Стр. 52 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

— Мына Дiнәлiжанды Орынборға апарып оқуға берсем деймiн. Ана Тортай төре секiлдi сары ала киiнiп, ұлық болса,
жақсы емес пе?
— Қайдам? — Мәниға бұған жақындап отырды. Сары тора бола бастаған әйелдiң ыссы демi жақыннан сезiлдi. —
Ендiгi басшымыз өзiң емессiң бе? Жөн дегенiн iстей бер. Ағаңның баласын сенен құдай бөлектемесе, адам бөлектей ме?
— Ол сыбырлай сөйледi: — Қайны боп баяғыда қарық қылмап ең? Өзiң адам жабайысы сияқтысың ғой, — деп, ол
мұның қолынан ұстады.
Ережеп жымиды.
— Менi немене көрiнген жерге аунай кетер қотыр айғыр көресiң бе?
— Соқыр ат қотыр атқа үйiр деген. Аунасаң, қотырың жұғады деп қорықпайым. — Мәниға мүлдем жақындай түстi.
Ережеп өз сезiмiне елтiп, аз-кем отырды да, салқын тартты:
— Ағамнан қалған ыдыстан мен қауға тартпағанда, кiм тартады? Бiрақ... Ел-жұрт барын ойлайық. Ұят боп жүрер, —
деп, Ережеп қолын ақырын тартып алды.
Ел-жұртта менiң шаруам қанша? Құдай қосар әмеңгерiмсiң.
Сонда да... кiдiре тұрайық. Жылы өтсiн.
— Өй... — Мәниға жеркене қарады. — Одан да ана солма аурудан тұрғандай iлмиген қатынымнан қорқып отырмын
десеңшi. Тесiкке көсiк десейшi. Тiрлiгiнде қарық қылмаған ағаңның құр елесiне алданып отыратын жайым жоқ. Түбiнде
алам десең, бiр жағына шық.
Ережеп не дерiн бiлмедi. “Қашқақтай берсем, абырайсыздыққа қалармын”, — деп ойлап:
— Жесiрiмдi жатқа төсек етер жайым жоқ. Әуелi мына шаруаны бiр ыңғайлап, — деп, орнынан түрегеле бердi.
Сыртқа шыққанында үй жагынан берi қарай оқты көзiн қадап тұрған Нағиманы көрдi. Қатыны зып берiп iшке кiрiп
кеттi. Ережеп сыр бермей, үйiне қарай жүрдi. “Екi қатын алғанның дауы үйiнде”, — деп ыңылдап, бiр-екi аттап барып
тоқтады. Басына шұғыл бiр ой түсiп, бiр жiгiттi шақырып ап, Захваткинге жұмсады. Ахиярға арнайы хат жазып,
Дiнәлiнiң жайын, жақсылығы үшiн өзiнiң жығылып қалмайтынын айтты.
Түн ортасы ауа ол түзге шықты. Алқа қотан тiгiлген жиырма шақты үйдiң қалқасымен жүрiп отырып, жеңгесiнiң
отауына кеп, сықырлауық есiктi жәйiмен аша бердi. Мәниға асыға күтiп отыр екен. Дереу оның екi қолы мұның
мойнына жыланша орала түстi:
— Келдiң бе?
21
Тайпан қолды болған малының соңынан Қарақалпақ жерiне сiңiп кеткенше дейiн iндетiп қуды. Барымташы кiсiлер
де әбден жырынды екен, бiр үйiрдей жылқыны iз анық қалмас бұйырғынды жазықпен, не сусымалы шағыл құммен
қуалапты да отырыпты. Жастайынан iзшiл, жершiл ол қанша тырысса да, мына ұрылардың қай тараптан келгенiн аңдар
белгi таба алмады. Шұбырған iз тура ат маңдайын аудырмай Хиуаға қарай тартып бергесiн, ол тiзгiн тартты. Қолындағы
қосшы жiгiттерiне:
— Ендi бiзге мал жоқ, — дедi ол күдер үзе сөйлеп. —Тура Хиуаға тартқанына қарағанда, сояқтан келген жау болды-
ау!
