Стр. 42 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

Сол күнi Нияз Жәнiбектiң ауылында қонып қалды. Елдес үйiне қайтты. Тоя жеген тамақтан кейiн бойы ауырлап,
ұйқысы кеп, ат үстiнде былғақтап, аулына шаққа жеттi. Ақ үйге тақап кеп, аттан дүрс етiп түстi. Қазық-бау шалып
байлай сап, iшке кiрдi. Жас тоқалы екi бетi қызарып, алабұртып, көйлек жамап отыр екен. Есiктiң қыр көзiнде анада
Ережеп аулынан алып қашқан хиуалық құлы Атаяр күбi пiсiп тұр. Елдес ештеңенi аңғармай, жерге отыра кеттi де:
— Қатын, етiгiмдi тарт, — дедi.
Тоқал қылымсып кеп, байының көтерген аяғына жармасты. Тырмысып, бар күшiн сап тарта бергенiнде, бұл iш
жағынан қарыстырып тұрған бақайын жазып жiбердi. Тоқал көткеншектеп барып, шалқ ортасынан құлады.
Елдес үйдi басына көтерiп, қарқ-қарқ күлдi.
16
Қалмырзаның ұнжырғасы түсiп кеттi. Қанша ойламайын десе де, қалыңдығының абыройсыз сөзге iлiккенi жанына
бата бердi. Жат нәрсенi бауырына басып, жылытып жатқандай iшi жыли қоймады. Мұның сол халiн Зағипа да сезетiн
сияқты, қабағы бiр ашылмайды. Кiсiге туралап та қарамайды. Осы үйдiң шаруасын атқарысуға қайыл құлағы кесiк күң
секiлдi ертеңдi-кеш қазан-ошақ маңынан шықпайды. Келiншегi өзiмен-өзi боп, бөлектене бастаған сайын, өзiнiң қашық
тартып бара жатқанын қинала сезедi.
Сол үстiне Нарман жаңа әбiгер әкелдi. Қолына Ережеп берген мал тиiсiмен-ақ, маса-сонасы көп дария жағасына
шаққа шыдап жүрген кiсi көшемiн де, көшемiн деп бұлардың төбесiне зығыр ектi. Қалмырза әкесiн ақылға келтiрмек
боп: “Көке-ау, жылы орынды суытьш қайда барамыз? Мына бес-алты қара кiмнiң өңешiн бiтер ырыс болады? Биылша
шыдайық та”, — деп едi, қисық шал мұның сөзiн құлағына да қыстырмады. Бүгiн бәрiн таң алакеуiмнен тұрғызып, үйдi
жыққызып, бар жүктi үш түйеге артқызып, Қызылға тартып бердi. Нарманның асыққаны сонша, бiраздан берi қоңсылас
болған Тұрғали ауылымен де қоштаспады.
Ата қонысьша қарай тартқан шолақ көш ұлы сәскеге таман Қатынкөлден өтiп, Жаңаарықтың бергi көзiне iлiктi. Сол
арада аз аял жасады. Ағлес, Зағипалар қазын-ошақ асты. Қалмырза кетпенмен шауып, жалпылдақ отын әкелдi. Нарман
мен әйелi сүйегi әлi әрiн бермеген алты қанат ақ үйден жолым үй тiктi. Қараша айының салқын, өткiр желi лаулап
жанған томар жусанның жалынын шалқытып әкете бередi. Дала жүдеу. Суық торғайлар қаптап ұшып жүр. Қара қарға
дамылсыз қарқылдап, қанатының астынан жел көтерiп, жемтiк iздеп әуре. Әр жер-әр жерден сасық күзендер бастарын
көтерiп қарап, iзiнше iндерiне зып бередi.
Қалмырза кеуiлсiз. Көптен берi ат iзiн салмаған қыстаулары орнында құламай тұр ма, жоқ па, — ол да мұның жанын
қинап отырған бiр жағдай. Әкесiнiң онымен iсi жоқ. Қырға үйренiп қалған шал Сыр жағасында қамауда отырғандай
екен. Жолым үйдiң қанаттарын қатайтып жатып:
— Шiркiн, ауа қандай! Бал ғой, — дей бередi.
Әр-берiден соң шалының сабырсыздығы шешесiнiң жынын келтiре бастады. Ақыры кемпiр шыдамай:
— Арманың бiтсе, ұшпағыңа жетерсiң, — дедi.
Нарман оған ажырая қарады:
— Е, жетсем, немене менi өмiрi алдына мал бiтпеген, желiсiне жылқы айналмаған тақыр кедей көресiң бе? — Ол
қатынын баяғы болып-толып тұрған кезiнде қалың малды басыңқырап берiп, кедейлеу жерден алған едi. Ендi қара
шаңырақтан құт қашқан тұста мына өмiрдiң ыстық-суығын бiрге көрiп келе жатқан әйелiн өзiн басынды деп ойлады.
— Бiтсе, бiткен шығар. Боқ дүния кiмге айналмаған? Қашаннан боқ пен шыбынның қарасырап тұратын әдетi емес
пе? — дедi сөзкер кемпiрi шалынан жығылғысы келмей.
— Әй, осы сен не былшылдап тұрсың? — Нарман шаңқ ете түстi. — Баяғыда... бүйтерiңдi бiлгенде... — Шал кiжiнiп,
қолын бiр сiлiктi.
— Не баяғыда?
— Өшiр үнiңдi! — деп, шал қамшысына жармасты.
Кемпiр тайқып шыға келдi. Ол шалы қамшыға жармасқасын-ақ бұл үйде ешкiмнiң берекет тауып отырмайтынын
жақсы бiлетiн.
Қалмырза әкесiнiң алдынан шықты:
— Көке, нағыласың? Ашуыңды бас!
Шал қалш-қалш еттi:
— Ойбай-ау, басыңнан бақ қашқанда жаман байталдың құйрығына iлесiп келген ұрғашының басынғаны жаныңа
батады ғой! Құдайдың маған берген азары онсыз да аз ба едi? Ендi маған жетпегенi қатынның қорлағаны болды? Өй,
қақпас, кеңiрдегiңдi жұлып алайын ба? — деп, Нарман тұра ұмтылды. Кемпiр келiнiнiң артына жасырынды. Шал
қамшысын сiлтеп қап қалды. Аңсыз тұрған Зағипа қамшы тиiп, ыршып түстi. Кемпiр жолым үйдi айнала қашты. Нарман
оны қуып жетiп, қыр арқадан бiр-екi рет тартып-тартып өттi.
— Көке-ау, келiнiңнен ұялсаңшы, — дедi Қалмырза әкесiнiң қасына кеп.
Шал сонда ғана есiн жиды. Түрi қап-қара боп тұрып, сақалы селкiлдеп:
— Ит-ау, кәрi қойдың жасындай жасым қалғанда менi осы неге тырысып жүр дейсiң? Немене менi осы малды о
дүнияға алып кетедi деп ойлайсың ба? Бәрi сендердiң қамдарың емес пе? Соны мына доңыз неге түсiнбейдi? Малым бар
да, табанымды жалап, малым жоқта табалаған қатын адам ба, сiрә? — деп, еңкiлдеп жылап жiбердi.
Қалмырза не iстерiн бiлмедi. Әкесiн қатты аяп кеттi. Не деудiң ретiн таппай:
— Көке-ау, көксегенiң мал болса, бiрдеме етермiз. Ұрласам да, бiр айласын табармын, — дедi.
— Тәйт әрi! — дедi шал кенет ақиып. — Бiздiң тұқымда араммен мал жинаған кiсi болған жоқ. Үлкен әкемiз ақ
таяғын ұстап қалғанда да, арам-алысқа жоламаған. Үш-төрт жылда шаруағойлығының арқасында, баяғы қалпына
келген. Бiр аштың бiр тоқтығы болады. Бұ да құдайдың басқа салғаны да. Оған көнбеске лаж жоқ. — Нарман ендi
қамшысын екi бүктеп ұстап, бүкiрейiп, үй жаққа қарай кеттi.
Күн батты. Күзгi далада салқын жел соқты. Алба-жұлба бұлттар күнi бойы қонған шаң-тозаңнан арылтқысы
келгендей, аспан бетiн асығыс сүртiп барады. Нарман мен Қалмырза үй маңына түйелердi шөгерiп, тiздеп тастады да,
астарына мiнген аттарды аяғын тар ғып тұсап жiбердi.