Стр. 6 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

— Өзiм де солай етер деп ем. Мың жаса, құда! — деп, ол Шәкиге қоржынын алдырып, шалдың арқасына масаты
шапан жапты. Басына құндыз бөрiк кигiздi. Сосын бәйбiшенiң қолына сом алтыннан құйылған тайтұяқты ұстатты.
Үй iшiндегi құрысқан кеуiл жiбiп сала бердi. Тек қана Қалмырза қанын iшiне тартып алған. Қарсы сөз айтуға үрдiс
қоспай, ешкiмге көз салмастан, сыртқа шығып кеттi.
Ережеп оны байқаса да, үндемедi. Бiр сәт iшiнен марқұм боп кеткен ағасына ызаланды. “Қасқа, кiсiнiң кәдiрiн
түсiрдi. Бергiмiз келмеген баламызды ендi алтын берiп өткiзiп отырмыз”.
Нарман құдасына қайта қарады:
— Ендi жөн-жоралғы жайын не iстеймiз?
Ережеп қолын сiлтедi:
— Үйтiп жатуға уақыт тар. Бұрынғыша кәделеп жататын кез емес. Балаңды қолыңа ал да, жақын ауылдарыңды
шақырып, той жасап жiбер. Қалғанын көре жатармыз.
— Ау, бұл өзi..., — дедi Нарман дағдарып.
— Кәде-мәде кейiн. — Ережеп Шәкиге қарады. — Қасыңа екi жiгiт ерт те, баланы алып кел. Бөлiнген малды
жылқышылар ертең айдап, Желжарғанның ойына жетсiн. Тойға үйдi сол араға тiксiн. Оған дейiн бiз де жетемiз, — деп
Ережеп тез бұйрық бердi.
Шәки сыртқа ата жөнелдi.
Қалмырза не iстерiн бiлмей, ошақ жанында бiраз тұрды. Сосын тез ақылға кеп: “Бұ да дұрыс шығар”, — деп,
қараүйдiң бел орағына қыстырылған қол орақты жерге атып ұрып, мал соймақ боп, пышағын қайрай бастады.
3
Ережеп Нарман ауылында көп кiдiрмедi. Екi-үш күннiң iшiнде Зағипаны құтты орнына қондырып, Нарманның
өңешiн малмен бiтеп, бiр бүйiрiнде шаншуша қадалып жатқан шаруасын оңына келтiргесiн, атқа қонды. Алды-артына
шығып, бәйек боп жүрген Нарманға ат үстiнен күле көз тастап:
— Нареке, ештен кеш жақсы деген. Сүйек шатыс боп жатырмыз. Соңырағы күнi от басы, ошақ қасының әңгiмесi
шығып жүрмесiн, — дедi.
— Ояғынан қам жеме. Алланың жазуынан басқа бәндә не көредi, — дедi Нарман Ережеп мiнген ат жабуының
шетiндегi алтын зердi түрпiдей саусағымен сипап тұрып.
— Онда сөз аз. Ал, қайыр-қош, — деп Ережеп атын тебiнiп қалды.
Мырза соңына қаптаған нөкерiн ертiп, ауыл сыртына ұзап шыға бердi де, кенет ат басын Сырдың жайпауыт
жағасында жыпырлап көрiнген жертөлелерге қарай бұрып алды. Тайпалған жорғаны еңкiлдеткен қалпы жатақ
қаракесектер ауылына жақындай бердi. Жақындай түскен сайын Ережеп өзiнiң бiр түрлi қысылатынын аңдады. Әсiресе,
Мiрәлiнiң жаздағы Тұрғали аулына салған сойқанынан кейiн, оларға не бетiмен көрiнгелi келе жатқанын қынжыла есiне
алды. Бiр кез ызаланып: “Өй, әңгүдiк сорлы! Жақын ағайынның өкпесiне қап!” — деп, ағасына ызаланды. Iштей: “Не
десең де, осы жерден көшiп кете алмайсың. Сондықтан алыс-жақын ағайынның аузын берiммен алса да, кеуiлiн
қалдырмау керек”, — деп түйдi. Сол екен, есiне Жәнiбекпен арасындағы кикiлжiң сарт етiп түсе кеттi. Иә, несiн
айтасың, кәзiр оның тасы өрге домалап тұр. Ағасы Мiрәлi әңгүдiктiк салдарынан қолдағы билiктен айрылып қалды. Өзi
де ештеңенiң тереңiн пайымдамайтың сорлы едi. Хиуа ханы берген билiктен өмiрi айрылмайтындай көрiп, алыс-жақын
ру басыларының төбесiне әңгiртаяқ орнатып бақты. Бұл ағасына жай күнiңнен гөрi, әсiресе, қолыңа тiзгiн тиген кезде,
өте сақ болып, ақылың мен айлаңның қатар келуi керектiгiн талай рет қақсаған. Бiрақ тоңмойын Мiрәлi бұған қолын бiр-
