Стр. 94 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

бүк тусiп отырған Алуашты қолымен нұсқады, — мынау менiң жесiрiм. Әбдуәлидiң құдай қосқан қатыны. Әбдуәлидi
өздерiң бiлесiңдер, кой аузынан шөп алмайтын, құдайға болмаса, адамға жазығы жоқ момын кiсi. Соның жуастығын
пайдаланып, Шөмекейлер сүйекке таңба салды. Ағайын арасына жiк түсiрдi. Ау, жұртым, қатын Әбдуәлидiкi болғанмен,
жесiр иiсi Әлiмдiкi. Бұған Әбдуәли арланбаса да, мына бiз арлануға тиiспiз. Ау, бiз де ел емеспiз бе? Мына шаруа құдай
әруаққа тыс емес пе? Шариғат жолын бұзған қатынды қалай жазалаушы едi? Соны әлде ұмыттық па? Онда ұмытсақ, —
бұл бұзақылық басқаларыңның қатындарыңа жұқпасына кiм кепiл? Сонда аяқ басқа шығып кетпей ме? Менiңше,
мұндай көргенсiздiкке, зинақорлыққа дер кезiнде тыйым салмаса болмайды! Менiң айтарым, Әлiм атамның әруағын
қорлаған сайқалды қатаң жазалау керек!
Ол қолын сiлтеп тастап, отыра бергенде, алдыңғы қатардағы ақкөз жiгiттер даурығыса айқайласты:
— Дұрыс, дұрыс!
— Жөн айтасың!
— Сайқалдың көзiн құрту керек!
Басқа жұрт онша үндесе қоймады. Төбе би елге қарап:
— Ау, жұртым, даугердiң сөзiн тыңдаңдар. Ал ендi өздерiң не дейсiңдер? — дедi.
Ешкiм батып, алға шыға қоймады. Ережеп ши шығарады-ау деген кiсiлердiң бiразын көзiмен бағып отыр. Бiр
төртпақ, теке көз жiгiт орнынан қопаңдап түрегелдi де, қайтадан отырды:
— Оны... өзi көрген кiсi бар ма екен? Куәсы қайда?
— Куәсы Әбдуәлидiң өзi, — дедi төбе би айқайлай сөйлеп.
— Ау, сонда қалай? Оның некелi байы бола тұрып, суық жүрiсiне тыйым сала алмаған ба?
— Құдай атқанда, солай болып тұр ғой. — Төбе би жұртқа жағалай қарады. — Кәне, тағы кiмнiң сұрағы бар?
— Менiң сұрағым бар. — Бiр қартаң кiсi сампылдап сөйледi. — Жарайды, қатын кәтелiк жасаған дейiк. Ол
соншалық осындай алқа жұрттың алдында талқыға салар нәсте ме? Кеуiлi сүймеген шығар. Жас кезiнде ондай-ондай
кiмнiң басында болмайды.
— Өз қатыны сүйкен шығар, — деп, бiр жiгiт жырқылдап күле бердi де, аузын қолымен басып, кiлт тиыла қалды.
— Әй, шырағым, тиыш отыр. Саған қалған сөз жоқ, — деп қартаң кiсi қабағын шытты. — Сұрайын дегенiм, сонда
бұл әйелдiң жазасы не болмақ?
— Оны алдын ала Әбдіржан молдамен ақылдастық. Жазасы ауыр. Күйеуiнiң көзiне шөп салғаны үшiн мұсылман
қауымы зинақорды таспен ұрып, не ат көтiне арқанмен сүйретiп өлтiредi.
— Не дейдi?
— Астапыралла!
— Мынаусы сұмдық қой! — деп жиналып отырған кiсiлер үрпиiсiп қалды.
Ережеп ұрымтал тұстың жақындағанын, осы арада солқылдақтық жасаса, таразы басының бөтен жаққа ауып кетерiн
сездi. Ол қатты дауыстап:
— Ау, ағайын, — дедi. — Iжкiм адам өлтiрiп, кiсi қанын мойнына жүктегелi отырған жоқ. Бар гәп бұл арада
Шөмекейлердiң ағайыншылықтан аттап, сүйегiмiздi қорлап отырғанында. Бiр қатынның жарасы жеңiл. Азар болса,
ертең мына Әбдуәли ағама әлi етегiн жел ашпаған он үштегi қызды өзiм алып берем. Бұл арада, халқым, арыс намысын
ойлау керек. Осы Шөмекейлер қашанғы басына бередi? Оларды неге бiз төбемiзде тайраңдатып қоюға тиiспiз? Соған
осы көне беремiз бе? Сендер осы жағын бiр ойладыңдар ма?
