Стр. 50 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

шықты. Бұл жолы Тортай сақтық жасап, үш-төрт жiгiттен жасақтап алға да, артқа да шолғыншы жiбердi. Керуен
соңынан едәуiр жерде ерiп отырған жiгiттер әлсiн-әлсiн қуғыншының жоқтығын айтып, хабар жiберiп тұрды. Алдыңғы
жақтағы шолғыншылар да қауiптi ештеңе жоқтығын айтысты. Тортай сонда да сенбей, түн болғанша тау арасында кiдiре
тұрғанды жөн көрдi. Мұны керуенбасы да қолдады. Олар түйелердiң белдерiн босаттырып, аттарды тар ғып тұсап, отқа
қоя бердi де, сақтық ойлап, жiгiттерге тең арасында тығулы жатқан мылтықтарды үлестiрiп бердi. Тортай өзi көз
шырымын алмай, биiктеу бiр жерге жайласып, жан-жаққа дүрбiмен қараумен болды. Сезiктi ештеме жоқ. Дүрбiнiң
әйнегiне мүлгiген тау сiлемi, қалың шыршалар, етекте сылдырап ағып жатқан майда өзеннен басқа дәнеме iлiкпедi.
Сосын ол қараудан жалығып, қалың шөпке қисая кеттi. Тортай сiлесi қата шаршағанын сонда ғана бiлдi. Суыт жүрiстi
көтере алмай белi талып, қара саны талып қапты. Ұйқы қысқан басы ауырлап, ерiксiз иiлiп кете бередi. Еңкейiп барып,
селк етiп, басын көтерiп алады. Тұманданған көзiмен айналаға қарайды да, қайтадан мүлги бастайды. Сүйтiп отырып, ол
мызғып кеткенiн байқамады. Қанша ұйықтағанын бiлмейдi, бiр кезде селк етiп оянса, ұйқысы әжептәуiр қанып қапты.
“Құс ұйқы деген осы екен-ау”, — деп, ол тiктелiп отырды. Сосын жiгiттердiң пырдай боп жатқанын көрдi. Бәрi де
шаршаған. Анадай жерде аспаз тамақ пiсiрiп жатыр. Тортай одан көзiн тайдырып әкетiп, өз шаруасын ойлады. Рас, ол
Ташкент пен Қоқанға апаратын жолдарды картаға түсiрiп алды. Әскер санын, қару-жарақ түрлерiн бiлдi. Ең бастысы,
Насруллаға қарсы Қоқан мен Хиуа хандарының астыртын келiссөз жүргiзiп жатқанын, олардың арасында ала
ауыздықтың барын аңғарды. Бұл Орынбор генерал-губернаторы үшiн аз мәлiмет емес. Тек мұны аңғырт басқан қадамы
арқасында Бұхара, Самарқанға бара алмағаны, ол жақтағы жолдарды картаға түсiрмегенi қинайды. Ол ендi мына тау
арасындағы жасырын жолды шамамен картаға түсiре бастады. Басты шоқы, сай секiлдi белгiлердi қызыл сызықпен
қоршап қойды.
Түн болысымен, олар қайтадан жолға шықты. Суыт жүрiп отырып, таң сыз бере, Әулиатаның үстiне кеп
құлады. Керуен басы тағы да аялдағанды мақұл көрiп едi, Тортай көнбей қойды. Бұл шәһар Ташкент құшбегiсiне
қарайды. Жәйбарақат демалып жатқан керуендi сезiп қойса, әскерлердiң шауып алуы мүмкiн. Сосын мұның
Хұдаярдың алдынан бiр-ақ шығатыны сөзсiз. Ол неде болса ел әлi ұйқысынан тегiс тұра қоймаған елең-алаңғы
шақта шәһардан ұзап шығып кеткендi қолайлады. Жiгiттерге қандай жағдайға да әзiр тұрыңдар деп қатал тапсырды. Өзi
керуеннiң бас жағында жүрiп отырды. Керуенбасы түйелердi жетелеп, қаланы қиястап, бiр бүйiрге тартты. Құдай оңдап,
бұларды ешкiм көре қоймады. Жедел жүрiп, Әулиеатаның тұсынан өтiп те кеттi. Қазақ сахрасына табаны iлiккесiн
барып қана, Тортай жайланып, уһ деп демiн бiр-ақ алды. Ол маңдайынан бұршақтаған қара терiн бет орамалымен ендi
сүрте берiп едi, кенет арт жақтан шыққан қолайсыз шуды естпi, тұла бойы мұздап сала бердi:
— Қуғыншы! Қуғыншы!
Шынында да арт жақтан бұрқырай шыққан қалың шаң көрiндi. Тортай тез бойын жиып, жиырма шақты жiгiтке
мылтықтарын әзiр ұстатқызып, керуеннiң соңынан жүрдi. Керуен басы жаны қалмай, сай-саймен тартты да отырды.