ақ сiлтеген. Дадабекке көп сене берме дегенiне қарқылдап күлген. Өзi ақыры сол ақылсыздығынан таяқ жедi. Ережеп сәл
күрсiнiп қойды. Ер үстiнде дұрысталып отырып, қарсы алдында қол созымдай жерде қылт-қылт етiп келе жатқан
атының қиған қамыстай тiкiрейген қос құлағына қарады. Одан кейiн көзiн тайдырып әкетiп, биылғы уақиғаларды iштей
сарапқа салды. Рас, бұл Әлiм, Шөмен жақсыларының әруағын қоздырып, намысын қорлаған Дадабектен кек алды. Тек
бұл осы әрекетiнiң әр жағын ойламапты. Жарайды, Қожаниязды талқандадық. Бiрақ сен барша қазақ даласынан
басқаларын түгел қуып шыға алған жоқсың ғой. Олар әлi ата-бабаңының аруағын, тiлiңдi, дiнiңдi қорлап, мал-мүлкiңдi
талап, ас-суыңды iшiп, туған жерiнде тайраңдап жүр ғой. Сен оларға қарсы аузыңды да аша алмайсың, үйтсең, зынданы
дайын. Сонда қазақ даласы жат жерлiк басқыншы, хиуалықтардың табаны астында тапталып жата бермек пе? “Ау, бiздi
де еркек деп, бiр ана қалжа жеген жоқ па?” — деп, алты алашқа ұран тастап, ат белiне мiнер батыр қайда? Ол кiм?
Тоғанақ па? Әлде өзi ме? Өзi болса, ертең Хиуадан жазалаушы сарбаздар келсе, кiмнiң басын қосып, қарсы
соғыспақшы? Шiл боғынша бытыраған қазақ бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығара қояр ма екен? Әй, қайдам? Сол
арада есiне биылғы жаздан берi басына түскен ала бөтен ой сарт еттi. Ол анада Жәнiбек бастаған Хиуа сарбаздарынан
бой сақтап, Ырғыз жағындағы ақ патша бекiнiсiнен әрi өтiп кеткен едi. Хиуалықтар ақ патша иемденген жерге iшкерiлеп
кiруге батпай, амалсыз керi қайтқан. Сонда Ережеп терең ойға батқан. Баяғы құба қалмақ тұсында Кiшi жүздiң ханы
Әбiлқайырдың ақ патшаның боданына өтiп, Шығыстан Қытай патшаларынан ауа қашқан қанқұйлы жаудың қармағынан
құтылып шыққанын iштей сараптаған. Iшкi-сыртқы жағдайды ойластыра келсе, Орынбор, Торғай, Ырғыз бойына кеп
табан тiреген ақ патшаның уақытша тыныс алып жатқанын, оның түпкi ниетiн аңғарғандай болған. Сол жолы Ырғыз
бекiнiсiнiң бастығы, едiрейген жирен мұртты Захваткинге қонаққа барғанында, орыс әскерiнiң қару-жарағының
жақсылығын қырағы көзi тез байқаған. Сөз жоқ, олар Сыр даласына iшкерiлеп кiрер болса, Хиуа әскерi ешқандай да
төтеп бере, алмайды. Және де олар ту-талақайға түскелi тұрған қазақ жерi үшiн қан төге қояр дейсiң бе? Қайта
қазақтарды оққағар ғып ұстап патша әскерiн Сыр бойына iркiп, өз қожалықтарына жақындатпаудың айласын
қарастырар. Әгәр... Өй, ол қайда?! Қаразым мен Хорасанды ит тартқан терiдей жырым-жырым ғып бөлiп алып жатқан
Қоқан, Бұхара, Хиуа хандарының аузы ешуақытта бiрiкпейдi. Олар бiр-бiрiн ала көзбен атып, бiрiнiң байлығын бiрi
қызғанып, көлденең көк аттыға жем болады. Одан да... түбiнде орам алары анық ақ патшаның оң қабағын осы бастан ала
бастағанның өзi дұрыс. Дерiн десе де, қашанда бiр нәрсеге ыссылай кiрiсуден сақтанатын Ережеп азырақ сабыр
айлағанды мақұл көрдi. Ол осы жолы бiраз дүмдi кiсiнiң тамырын басып байқамақ. Сосын... ау, мынау не? Ережеп
кеудесiне түсiп кеткен басын көтерiп алды. Жаңа ой үстiнде байқамай қалыпты, тақылдап кеуiп қалған қоңыр даланың
ала шаңын ат тұяғымен ұшыра отырып, нөкерлерiн ерткен қалпы дария жағасына қақала шыққан қалың тарыға кеп