Стр. 78 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

Қыз қып-қызыл боп ашуланды. Сосын қолын жұлқа тартып ап, мойнындағы алқаның шынжырын бырт еткiзiп үздi
де:
— Балаңыздай емеспiн бе? Үйдеуге ұялмайсыз ба? — деп, оны лақтырып жiбердi. Сосын жалт бұрылып, аяғын
тездеп басып, сыртқа шығып кеттi.
Ыссы ұста дүкенiнен шыққан Ақкербез сыртта дем жетпегендей, екi танауы қусырылып, аз-маз тұрып қалды. Далада
шыңылтыр аяз бар екен. Ол оны елемей, биiк тақалы етiгiмен жердегi қарды кiршiлдете басып, отауына қарай беттедi.
Сүйтiп келе жатқанында оған бiр жеңгесi қарсы ұшыраса кеттi. Ауызы жеңiлдеу әйел сайқылана күлiп, бұның бетiне
сиқырлана қарады:
— Бикеш-ау, бетiңде бiр түйiр де қан жоқ қой. Бiлемiз, неге олай екенiн. Оң жақта отырғанда өзiмiз де... — деп, ол
бiр дөрекi сөздi тұп-тура өз атымен қойып қалды.
— Кетшi, сен қатын да бiр, — деп, Ақкербез оны керi итердi.
Анау бұған талақша жабыса түстi:
— Бәрiн де бер жағыңмен айтасың. Оны... былай... iшiң жақсы көрiп тұр ғой. Сұм қыз-ау, ана сорпақбайың көкек
айы туа қалыңдық ойнауға келетiн болыпты. Сон-да... iргеде жатып ап, не iстеп, не қойғандарыңды, әй, бiр құмарым
қана тыңдармын-ау!
Ақкербез өз құлағына өзi сенбедi: “Рас па? Шынымен, келе ме?”
— Оған дейiн... бармақ басым жерiңдi жылы-жұмсақпен сылап, былай... алдын ала дайындала бер.
— Құры, қатын! — деп, Ақкербез бүйенауыз жеңгесiне тарпа бас салды. Анау қарсыласа кеттi. Ақкербез жеңгесiн
құшақтай көтерiп ап, жерге алп ұрып жықты да, оның үстiне қона түсiп, о жер бұ жерiн шымшылай бастады.
Жеңгесi тарқылдай күлiп:
— Жiбер, қыдығым келедi, — дедi.
— Мен саған қыдықты көрсетейiн. Өзiң ет пен терiнiң арасындағы желiң алынбай жүрген қатын екенсiң.
— Оған... ағаң ғой кiнәлi.
— Мә, саған кiнәлi! Мә, саған!
Екеуiнiң ойнап, ұмар-жұмар алысып жатқан кезде қараүйден нағашы ағасы Қалдыбай шыға келдi. Ол бөркiн бiр
шекесiне киiп, шiкiрейе қарап тұр:
— Паһ, паһ! Екеуiнiң қарға аунаған түлкiдей болуын қараш!
Ақкербез орнынан атып түрегеп, үстi-басын қағынды да, ұялып, қолымен бетiн көлегейлеп, нағашы ағасына тiктеп
қарай алмай, бiр шетке қарай ығыстай бердi. Осы кезде орнынан атып түрегелген жеңгесi үстi-басы қар-қар қалпы
Қалдыбайдың жанына кеп:
— Мына жиенiңнiң қамын жемейсiң бе? Шiкiрейгеннен басқа қолыңнан келер дәнемең жоқ, — дедi.
— Е, не iстейiн? — Қалдыбай ақ тiстерiн ақсита күлдi.
— Ана... немеге кел демейсiң бе?
Ақкербез ендi кiдiрсе, бүйенауыз жеңгесiнiң бүлдiретiнiн сезiп, алды-артына қарамай, отауына қарай зыта жөнелдi.
Iзiнен жеңгесiнiң сампылдаған даусы қуып жеттi:
— Тесiкке көсiк жайыз. Iшi алып тұрса да, ұяла қалуын қараш!