Сол арада Үмбет би жұртқа жағалай қарады. Сәлден кейiн даусы саңқылдап шығып, сөйлей бастады:
— Әй, Ережеп, Келман тұқымы ата даңқын шығарған жақсы сүйек едi. Арғы-бергi атаңда ел қамын жеген ерлер көп
едi. Ау, бүгiнгi мынадай қысталаң шақта ағайын арасына iрiткi салар сөз айтқаның нең? Ау, жесiрiңе қол салса,
Шөмендер жеңгесiмен ойнаған шығар? Қаракесектен туған қос ұлдың жесiрi кенжесiне бұйыратын рәсiм әзәлдән келе
жатқан жоқ па? Оның несi айып? Бұл арада қатынына қожа бола алмаған кiнә ана ағаңда. Еркектiң еге болар нәстесi —
аузы мен отбасының әбiрейi емес пе едi? Соны дұрыстап алып жүре алмаған ағаңа өкпеле, шын өкпелесең. Әрине, мен
бұл арада Сағынайдың ұлы Ниязды да айыптаймын. Ол мүлдем балалық жасаған. Ау, ағайын, осы арада менi
тыңдасаңдар, түкке арзымайтын нәстеге бола ел арасына лаң кiргiзбейiк. Бала-шағаның берекетiн алмайық. Ерегiс ердiң
iсi емес. Ақылға келiңдер.
Төртқара Үмбет би сөзiн аяқтап, үнсiз қалды. Соны күтiп тұрған даугер би Ережептiң ымдағанын байқап, қайтадан
тайпала жөнелдi:
— Уа, Үмеке, айтқан сөзiңiздiң iж қалетi жоқ. Бәрi де орынды. Бiрақ сiздiң сол басалқаңызды Шөмендер тыңдай қояр
ма екен? Олар керек десе осы дауға келген де жоқ. Қолыңнан екi келсе, бiрiн қыл деп, жатып алды. Сонда осы да
ағайыншылық па?
— Шөмекейлерге хабар берiлiп пе едi? — дедi Үмбет даугерге қадала қарап.
Би сасып қалды. Ережепке жалтақтап:
— Ояғын Ережеп бiледi, — дедi.
Ережеп қапелiмде не дерiн бiлмей қалды. Сосын тез арада бойын жинап:
— Иә, — дедi. — Оны мына Шәки айтсын.
Шәки бағанадан ыңғайсызданып отырған-ды. Қалың топтың ортасында бұрын-соңды түсiп көрмеген ол қатты
қысылып, не дерiн бiлмей, басын төмен қарай тұқырта түстi.
— Уа, Шәки айт, Шөмендерге хабар берiлiп пе едi? — дедi Үмбет би берi бұрылып.
Шәкидiң маңдайына суық тер шып-шып шыға келдi.
— Уа, айтсаңшы? Өзiңнiң тiлiң бар ма?
Шәки өзiне Ережептiң оқты көзiмен қарап тұрғанын сезiп, қолы қалтырап, ақырын ғана:
— Иә, — дедi. Ол өзiнiң өтiрiк айтып тұрғанына қатты қысылды.
— Мiне, көрдiңдер ме, — дедi даугер би қайтадан тайпала жөнелiп. — Алдын ала хабар айтқанымызға қарамастан,
Шөмендер дауымызға келмей отыр. Афу өтiну деген ойында да жоқ. Мұны бiз қалай елдiкке санай аламыз? Мен бiлсем,
олар осы арада нағыз жау екенiн көрсетiп отыр. Ондай жауға жау болу ғана керек. Мына қатынның шариғат жолымен
жазасын бергеннен кейiн, уа, жұртым, сүйекке түскен таңбаны сойылмен кетiрсек деймiн. Басқа мәмiлеңе көнбеймiн!
— Өй, сен де бiр, — дедi Төртқара Үмбет би оны жақтырмай. — Ата сақалың аузыңа түссе де, ел арасына жiк
түсiруден тиылмай-ақ қойдың-ау! Бiреудiң обалына қалғаныңмен тұрмай, қаншама қыршын жастың қанын мойныңа