— Кеуiлiңдi құдай көтерсiн. Пәндә шiркiн тiршiлiкке тоя ма? Оны мың жасаған Лұқман да азсынған...
— Па, шiркiн десейшi!
Тайпан Құлқа ауылына қонбады. Қайтадан атқа қонып, ат қосшыларын ертiп, Қуандарияның өрiн бетке ұстап,
тартты да отырды. Жаңадарияның төменгi сағасына iлiнгесiн, ат басын терiскейге қарай бұрып ап, күндi сол иығына
ұстап, ет пiсiрiмдей уақыт жүрдi. Сосын тура батысқа қарай тартты. Ақ көбiгi шыққан көлiгiн Сырдан өткесiн барып,
солықтатып алды. Сыр жағасында жалғыз бейiтше қалқиған төре үйiнiң тұсынан, кейiннен Төретам атанып кеткен
жерден өтiп, ендi тура күзеуiне қарай бет алды. Жолшыбай Елмырза ауылына бiр қонды. Қайың-қаптал иттердi
арсылдатып, ауыл шетiне кiре бергенде, бұл әлденеге таңдана түстi. Төре ауылында түрi-түсi бөтен кiсiлер көп екен.
Әсiресе, мұның көзiне орысқол киiм киген, талдырмаш, жұқа бет жiгiт айрықша түстi. “Бұ кiм болды?” — деп ойлана
түсiп, iзiнше бар гәптi бiле қойды. “Ау, оны... мына Орынбор жағында, орыс қызметiнде жүр деушi едi. Мұнда нағып
жұр?”
Елмырза төре сыртта жүргенде ғана арқайын болатын. От басында қарау, ұсақ, келген-кеткеннiң iшiп-жегенiн iштей
есептеп, жылап отыратын шығымсыз кiсi едi. Өзiне қысқа деп сойыстық малын әкеп бергенде болмаса, былайғы жерде
қара қазақты маңайына жолата қоймайтын.
Төре бұларды суық қарсы алды. Ет жоқ едi деп, тары көже асып бергiздi. Былтыр ғана төреге соғымға деп құнан
айғырын әкеп берген Тайпан қыржиып, көжеден бiр ұрттады да қойды. Жiгiттер де тамаққа өлiп-өше қоймады. Тайпан
сазарып, асығыс ас қайыра сап, орнынан тұрды. Ол ауылдан ұзап шыққасын барып:
— Сұлтандардың пейiлi тарылып болған. Құдайы қонақты да жақтырмайды, — дедi.
— Айтпа.
— Осы бiз... төрелерге неге жалпақтаймыз? Соларға берген соғымызмыз өз өңешiмiзден өтпей ме? Мынаған
ерегiскенде бар ғой биыл тышқақ лақ та бермейiм, — дедi Тайпан кiжiне сөйлеп.
Бiр атқосшы жiгiт атын тебiнiп, қапталдаса бердi:
— Тәке, жаңағы жас төренi байқадыңыз ба?
— Жоқ.
— Анада... соны iшкi жаққа кетiп бара атқан керуен арасынан көрiп едiм. Шамасы, содан қайтқан бетi-ау!
— Мүмкiн.
— Сонда ол... не iстеп жүр екен?
— Ит бiлiп пе? Жем түспейтiн жерде төре жүрмейдi. Бiр пайдалы тұсын тапқан болар.
— Тәке, байқайсың ба, биыл төрелердiң шабысы көбейiп кеттi. Соған қарағанда, бiр тықыр таянған-ау!
— Рас болуы мүмкiн.
