Стр. 44 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

— Саған айтар шаруа бар!
17
— Осы Нияз не iстеп жүр?
— Ау, оны мен қайдан бiлейiн?
— Қатарың дегенiм ғой. Осы соның маған қылуасы ұнамайды.
— Әкесi әлi бала деп жүрген жоқ па? — Жәнiбек мырс еттi.
— Қайдағы бала. Осы Сәкең де қызық. Баласын сүрге сала ма? Жасын ұлғайтып жiбердi. Ендi жаман неменiң текелiк
қылып жүргенi анау, — деп, Мамырай ренжи сөйлеп, шәй құйып отырған Балқияға қолындағы кесесiн ақырын ұсына
бердi.
Жәнiбек көптен берi үйден шықпай, кiтап ақтарып, жатып алған-ды. Бүгiн зекет жайын ақылдаспақ боп, әкесiнiң
ауылына келген едi. Ол Нияз бен Алуаштың арасындағы әңгiменi бүгiн естiген болатын. Ендi қабағын шытып:
— Мұнысы бекер болған екен, — дедi. — Онсыз да арамыз суысып кетiп едi. Мынадан кейiн... ел iшiне сөз кiрмесе
жарады.
— Менiң де ойлап отқаным сол, — дедi Мамырай қабағын шытып. Сосын төменгi жақта малдас құрып отырған
кенже ұлы Әлжанға салқын қарады: — Ертең сен де сүйтiп, ел-жұрт алдында менi масқара қып жүрме!
Әлжан ұялып, қызарып кеттi:
— Бапа-ау, менi немене жынды көресiң бе?
— Көрмесем сол. Болсаң, жөндем болған жақсы. — Мамырай ендi Жәнiбекке бұрылды. — Ал, Қоқан ханы не дейдi?
Сен оны өз көзiңмен көрдiң бе?
— Көрдiм ғой. — Жәнiбек қолындағы кесесiн аузына апара бере iркiлiп, тоқтай қалды. — Бiрақ одан... бiзге не
пайда? Екi ханның бар көздеп отырғаны — Сыр бойындағы қожалықтарынан оңайлықпен айрылмау. Сосын... екеуi тiзе
қосып ап, Насрулланы мұқатпақ. Менiң андауымша, олардың бар ниетi сол.
— Ау, сонда исi дiн мұсылман, ғазауат деп жүргендерi қайда?
— Соны... құр сөз бе дейiм. Әйтеуiр, олардың бiздiң жайымызды ойламайтынына көзiм жеткен секiлдi.
— Е, деген екен. — Мамырай ойланып, бiраз үнсiз отырды. Күректей қолымен шашын тақырлап алдырған маңғал
басын сипап қойып: — Қанша туыс дегенмен, бiр жатырдан шыққан ағайындының арасында да ала ауыздық бола
бередi. Бұл деген... қайда, алыс қой. Қазақ, Созақ жаралғалы не заман өттi. Одан берменгi балдар сол туыстықты бiле
бередi деймiсiң? — дедi.
Жәнiбек әкесiнiң ескi шежiредегi аңыз әңгiмеге қарай қиястағанына таңғалды. Iшiнен: “Бұларға салсаң осы. Бiрдеме
келiспесе, ертекке қарай жүгiредi”, — дедi.
Мамырай тағы да баппен сөйледi:
— Қазақ қазақ болып жаралғалы не заман. Осы жапан далада ата-бабаларымыз қадым заманнан берi мал бағып,
тiршiлiгiн көрiп келедi. Ендi сол елдiң басына күн туды деп айта алмаймын. Ел бiр елшiлiгiн қылады. Осыған дейiн
Хиуасыз да өмiр сүрiп келген жоқпыз ба? Сүйтiп күнiмiздi көре беремiз де. — Ол сосын кесесiн төңкердi. — Жаңа зекет
жайын айттың. Мен саған анада-ақ қолайсыздау кезде билiкке шықтың демеп пе едiм. Ендi хан жарлығын екi етуге әлтiң
жоқ. Орындау жәнә... қиын.
