Стр. 85 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

шықылықтап ұшып-қонып жүрген торғайларды көрiп, кеуiлi бiр түрлi боп көтерiле бастады. Алдынан ескен жылы ескек
бетiне жайлы тиедi. Оның ән салғысы кеп кеттi. Бiрақ өмiрi өзi өз боп дауысын қатты шығарып, жыр айтып көрген емес-
тi. Соған қарамастан, ол ыңылдап терме айта бастады. Әуелгiде сөзi есiне түспей, азырақ қиналып едi. Сосын
болмағасын, құр әуеннiң өзiне басып кеттi. Ыңылдап келе жатып, тұла бойын қуалай жүгiрген ыстық толқындарды
сездi. Екi бетiне ыссы қан теуiп, азырақ басы айналғандай болды. Өңi жылып, қай қайдағы қызық сәттер есiне түсе
бастады. Әсiресе, Ақкербезбен алғаш кездескен түнi ойына оралып, бiр түрлi боп ыңғайсызданып қалды. Өмiрi қыз
сүйiп көргемегендей боп, өз өзiнен қысылды. Әуелгiде бұл Ақкербезден ыңғайсызданып бiттi. Әлi етегiн жел аша
қоймаған жас қыздың жанына егде тартып қалған басымен қалай жатудың ретiн таба алмай қиналды. Соны сезсе керек,
Ақкербез жеңгелерi әкеп сыртқа шығып кеткесiн, қасында үн-түнсiз жата бердi. Бұл да қимылдаудан қорыққандай тырп
етпедi. Ақыры Жәнiбек шыдамай, қолын соза бергенде, қыздың бiр басылып, бiр көтерiлiп жатқан жұмсақ төсiне тиiп
кеттi. Сол екен, туу қара байқайына дейiн кәзiргiдей босаң бiр мас дiрiл зуылдап өте шықты. Онан арғысын Жәнiбек
аңғарған жоқ. Тек есiнде қыздың дiр-дiр еткен төсiн өзiне қарай тартып, қатты қыса түскенi, жарқыраған танадай көзiнен
сүйгенi, төсектен жар исiнiң аңқып қоя бергенi емiс-емiс қалыпты. Соны кәзiр мөлдiр су астында жатқан асыл тасқа
қадалғандай анық көргiсi кеп, өз өзiнен жымиып, ойланып келедi. Сол екен, көп-тен берi қыз ауылына соқпағаны есiне
сарт етiп түсе қалды. Малдыбай да қызын әне ұзатам, мiне ұзатам деп, ұзын арқан кең тұсауға салып келедi. Үлкендерге
қарсы шықпас әдетпен бұ да асықтырған жоқ. Оның үстiне мына шаруа бiр жайлы болсын деген ыңғайы да жоқ емес.
Бiрақ Жәнiбек кәзiр тағатының тамшы тама-тама тесе бастаған тастай таусыла бастағанын айқын аңғарды. Бiр түрлi
сағыныш па, iңкәрлiк пе, босаң сезiм өне бойын билеп алды. Тоңазыған денесiн жылытар жарқын от алыстай түскендей
қоңырайып келедi. Сол күйде ол ауы-лына кеп, ат басын iрiктi.
Төр алдында отырып, ол өмiрi iстемеген әдетiн iстеп, төрт-бестерге кеп қалған қара домалақ ұлын алдына алып,
маңдайынан сипады. Әлiбек еркелеп:
— Көке, қайда бардың, а? — дедi.
— Қайда болсын, Қожаниязға да, — дедi Жәнiбек ерiксiз күлiп.
Үй ортасындағы үш аяқты мосы астында шоқ жайып жатқан Айжамал баласына күле қарады:
— Мүмкiн, басқа жерге шығар. Оны саған көкең айта ма?
Жәнiбек кiрпiшешенше жиырылды:
— Апырмай, сен де бiр. Баладан ұялмайсың ба?
— Оның не ұяты бар. Жаман күйеу түндегiсiнен күндiз ұялады деген.
Жәнiбек қабағын шытып, үндемедi. Қара бала мойнынан құшақтап, аузын мұның құлағына тақап, сыбырлады:
— Көке, сенi орыстармен соғысады дей ме?
— Оны саған кiм айтты?
— Апам.
— Жәй әңгiме ғой.
— Атам да солай деп жүр ғой, — дедi бала аузын бұртитып. Сосын мұның бетiне бетiн тақап: — Көке, сол соғысқа
менi алып барасың ба? — дедi.
— Жоқ, сен әлi жассың. Онда... қорқынышты.
— Сонда кiсiлерге оқ тие ме?
— Иә.
— Саған да ма?
Жәнiбек дiр етiп, баласын қыса түстi:
— Жоқ.
— Иә саған, айтқан екенсiң. Оқ деген қол бастап келе жатқан адамға бұрын тимей ме?
— Қой, мұны саған кiм айтып жүр? — деп, Жәнiбек баласын мойнынан түсiрдi. — Бар, далаға ойнап келе ғой.
Баласы сыртқа шығып кеткесiн, Жәнiбек шоқ үстiне қара құманды қойып, шәй қайнатып жатқан әйелiне
ыңғайсыздана қарады. Iшiнен осы әйелiнiң өзiн жақсы көретiнiн, басқа кiсiден өлердей қызғанатынын елжiрей ойлады.
Бiр сәтке етi-бауыры езiлiп сала бергендей көрiндi. Бiрақ әлi ештеңенiң парқын аңдамай, жастай қосыла салғандықтан
ба, Айжамал бұл күндерi жанына мүлдем салқын, суық. Жар қызығын елжiрей еске аларлықтай қызықты шақтары жоқ.
Бар-жоғы ерiксiз қосақталған ерлi-зайыпты кiсiлердiң тиесiлi мiндетiн өтеп келе жатқан сыңайлары бар. Бұл жастай
қосылған әйелiнiң осы арада еш жазықсыз екенiн бiледi. Бiрақ ауаланған кеуiлi ештеңеге байыз табар емес. Кәзiрде де ол
қоңырайып отыр.
Ертеңiне Жәнiбек қасына Қалдыбай мен Қожақты ертiп, ауыл-ауылды аралап кеттi. Бiраз үйлерге түсiп, Хиуа
ханының қолына қосылар жiгiттердiң тiзiмiн жасады. Ең соңында Мойшақта отырған Нарман ауылына кеп түстi.
Қалмырза бiрден бас тартты:
— Бармайым.
— Неге? — дедi Жәнiбек түсiн суытып.
— Айттым болды, бармайым, — дедi Қалмырза қасарысып. Тез арада оның қараша жүзiне суық сұс орнай қалды.
— Барасың, — дедi Жәнiбек даусын шығара сөйлеп. — Сен немене хан жарлығына бағынбайсың ба?
— Бағынам.
— Ендеше қиқаңды қой да, екi жұмадан кейiн Қожаниязға келесiң. Қашып кетсең, өз обалың өзiңе. — Жәнiбек жорта
iркiлдi. — Сен өзiң қызық жiгiт екенсiң ғой. Халқыңды жәһилдер таптағалы келе жатқанда, iн түбiнде жан сақтап
жатпақпысың? Сонда аман қалсаң едi-ау? Одан да ашық келе жатқан жаумен алысып өлгеннiң өзi жақсы емес пе?
Сол арада Қалмырза мойнын бұрып ап, бұған әжуалай қарады:
— Бiздi ақ патшаның қылышынан қорғайтын ана Хиуаң ба? Әуелi ол алдымен өзiн қорғап алсын.
— Сен немене Хиуа ханына тiл тигiзейiн дейсiң бе?
— Өй, Хиуаңның тап әкесiн... — деп, Қалмырза ор-нынан атып түрегелiп, сыртқа ата жөнелдi.
Жәнiбек өзiн-өзi ұстай алмай:
— Ұстаңдар ананы! — дедi Қалдыбай мен Қожаққа.
Екi жiгiт есiк алдына жете берген Қалмырзаның соңынан жүгiрдi. Жете бере оның қарына жармасты. Қарулы
Қалмырза бұлардың қолдарын сiлкiп тастап, сыртқа шыға бердi. Сол арада Қалдыбай Қалмырзаға жабыса түсiп, берi
тартты. Қалмырза қару қып, жақындай берген Қожақты iшiне бiр тептi. Қожақ көткеншектеп барып, шаққа дегенде