Қуғыншылар жетем дегенше бұлар қазақ хандарының жерiне дендеп енiп те кеткен едi. Қоқан сарбаздары мидай даланы
көрiп, әлденеге iркiле түстi. Тортай олардың сусыз, жапан даладан қорқатынын бiлетiн. Осы жолы бедiрейiп жатқан
Бетпақ даланың етегi жар болғанын сезiп, көзiне жас кеп қалды. Өзi тiршiлiк жоқ, меңiреу деп бiлетiн сары даланы
әлденеге жақсы көрiп кеттi.
Қоқан сарбаздары керi қайтқасын, олар екi күн бойы тiзе бүкпей, суыт жүрiп отырып, Бетпақ даланың iшiне дендеп
кiрдi. Шу өзенiнiң аяқ жағына жеткесiн, керуен үш күн дем алды. Сосын Ұлытаудың үстiн басып, Түркiстан, Созақты
сол жақта ұстап, күн батысқа қарай тартты. Аздан соң қарт Қаратаудан асып, Ырғыз жағын бетке ұстап, керуен жапан
далаға сiңiп кете барды
20
Үшқарадағы қыстауына кеп, орналасып алғасын да, Ережеп мазасыздана бердi. Хиуа ханының өз тұқымын
ренжiткенi бiр бүйiрiнде темiр тiкенше қадалып жатып алды. “Бұларға кiсi сенiп болмайды екен ғой”, — деп, өткен-
кеткендi ойлап, кеуiлi жел ызғыған даладай құлазып сала бердi. Ол әкесi Келманның жиырма жылдан астам уақыт бойы
Хиуа ханына сардар боп, қызметiн шеккенiн, Сыр өлкесiнде аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермегенiн еске алды. Одан соң
билiк Мiрәлiге тидi. Әңгүдiктеу ағасы қоян жымына тұзақ құрудың орнына, бал олжасын сойылмен қара соғып алам
деп, қара күшке басты да кеттi. Ол, әсiресе, бiр бөлегi Бұхараға, бiр бөлегi Хиуаға қарайтын Мамырай тұқымына теңдiк
бермей қойды. Онда да ол қиянатының бәрiн Дадабекке арқа сүйей отырып iстедi. Содан тапқан опасы анау. Ақыры ол
өзiнiң осындай дәңкәсәлығының кесiрiнен қолдағы билiктен айрылды да қалды. Ендi бұларды Хиуа ханы маңайынан да
жүргiзбейдi. “Сонда не iстеу керек? Басқа әрекет қылатын iж амал жоқ па? Әлде...” Ол әрi ойланып, берi ойланып,
ақыры бiр тәуекелге белiн нық буды.
Сенiмдi кiсiлерiн ел арасына жiберiп, “Хиуа ханына зекет бермеңдер! Орыс бекiнiсiне iшкерiлеп өтсеңдер, сендерге
iжкiм де тимейдi”, — деп, үгiт таратты. Хиуа сарбаздарының қаттылығынан зәрезап боп қалған жұрт Қарақұмға қарай
ағылып көше бастады. Бiразы жайлаған жерлерiнде қалып қойды. Ережеп насаттанды. “Ендi Хиуа сенiң маңдайыңнан
сипаса, көрiп алдым”, — деп, Жәнiбектi сырттай табалады.
Бүгiн ол дағдысына бағып ерте тұрды. Азанғы шәйға Қалмырза мен Шәкидi шақырып алды. Қараша туса да, бұл әлi
ықпаналап, қара үйде отырған-ды. Басына құндыз бөркiн киiп, үстiне жүнi тықыр пұшпақ iшiгiн жамылып алған-ды.
Имиген Нағиманың қолынан шәй құйылған кесенi алып жатып, Қалмырзаға сынай көз тастап қойды.
— Бала, осы сендердi Мойшаққа көшкен дей ме?
— Иә. — Қалмырзаның қараша жүзiнде күдiк табы тұр.
— Сонда Нарекеңнiң көздегенi не? Хиуаға жем болу ма?
— Ояғын... бiлмедiм.
— Бiлмесең, ұғып ал. Жұрттың бәрi зекет төлемеймiз деп қарақұмға қашып жатыр. Ал Нарекең залымның уысына
өзi барып түсiп отыр. Одан кiмге пайда, кiмге зиян? Артын ойламаса, ертең қолдағы азын-аулақ жандықтан қағылып
қалады, — деп, Ережеп қамқорси сөйлеп, жүзiн жылытып, жылыұшырай қарады.
Қалмырзаның бетiне қызғыш рең тептi:
— Ояғын әкем ескермеген-ау! Шынында да, солай екен ғой.
— Солай солай. Ендi тездетiп, әкеңдi Қырға көшiрiп алу керек.