Түн ортасына таман ұзақ ойдан қажыған Ақкербез талықсып ұйықтап кеткен екен. Басы мәңгiрiп, неше түрлi түс
көрдi. Түсiнде түрi сұсты бiреу ақ тушаны найзамен түйрейiн деп, қыр соңынан қалмай қуалап келедi екен. Түрi Нақып
сияқты. Кенеттен ол Ережеп бейнесiне ауысты. Одан жаны қалмай қорыққан ақ туша зытып кеп, мұны паналай бердi.
Ережеп найзасын сiлтеп кеп қалды. Бұл жасқанып, қолымен омырауын қорғай берем дегенше... кенет омырау тұсы
жылып сала бергендей болды. “Қан ба?” — деп, зәресi ұшып, төсiне қарай берем дегенде... тағы да омырау тұсы қыбыр
ете қалған сияқтанды. Ұйқылы-ояу ыңырсып, қолын көтерiп қалғанында, шынымен қос анарына қарай бойлап бара
жатқан кiсi қолына тидi. Зәресi ұшып, ұйқысы шәйдай ашылып кеттi.
— Бұ кiм? — дедi ол шошып.
Әлгi кiсi қолын тартып ала қойды. Бұл аңдап қараса, — Разақ! Ендi долданған қыз айқайға басты:
— Кет, өй, оңбаған!
Разақ сыртқа зып бердi. Мұның даусынан анадай жерде ақ шымылдық iшiнде қорылдап ұйықтап жатқан ағасы
шошып оянды:
— Бұ не?
— Жәй әшейiн. — Ақкербез көрпесiн басына бүркенiп жатты. Содан екi көзi бақырайып, таң атқанша кiрпiк iле
алмады.
11
Райым бекiнiсiнiң салынуы Хиуа шәһарын дүрлiктiрдi. Неше түрлi, алып қаштысы көп сөз ел iшiне тез тарап, күн
санап есемелей өсiп, адам сенгiсiз бiрдемеге айналып та кеттi. Бұл жағдай Хиуа ханын ойландырды. Мұхәммәд-Инақ
соңғы кездерi Сафар бидiң сөзiне көбiрек құлақ асатынды шығарған едi. Ядгарбек бас уәзiр бола тұрса да, әнеукүнi
Түркия сұлтаны жiберген елшiмен мәслихатқа оны шақырған жоқ. Бұл оған атқан оқтан кем тимедi. Бiр сәт: “Осы бәрiн
де қойып, шаруашылықпен айналыссам кәйтедi”, — деп ойлады. Iзiнше оның бар талап-тiлегi кесiлген кiсiнiң шаруасы
екенiн сезiп, iшiнен тынды. Сүйтiп жүргенiнде Мұхәммәд-Инақ мұны шақырып ап, Сыр өңiрiндегi қазақтардың ақ
патша әскерiне қарсы қол құрап жатқанын, соған бас-көз болуын қадағала деп, Қожанияз бекiнiсiне жiбердi. Бұл басын
иiп:
— Қазақтардың қарулары бар ма екен? — деп сұрады.
— Ояғын маған айтқан жоқ.
— Онда... оларға қазынадан алып, қару берейiк те. Құр қол халық мылтыққа қарсы барып, босқа қырылады ғой.
— Онда сенiң шаруаң қанша? — деп, ұлы хан қабағын шытып, жанында мүләйiмсiп тұрған Сафар биге бұрыла бердi.
Содан берi Ядгарбек неше түрлi ой үстiнде жүр. Ол Қожанияз бекiнiсiне кеп, бар мән-жайға қанғаннан кейiн де сол
ойдан арыла алмады. Мұның өз түсiнiгiнше, мұның бәрi қабырғалары қақырап, жан-жағына құлап бара жатқан үйге
арқасын тосқанмен бiрдей ғана. Опырылған әр қабырғаны әркiм түрлiше құлатпау жағын ойластырып отырғанда, ол