— Әй, қайдам! Хиуалықтар бүйтiп мал ұрламаушы едi. Олар тапа-тал түсте кеп, берсең — қолыңнан, бермесең —
жолыңнан дейтiн. — Тайпан ердiң қасынан ұстап, жерга қарай еңкейдi. — Мына бiр ат iзi маған таныс сияқты. Қайдан
көрдiм? — деп ойланып қалды. Ақыры есiне түсiре алмай, қолын бiр сiлтедi. — Неде болса, бұйырмаған мал болды.
“Шығысы шықпай, кiресi кiрмейдi” деген. Ал қайттық.
Олар қызды-қыздымен ат басын iрiкпей, ел шетiнен шырқап шығып кеткен екен. Қайтар жолда көлiктерiн қан сорпа
қылмай, ауанымен жүргiзiп отырды. Жолшыбай Қызылда отырған Шөмекейлердiң ауылдарына қонып, ер теңiне зауал
ауа Қуаң жағасына құлады. Онда да Құлқа кәрияның қыстауының дәл үстінен түстi.
Құлқа батыр аласалау етiп, балшықтан соғып жасаған тамына кiрмей, азын-аулақ ұсақ жандығы тiсiмен жұлып жер
талшығы жетерлiк Қуаңның өрiнде екi қара үй тiгiп отыр екен. Бұлар ассалаумағалайкүмiн әндете созып, iшкi кiрiп
келгенде, Құлқа төсекте жатыр едi. Бас жағында — кемпiрi. Ол мұны көрiп, басын көтердi. Аман-саулықта соң:
— Бұ йаққа ат iзiн сала бермеушi ең. Сенi не шаруа көтердi екен деп ойланып отырым, — дедi. Iрi сүйекi кiсiден ет
қашып, жүдеңкiреп қалыпты. Иығына жамылған iшiгi қолпылдап, кең жатыр.
— Құлеке, дұрыс айтасыз. Жоқ қарап жүргенiм, — дедi Тайпан етiгiнiң қонышын қолымен сипап отырып.
— Е, айдың, күннiң аманында не жоғалтып жүрсiң?
Тайпан қолды болған жылқы жайын айтып шықты. Құлқа ойланып отырып:
— Апырмай, мынауың қызық екен. Хиуалықтар ел шапса да, мал шаппаушы едi ғой. Бұл кiм де болса жақыннан
келген жау, — дедi.
— Ау, онда... Хиуаға тартып несi бар?
— Iз жасырайын деген шығар?
— О да мүмкiн.
— Бiрақ... — Құлқа күрк-күрк жөтелiп алды. — Жоқ, мұның қисыны аз. Барымташы қарақалпақ асып нағылады?
Әлде... кiм бiлiптi?
Шәй келдi. Жас келiн Шарапат шәй құйды. Қожақ төменгi жақта малдас құрып, қанақтарына кесе алып берiп
отырды. Мұрны қолағаштай, адырақ көз Тайпан сыншыл болатын. Құлқаның жаңада түсiрген келiнiнің шырайланып,
бiр бүйiрi бұлтия қалғанын елден бұрын аңдады. Шәйдi ысылдап-пысылдап тартып отырып:
— Құлеке, сақырлаған сары аязда жалаңқат шекпен киiп, жылқыға тебiн ашып бергенiңiздi талай рет көрген едiм.
Ендi күн жылыда iшiк жамылып отсыз. Соған қайранмын да, — дедi.
Жiпсiген маңдайын сүлгiмен сүртiп жатып, Құлқа ауыр күрсiндi:
— Әй, Тайпан, жас кезде не болды деп сұраудың өзi күнә. Жиырма бесте мал қайырған бура едiк, ендi күлге шөккен
кәрi атаннан не сұрайсың. Бiр шаншу ту сыртымнан қадалып ап, кетпей тұр. Алланың аманатын тапсыратын шақ жақын
ба деймiн. Өзi, жас жеттi, ұрпақ өстi, ендiгi жол бiздiкi ғой. Абыраймен жөнелсек, сол бiзге жетпей ме?
— Қойыңыз, Құлеке, қайдағы жоқты айтпай. Әлi-ақ сауығып, дыңылдап кетесiз.