Олар Дүзбай ауылына қонды. Мақтаншақ бай шал бiр қойын мауыздады да тастады. Жас сорпа iшiп, екi-үш күн
бойы ат белiнен түспей, көнi қатып қалған жiгiттер жадырап, арқа-жарқа болды да қалды. Тайпан сол ауылда қонып
жатып, тосын хабар есiттi. Кеше Ережептiң бiр шабарманы Дүзбай ауылында шұбат iшiп отырып: “Жәнiбек Хиуаға
жағамын деп, зекетке деп, елден мал тартып ала бастады. Iрә көнбегендерiнiң малын барымталап ап, тура Хиуа
шәһарының өзiне айдайтынды шығарды. Мықты болса, қазақ малын Хиуа ханынан даулап алсын дейтiн көрiнедi. Соған
көнбеген Әлiм iшiндегi алты Кiшкене, төрт Төртқара тегiсiмен сыпырылып шығып, Ырғыз жағына ауа көшiп жатыр
дейдi. Ел биыл Хиуаға зекет бермеймiз деп жүр”, — деп, гөйiтiп кетiптi. Тайпан жағасын ұстады. “Астапыралла! — дедi
өзiне өзi. — Мынау, сөз жоқ, соның iсi! Шамасы, ол жесiрiмдi бiрден бере қоймады деп iстеп отыр-ау! Ендеше, сенен
келген кердi көрiп алдым”.
Ақкөз Тайпан ауылына келген бойда, кiлең әпербақан жiгiттердi жинап алды. Бәрiнiң қолдарында бiр-бiр сойыл.
Араларында бiрер-саран айбалта, шоқпар ұстағандары да бар. Ертеңiне қолына атам заманнан берi келе жатқан, әбден
тот басқан жаман шитi мылтығын ап, Тиышбек жеттi. Сонадайдан өңешiн жыртып, айқайлап келедi.
— Дөсектiң сойылын соқпасам, бүйтiп Бозғұл болғаным құрсын! Қаратамыр өзiң үшiн Бозғұл бол деген. Сүйегiм
үшiн шыбын жанды пида етем! — деп, өз сөзiне иланып кеткенi сонша, аузы қисаңдап, еңкiлдеп жылап жiбердi.
Тайпанның Аспандарды шабамыз деп қол құрап жатқаны осы атырапқа бiр күн iшiнде тарады. Бiр күнi Бозғұлдың
бас билерiнiң бiрi, Балқы Күртебай келдi. Ол Тайпанға:
— Осының ақ, қарасын тексермей, ыссылай кiрiсiп жатсың-ау дейiм. Әуелi айыптыңды тауып алсайшы. Сосын
барып шапсайшы. Үйтпесең... қанаттас отырған ағайын арасына от түседi, қан төгiледi, — дедi.
— Мұны анықтайтын несi бар? Ұрым — Жәнiбек, — дедi Тайпан тымырайып.
— Көзiңмен көрдiң бе?
— Көрмесем де, көргендей болдым. Iз шалып қайттым.
— Бұл әлi дәлел емес, — дедi Күртебай ыңырана сөйлеп. — Мұмкiн, басқа бiреу шағыстырайын деп, әдейi сүйткен
шығар. Сенiң соған көзiң жетiп отыр ма?
Тайпан аузын ашып қалды. Әр нәрсенiң артын онша терең ойлай бермейтiн әңкүдiк кiсi:
— О да мүмкiн-ау, — дедi.
— Мүмкiн емес, соның дәл өзi! — дедi Күртебай ендi нықтай түсiп. — Өзiң ойлашы, Жәнiбек сенiң малыңды ұрлап
нағылады? Немене оның өзiнiкi өзiне жетпей ме?
— Ау, зекетке...
— Ол салықты сарбаз әкеп жинамай ма? Сонда... жасанған жауға сен не iстейсiң? Малыңды ерiксiз бересiң.
Менiңше... — Күртебай сөзiн аяқтай алмады.
Iшке Тиышбек жүгiрiп кiрдi:
— Ойбай, келе атыр!
Үй iшiндегiлер үрпиiсiп қалды:
— Кiм, кiм?
— Кiм болсын, жау да! Әлгi мылтығым қайда? — деп, Тиышбек шитi мылтығына жармасты. — Кәзiр бiр аңыратып
тұрып атайын!
— Әй, тоқта! Сенi, немене, перi қаққан ба? — деп, Тайпан ұшып түрегелiп, әйле-пәйлеге қарамай, Тиышбектiң
қолынан шитi мылтығын жұлып алды. — Түсiндiрiп айтсайшы, о кiм келе атқан?
Тиышбек баж ете түстi: