Стр. 92 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

Шәки үнсiз бас изедi. Сосын үйiне кеп‚ атына ер салып‚ Тайпанның ауылына аттанбақ боп жатқанында‚ Дархан
қасына кеп‚ үнсiз, салқын кескiнмен қарады. Бұл оның ашып ештеңе демесе де, осы сапарын ұнатпай тұрғандығын бiлдi‚
бiрақ амалы жоқтықтан‚ мырзаның жұмсаған жағына жүрiп кеттi.
Тайпанның ауылы Қызылдың iшiне сұғынып барып қыстаған екен. Елу-алпыс үйлi Дөсектердiң ауылы алқа қотан
тiгiлiптi. Бұл жақындап келгенде сырта дүрлiгiсiп жүрген‚ аттарын белдеуге байлап, мейiзше қатырып қойған‚
әпербақан жiгiттердi көрдi. Олардың мына сыңайлары — қапы қалмасын көздеп, жабындының астына жау күткен сақ
қалып. Шәки қоңыр жалдың астынан қылт ете қалғанда, өзара дауыстасқан бiрнеше жiгiт аттарына асығыс мiнiп те
үлгердi. Шәки сақтық ойлап, қамшысымен атын сипай қамшылап, жайбарақат келе жатқан жолаушының сыңайын
көрсеттi. Бұл ауыл шетiне кiре бергенде ғана мұны таныған жiгiттер аттарынан түсiп, ыржиып кеп амандасып жатты:
— Өй,өзiң екенсiң ғой. Бiз сенi жасауыл ма деп қалсақ.
— Өй, мынау Шәки ғой!
— Хиуалықтар бүйтiп жүрмейдi деп жаңа ғана айтпап па едiм, — деп бiр кекселеу кiсi бiлгiшсiнiп шыға келдi.
Тайпан ширығып отыр екен. Ол мұның сөзiн аяғына дейiн тыңдамастан:
— Әй, бұл Есiмдердiң көзiне қан толган шығар? Олар жесiрiмдi алғаны аздай, ендi сарбазға жiгiт бер дейдi. Ау, оққа
қарсы өз туысымды айдап, немене менi перi қаққан ба? Әлде ауышып кеттiм бе? Оған көнетiндей менi кiм дейдi, ә? —
дедi қап-қара боп. Ашуланғанда оның қолағаштай мұрны қызарып кетедi екен.
— Мырза да соған наразы. Ана Әбдуәли дейтiн бар емес пе едi? Иә, сол. Сол былтырдан берi Сағынай ауылында
жалшылықта жүрген. Ендi кеп Нияз дейтiн серi әлгiнiң қатынын масқаралапты.
— Қойшы?! — дедi Тайпан үрпиiп.
— Рас, рас.
— Сонда қалай? Екi көзiңдi бақырайтып қойып, тапа тал түсте ме?
— Солай десе де болады, — дедi Шәки әңгiмеге ерiксiз елiгiп. — Онымен некелi қатынындай дейдi. Тiптен ұятты
қойып, күндiз байының қасынан алып кете беретiн көрiнедi. — Шәки қыза-қыза келе, өзiнiң қалайша өтiрiк айтып
жiбергенiн байқамай да қалды.
— Апырау, мынау ел естiмеген сұмдық қой. Ондай жәлептi мойнына қыл шылбыр сап ат көтiне сүйретiп өлтiрмес
пе? — Тайпан кiжiнiп қойды.
— Мырзаға кешелерi Әбдуәлидiң өзi келдi. Арызын айтты. Ол бiр. Екiншiден, мырза сарбаздыққа жiгiт бермейiм
дейдi. Әгәр күшпен алар болса, шайқасамыз, сiздi соған қосыла ма дейдi.
— Қосылғанда қандай. Сонда кiмнiң ауылын шабамыз?
— Сағынайдың.
— Менiңше бар ғой, оны емес... әлгi Қожанияз қамалының өзiн тасталқан қылу керек. Үйтпесек... — Тайпан
сақалының ұшын тiстелеп, аз-кем кiдiрдi. — Ертең Жәнiбек Хиуадан әскер әкеп, аулымыздың үстiне ойран салады.
