырғанын ала берсейшi. Ұнамай жатса, тағы бiрiн аларсың. Оған
әкеңнiң дәулетi жетпай ме?
— Сүймегесiн, өзi... қиын ғой.
Дөрекi Елдес iшек-сiлесi қата күлдi. Сосын көзiнiң жасын добалдай саусағымен сүртiп жатып:
— Сүйiп... оны нағыласың? Құдай қатынды сүю үшiн жаратқан дейсiң бе? Немене ол сүйетiндей перiштедей бiрдеме
ме әлде бала ма? Аллатағала оны әзәлдә қатын ғып жаратқанда сүю үшiн емес, с... үшiн екi тесiгi бар ғып жаратқан.
Сендер де осы қызықсыңдар, — дедi.
— Ау, махаббат деген...
— Әй, басымды қатырма! Махаббат-сахаббат дегенiңдi бiлмеймiн. Қатынның аты қатын! — Ол сол арада ерсi бiр
сөздi қыстырып жiбердi. — Тесiк екеу. Соның екеуiн де мықтап бiтесең, о да ырза, сен де ырза. Кiмнiң сойылы үлкен
болса, қатын соныкi.
Нияз аңтарылып қалды. Елдес iнiсiн қатырдым деп ойлап, жымыңдап күлдi. Екеуi ендi онща сөйлеспей, ширақ жүрiп
отырып, Жәнiбектiң ауылына келдi. Есiктен кiрер кiрместен, Елдес асылып жатқан ет исiн сезiп, бiрден кеуiлденiп сала
бердi. Дереу өзiне сәлем ете берген Айжамалға райлана қарап:
— Келiн, ана көпшiгiңдi берi әкелшi, — дедi. Сосын Айжамал алып берген көпшiктi қолтығына басып, төр алдында
көлбеп жатты: — Қалай, Қоқаның аман ба екен?
— Аманшылық. — Жәнiбек ықылассыз жауап бердi.
— Қоқан қоқаңдап тұрған жоқ па?
— Е, қоқаңдаса, не iстейiн деп ең? — Жәнiбек кенет бұған күле қарады. Жүзiнде зiлсiз күлкi бар.
— Е, не iстейiн? Ана Дадабек сарттың кебiн келтiремiз де! — Елдес басын сәл көтерiп алды. — Айтпақшы, осы сен
несiне Хиуаның сойылын соғып жүрсiң, а?
— Сардар қылғасын, қызметiн шекпеймiн бе? — дедi Жәнiбек жақтырмай қарап.
— Қызмет? О нағылған қызмет? Үйтетiндей Хиуа саған несiн өткiзiп қойып едi?
— Өткiзiп қойған дәнемесi де жоқ, — деп, Жәнiбек аз-кем ойланып қалды. — Кәзiр Сыр елiнiң бiразы соған бағынып
отқан жоқ па? Сосын... Хиуа ханының айтқанын қалай қайт етем?
— Әй, қойшы! Хиуа деп жалпақтайтын дәнеме жоқ. Сонда бiз өз алдымызға бөлек өмiр сүре алмаймыз ба? Немене
бiз ел емеспiз бе?
— Елмiз. Бiрақ аузымыз ала. Оның үстiне ұлан-байтақ далада бытырап жатырмыз. Осы кезде... мен бiрден бiр дұрыс
жол Хиуаның панасын жамылған деп бiлем, — дедi Жәнiбек әңгiмеге елiге түсіп.
— Ал, жамылмасақ, не боламыз?
— Не болушы ең? Ертең ақ патша зеңбiрiгiн сүйретiп әкеп, жерiңдi тартып алады.
— Өйдөйт деген! Оған бiз көнемiз бе? Зеңбiрiк болмақ түгiл, тағы бiрдемесiн әкелсе де, былай... — Елдес қолымен
тамағын шеңгелдеп көрсеттi.
— Үйту... қазақтың қолынан келе қоймайды.
— Е, неге?
— Оны... кезiнде айтам. — Жәнiбек бағанадан берi үнсiз отырған Ниязға бұрылды. — Немене, осы сенiң басыңды
байлаған дей ме?
— Байлағанда қандай, — деп, Елдес одан бұрын жауап бердi. — Жын-шайтаншыл неме едi. Ендi тиын санаған
саудагердiң қызын ап, миы қатып отырсын. Өзiне бұл жүдә сауап болды!
— Е, дұрыс екен, — деп, Жәнiбек үнсiз қалды.
Елдес тағы да тықыршып, iнiсiне қарады:
— Сен мұндағы жаңалықты есiттiң бе?
— О қандай жаңалық?
— Бала, қызық. — Елдес малдас құрып отырды. — Ана Ережеп орыс жағына ұнап жүрген жоқ па? Сол анада кеп,
мына Дүзбайға бiраз әңгiменi көңiрсiтiптi. Орыстарды әдiл, оларды төменгi жақтағы Байұлы, Жетiруларды жарылқап
отыр дептi.
— Қойшы?
— Ол ол ма? Ауылына ана Орынбордағы генерәл-күбiрнәтiрдiң өзi қонақ боп кетiптi дейдi.
— Оны қайдан есiтгiң? — дедi Жәнiбек сенбей.
— Шәки қайын атасына келгенде айтыпты.
— Қайдам, рас болса, рас шығар. — Жәнiбек сыр бермедi.
Iшке Қасқырбай бiр табақ еттi буын бұрқырата көтерiп кiрдi. Қонақтар қолдарын жуып, жайылған дастарханды
жағалай отырысты. Қасқырбай өткiр пышағымен ет турай бастады. Биыл туған қозының етi ширап қалған екен. Бiр
елiдей ақ майы қабырғаның сыртын тұтаса жауып тұр. Ортада құйрық майы төңкерiлген шөгендей теңкиiп жатыр.
Қомағайлау Елдес құйрық майды бiр кесiп ап, аузына тығып жiбердi. Дәл осы кезде, ассалаумәликүмiн әндете созып,
түтiн аңдығыш қыдырауық Тиышбек қiрiп келдi. Ол бұлардың жақтырған, жақтырмағанына қарап жатпастан, етiгiн
сыпыра сап, қолын асығыс-үсiгiс шайып жiберiп, Елдестiң төменгi жағына жалп етiп отыра кеттi де:
— Әй, өзiм үнемi осы үйдi мақтап жүрем-ау. Мынау бiр семiз мал ғой, — деп, құйрық майдың бiр бөлегiн бiр-ақ
қылғытты.
Жәнiбек ұнатпай, қабағын шытты:
— Иә, қайдан жүрсiз?
— Қайдан дерiң бар ма? Былай... кәсiп қып... Түлкiге қақпан құрып ем, сосын соға кетейiн деп...
— Ау, сенiң ондайың да бар ма едi? — дедi Елдес кекетiп.
— Е, менi кiм деп едiң? Қақпан құрғанда мен құрайын. — Тиышбек құйрық майдың бiр бөлiгiн тағы да қылқ еткiздi.
Ет жеп бiткенше Тиышбек оны-мұны гөйiтiп, барлығының мазасын май iшкендей қылды.