— Неге? — дедi Жәнiбек таңғалып.
— Негесi сол, Әлiм, Шөмен ауылдары орыс бекiнiсi жағына қарай қашып жатыр. Оларды үгiттеп жүрген Ережеп
көрiнедi. Ол: “Хиуа ешкiмге де опа бермейдi. Қызметiн шеккен менiң ағамның киген кебi анау. Мына орыстар қазаққа
жайлы екен. Жаман шақша бас сартқа зекет деп мал бергенше, ақ патша жағына шығып ап, сол малдарыңды өздерiң
сойып жеңдер”, — дептi. Соған ығланған ел Қарақұм жаққа қыстамақ боп көшiп жатыр.
— Апырмай, ә?! — Жәнiбек не дерiн бiлмедi.
— Мұның астары — сенiң кәдiрiңдi түсiру. Алым-салығын елден жинап бере алмасаң, ертең сенi Хиуа ханы
басыңнан сипай қоймайды.
Сол арада тықыршып отырған Әлжан әкесiне күле қарап:
— Бапа-ау, бiзге жайлы болса, сол орысыңның өзi жақсы емес пе? Зекет деп тегiн мал бергенiмiз осы жетпей ме? —
дедi.
— Не сонда, бiзге шоқын деймiсiң? — Мамырай баласына жақтырмай қарады.
— Ау, мына Арқа жағындағы қазақтар шоқынбай-ақ отыр ғой.
— Қой әрi. — дедi Мамырай жекiрiп. Iшiннен қарсы айтар дәлелi жоқтығын сезсе де, баласына бел бергiсi келмей: —
Сен оны қайдан бiлесiң? Арқа түгел, мына Қуаңның сағасына барып көрмей жатып, сұқақтамай тиыш отыр, — дедi.
Сосын ол Жәнiбекке бұрьшды. — Биыл қыс қатты болады деп есепшi айтыпты. Күзеуде осы арада отырыңқырап,
қыстауға бозқырау түсе көшкен жөн ғой деймiн. Оған дейiн кiсi жiберiп, қыстауларды сылатып, оңдатып қойсақ
кәйтедi?
— Оның да дұрыс.
— Сен... бүгiннен бастап ана Қасқырбайды бас қылып, үш-төрт жiгiттi жiбер. Мен мына ауылға барып қайтам.
Мамырай қасына Әлжанды ертiп, Сырдың жағасынан жақында ғана бiр аударылып қонып, күзеуде отырған Сағынай
ауылына ат басын түзеп алды. Толық, жауырыны қақпақтай Мамырайдың астына мiнгенi быртық бақай, мықты ат.
Жүрiсi онша жайлы емес тоқ ат қорт-қорт желiп, анда-санда құмалақ тастап келедi. Әлжан құнанының басын тарта
ұстап, әкесiнiң алдына түсiп кетпейiн деп, сақтана бередi. Мамырай үндемедi. Артық ауыз сөзге жоқ ол осындай жолға
шыққанда өзiмен өзi боп, бiтеуленiп алатын. Кәзiрде де ол тiс жармай, iшiнен Нияздың жаман атқа iлiккен жағдайын
ойлады. Мұны естiсе, Әбдiраманның шалқаюы мұмкiн. “Балама құда түспей жатып, жаман өсегi шықты. Әлден бүйткен
жiгiт ертең не iстемейдi? Одан да аш құлақтан тиыш құлақ”, — десе, оны ыңғайға қалай келтiредi? Ол екi араға тағы да
бұл жүредi. Соны ойлай келе, бұл бiр iске бел буды.
Соңғы кезде терiскейден бетi аумай тұрып алған ызғырық жел күздiң соңы қылшылдаған қысқа ұласарын
сездiргендей салқын тартып барады. Дала қуаң. Анадайда артынан жел қуалаған қаңбақ басы ауған жаққа жосып
барады. Аспан шәйдай ашық. Мамырай ер үстiнде дұрысталып отырып, шапанының екi шалғайын қаусырынды. Сосын
атын сипай қамшылап, желiп кеттi.