Үйткiзбес үшiн шақша бас сарттарды осы паңайдан тегiс қуып шығу керек. Сен мырзаңа осы сәлемiмдi түгел жеткiз.
— Мақұл.
Ережеп қатты қуанды. Тайпанның есiре-есiре артық кеткенiн аңдап:
— Мiне, сөз! — деп қойды да‚ ол кенет қасында отырған Шәкидiң тiзесiн алақанымен сарт-сұрт еткiзiп қойып-қойып
қалды.
* * *
Сол күнi Қазалы төңiрегiнде тарыдай шашылып жатқан қалың Төртқара ауылдарына суыт хабар айтып,
шабармандар жiберiлдi. Олардың басы-қасында Шәкидiң өзi жүрдi. Желiк буған жiгiттер әлден-ақ сойыл, найзаларын
даярлап, Басықара түбiнде қосынға арнайы тiгiлген ақ үйлерге кеп түсiп жатты. Сойысқа деп жан-жақтан ағылып келiп
жатқан малдың жас сорпасы желiк боп бiтiп, бiрiнен бiрi асып, олар есiрiп барады. Аусарлары әлден-ақ атқа мiнiп ап,
ұрысқа жаттығып, бiр бiрiмен сойылдасып, әруақ шақырысып жатыр.
Ережеп өз ауылын мұз көбесi сөгiлмей тұрып, дариядан өткiзiп, Қырға қарай асырып жiбергесiн, қосын тұрған жерге
келдi. Сосын Шәкидi оңаша шығарып ап, қадап айтты:
— Қалмырзаны алып кел. Құдама тез көшсiн деп жатыр де!
— Кәзiр ме? — Шәки қабағын тыржитты.
— Дәп кәзiр.
— Бiр күн демалсам кәйтер едi? Шаршап жүрмiн.
— Шаршап? О не деген сөз? — Ережеп тiкiрейе қалды.
— Күнi-түнi ат белiнен түспегесiн...
— Қой, доғар сөздi. Тез аттан! — Ережеп әрi қарай тәжiкелесудi қаламай, қалайда айтқанына көндiретiн кiсiнiң зiлi
мен салмағын айқын байкатып‚ бұрылып жүре бердi.
Оған сыртынан көз сап тұрып‚ қатты қорланған Шәки қамшысымен етiгiнiң қонышын сарт еткiздi:
— Қап, бәлем, сенi ме? Осыдан күнiм туса, көрермiн.
Шәки сол күнi Нарман ауылына келiп‚ мырзаның сәлемiн айтты. Сосын шәй үстiнде сызылып отырған Зағипаға көзi
түсiп кетiп, iштей тiксiнiп қалды. Сол екен‚ есiне Зәуреш, Мiрәлi, баяғыда осы Қалмырзаны сабағаны түсiп‚ қимайы
иiскегендей ыңғайсызданып, қозғалақтап қойды: “Осы мен кiм үшiн жанымды отқа, суға салып жүрмiн? Неге, неге?”
Қалмырзаның осы сапарға барғысы келмеп едi, Нарман қоймады:
— Қой, бар. Үлкен басын кiшiрейтiп, құданың өзi кiсi жiбергенде, бас баққанымыз жарамас. Соның жанында
жүрсең, қор болмайсың.
Қалмырза амалсыз көндi. Екеуi салған жерден суыт жүрiп кеттi. Қатар келе жатып, кенет Қалмырза күрсiнгендей
болды:
— Өзi... өмiр деген қызық екен ғой. Жаныңды отқа да, суға да салдырады. Бетiн көрмеймiн деген кiсiңмен ауыз да
жаластырады.
Шәки үңдеген жоқ.
Олар күн еңкейе реңi бұзыла бастаған мұздан абайлап өтiп, Сырдың терiскей жағына шықты. Шаршаған аттарды
тынықтырып алмақ боп, Үшатамның батысындағы қалың шидiң арасында отырған Көпжанның ауылына келдi. Қайын