Стр. 75 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

жақтарына ұстай отырып, Көсенiң батыс жағындағы кең жазыққа тура салды. Iлгерiректе Келман түқымдарының
қыстаулары малға жайлы деп, қыраттағы бозы мен майда көлдегi қамыс, қопағы көп осы өңiрдi қыстайтын. Бұл
араларды Тиышбек жақсы бiлетiн. Ол ендi топ алдына түсiп ап, аздан кейiн етi үйренiп, сампылдай сөйлеп,
қамшысымен әр дөңдi бiр көрсетiп, еркiнсiп кеттi. Содан олар суыт жүрiп отырып, күн кешкiре бiр ойға кеп құлады.
Жапан далада жылтыраған бiр от жоқ. Жайылған мал iзi де кездеспейдi. Аспанға бұлт айналып, терiскейден екпiндi,
ызғарлы жел тұрып, алғаш жауған қардың ұшқындары кiсi бетiне инеше қадала бастады. Көк жүзiнде әлдеқайда жөңкiле
көшiп бара жатқан сұсты қара бұлттар iзiнен ақбасқынды сүйреп келе жатқан сияқты. Нақып күн райын ұнатпай,
Тиышбекке:
— Жақын маңда ел бар ма? — дедi.
— Ел ме? — Тиышбек ойланып қалды. Өзiнiң тiсi тiсiне тимей, сақ-сақ етедi.
— Иә, ел, — деп, Нақып оған жан алғыш әзiрейiлше төне түстi.
— Ел бiр болса, мына Мойшақта болуға тиiс.
— Тарттық солай қарай.
Олар ет пiсiрiмдей уақыт жүрдi. Бұл кезде суық жел құтыра соғып, жерде жатқан жас қарды үйiрiп әкетiп, ақбасқын
басталып кеткен де едi. Дала ақ түтек. Боран көктен борап, жерден суырып тұр. Бетке инедей қадалған қылтанақ қар көз
ашырар емес. Оң жақтан соққан ызғарлы желге шыдамай, аттар қырындап кете бередi, Нақып жасауылдарды
шашыратпай, топтап ұстап, дөңкиген төбелердiң ығымен жүргiзiп отырды. Ара-арасында Тиышбектен жер шамасын
сұрап қояды. Ол бiрдеңе деп мiңгiрлейдi. Аттардың пысқырғаны, жасауылдардың жаңқылдаса сөйлескендерi, ұлыған
боран кiсiнiң апшысын қуырып жiбергендей. Нақып ендi өзiнiң қайрат көрсетуi керектiгiн, әйтпесе, мына ақбасқында
айдалаға ығып кетiп, үсiп өлетiндерiн ойлады. Атын аямай қамшылап, Тиышбектiң жанына жақындай бердi. Сол арада
бiр бүйiрден қарауытқан бiрдеменi көрдi. “Елес пе?” — деп, басын шайқап жiберiп, қайтадан қарады. Жер қойнынан
жаңа өсiп шыға бастаған нәрседей әлгi қарайған жыланша ирелеңдеген ақ түтектiң әр жағында бұлдырай қарауытып тұр.
— Анау немене? — дедi ол Тиышбекке айқайлай сөйлеп.
— Бiле алмадым.
— Осы маңда... төртқұлақ жоқ па?
— Неге? Бар болатын.
— Жүр, барайық.
Олар әлгi қарайғанға тура салды. Бұлар қанша жетем деп, тездетш жүрген сайын, әлгi қарайған алыстай түскен
сияқты. Шаршаған аттар омбылап, аяқтарын қалың қардан шаққа суырады. Титықтаған жасауылдар да ер үстiнде шаққа
отыр. Олардың iшiк, тымақ киген тұлғалары қараңғыда зорайып көрiнедi. Нақып неде болса деп, атын аямай сабалап,
топ алдына түсе бердi. Әлгi қарадан көз жазып қалмайын деп, ауық-ауық алдына қарап қояды. Көз алды бұлдырап, әлгi
қарайған бiресе жақындап, бiресе алыстай түскендей болады. Iзiнше дүние дөңгелене жөнелiп, ысқырған жел үнi
алыстан талып естiлiп, айнала бiр тұтас әппақ бiрдемеге айналып сала бередi. Содан шошынып, Нақып әлдеқандай ауыр
тұман қона бастаған басын күштене сiлкiп, алдына қарайды. Көз алдын көмген ақ кiреуке бiрте-бiрте айығып, әлгi
қарайған қайтадан бұлдырап көрiнедi. Ендi Нақып бойындағы бар күшiн жиып, атын қос өкпеден тепкiлеп, iлгерi
ұмтылды. Тағы да көз алды тұманданып кеттi. Тағы да дүние шыр көбелек айнала жөнелдi. “Ендi бiттiм-ау!” — деген
қорқынышты ой қап-қараңғы далада алыстан жылтыраған жаңғыз шырақтай санасында қылп-қылп етiп тұрды да, кенет
сөне бастағандай болды. Сол сәт бағанадан берi тоңазып, жаны кетiп қалған бетiне әлдеқандай жылы леп тигендей
болды. Ысқырған жел тура сабаламай, мұның жанынан өтiп жатқандай. Ол зордың күшiмен көзiн ашып алды. Әуелiде ат
басын тiрей тоқтаған қарайғанның не екенiн аңдай алмады. Қайтадан қарағанда барып, өздерiнiң төбе басында қалқиған
бiр төртқұлаққа кеп тоқтағандарын көрдi.
Тиышбек жыламсырап сөйлеп жүр:
— Мынау... жарықтық Мойшақ қыздың зираты. Бұл болмағанда, құрып ек.
Олар естерiн жиып‚ өзара түгендескесiн, жан-жақтарына көз тастап тұрып‚ осы арадан онша қашық емес ойда
орналасқан бiр қыстауды көрдi. Жасауылдар ендi тағы да жұптарын жазбай жүрiп отырып, Нарман ауылының үстiне кеп
құлады.
Нақыптар Нарманның үйiне түстi. Сыймағандарға тездетiп, арнайы үш қара үй тiгiлдi. Тездетiп от жағылды.
Бытырлай жанған сексеуiл табына бетi-қолдарын төсеп, жасауылдар отқа түсердей боп барады.
Қылмырза мен Зағипа жүгiрiп жүрiп, үйдегi өлi еттi түгел салып, қазан көтердi. Ыссы сорпа iшкесiн барып, жiгiттер
жан шақырысты.
Iрi сүйектi Нарман әлмә-һәл басын шайқап, таңдайын қаға бередi:
— Апырмай, күдай жар болған екен! Құйттай аусаңдар ғой, осыдан Қарақалпақ шетiне дейiн ел жоқ.
Тиышбек Нарманды санынан басып қойып:
— Құдай бiр сақтауын сақтады, — дедi. Өзiне таңдана қараған Нарманға жасауылдарға бiлдiрмей, көзiн қысып
қойды. — Қоян қағамыз деп, қаңғып өле жаздадық.
Бiр қолайсыздықты сезген Нарман сөзден тиыла қойды. Нақыппен қысқаша жөн сұрасқасын, жiгiттердiң
тыныққанын қолай көрдi.
Ертесiне Тиышбек жасауылдардың көзiн ала бере, Қалмырзаға:
— Бiздiң қатынға сәлем айт. Кiрiптар боп бара жатырмын. Өлшеулi дем таусылса, бала-шағаға егә болсын дедi де, —
деп, сыбырлай қойды.
Нақып қайтадан жолға шықты. Ол ендi көлiктердiң қоңын жықпай, бай ауылдарды жағалай отырып, хан ордасына
жеткендi мақұл көрдi. Сосын Тиышбектен жолдың жағдайын сұрап ап, тездете жүрiп отырып, бiр аздан соң Сыр
жағасында отырған Малдыбай ауылына кеп құлады. Бұлардың қарасын көрiп, иттер абалап, бала-шаға жылап, қатындар
бажылдап, жаңа ғана тып-тиыш тұрған ауыл бүйi тигендей у-шу болды да қалды. Оны тыңдар Нақып жоқ. Астындағы
атын тайпалта отырып, оң қарына iлген найзасын тiк ұстап, ауыл шетiне кiре бердi. Дәл осы кезде шеткi бiр үйден шыға
келген ақ туша аяқтарын тез алып, оның алдын кесiп өтiп бара жатты. Нақып шырт ете қап, көз iлеспес жылдамдықпен
атын тебiне бере, ырғай сапты найзаны сiлтеп кеп қалды. Найза ұңғысына дейiн бойлап кiрдi. Ақ туша бақ етiп,
аяқтарын тырбаңдатып, құлап түстi. Осы кезде өзiне еншiлеген ешкiсiнiң жазықсыз қанға боялғанын көрген Ақкербез
үйiнен жүгiрiп шыға бергенде, Тиышбек атымен алдын орағытып, оны жасауылдардың көзiнен қалқалап:
— Ойбай, құры! — деп сыбырлап үлгердi.