Стр. 95 - Ulisel2tom

Упрощенная HTML-версия

жүктегелi отырғаныңды ойлайсың ба? Мұның арты қиын болмай ма? Ау, ағайын, мына желөкпенiң сөзiне ермейiк. Менi
тыңдасаңдар, осы дауды малмен бiтiрейiк. Айыбына Шөмендер мал төлесiн. Оны төлетудi өз мойныма алайын.
Ережеп кәрi биге халықтың ұйып бара жатқанын байқап, сол арада iлгерi шығып:
— Уа, Үмеке, — дедi қатты дауыстап. — Сiздiң сөзiңiз өте орынды. Оған мен де қосылам. Бiрақ мәсәлә малда ма
екен? Гәп арда емес пе? Ағайынның арын арламасам, менi ру тiзгiнiн ұстағаным құрсын. — Ол жалт бұрылды. — Әрине,
Алуаш жеңгем жеңiлтектiк жасаған. Ол күнәсi үшiн қан төкпейақ қояйық. Бiрақ кейiнгiге сабақ болсын, байының көзiне
шөп салған қатынға жүз дүре соғылсын. Ал Шөмендер Әбдуәлиге жүз қой, елу түйе, бiр үйiр жылқы берiп, ағайын
алдындағы айыбын жусын. Оған көнбесе, тұрысатын жерiн айтсын! Ау, ағайын, менiкi дұрыс па?
— Мiне, сөз!
— Өй, өркенiң өссiн!
— Сүйту керек!
Ережеп жұртқа өзiн қоштатып алды да, төбе биге бұрылды:
— Менiңше, тоқтам осы болсын. Ал, айып малын даулауды мына Үмекеңе жүктейiк. — Ережептiң мұнысы
Шөмендер шатақ шығарып жатса, ертең бар кiнәнi кәрi биге аудара салу едi. Содан кейiн ел арасында Үмбеттiң кәдiрi
қалмайтыны хақ.
Үмбет би сақалын тарамдап, кәрi көзiн сығырайта қысып, басын шайқап қойды.
Тоқтау осы болды. Екi жiгiт Алуашты төртпақтап керiп тастап, жұрт алдында жүз дүренi соға бастады. Қамшы
ысқырып, жон-арқасын тiлiп түскен сайын, әйел шыңғырып жiбередi. Сәлден кейiн терiсi тiлiнiп, шыпылдап қан аға
бастады. Алуаштың арқасы жыртылған жердей ырсиып-ырсиып қалды. Шыдамаған Әбдуәли iлгерi қарай ұмтыла берiп
едi, Ережеп атып жiберердей боп жалт қарап:
— Қайт кейiн! — деп қалды.
Әбдуәли қолымен бетiн көлегейлеп екi иығы дiрiлдеп, бүгiле бердi.
Жаза соңында Алуаш талықсып кеттi. Оны жабуға орай сап, екi жiгiт ауыл шетiндегi қараша үйге қарай көтерiп ала
жөнелдi.
Ертеңiне Үмбет би өз ауылына кеттi. Ендi Ережеп тез қимылдады. Әпербақан жiгiттердi шақырып ап:
— Көп сөз ешекке жүк деген. Ана алжыған бидiң сөзiн тыңдап кәйтесiңдер. Бiздiң басымыз күнде мынадай боп
құрала бермес. Сәтi түсiп тұрғанда, ана Қожанияздағы қамалды талқандап, сарттардың сары алтынын олжа қылайық, —
дедi.
— Кәне, баста өзiң! Кеттiк!
— Ұрыста не тұрыс бар? Бүгiн барайық, — деп алаңғасар жiгiттер екi алақандарына түкiрiп шыға келдi.
— Тоқта, асықпаңдар. — Ережеп аз-кем.кiдiрдi. — Әуелi мұз кетiп болсын. Қырсық қылғанда, дайра бұзылып сала
бердi ғой. Сосын... қамалға бұйқыт тиiп қиратамыз.
Сол күнi Ережеп астыртын кiсi жұмсап, өз ниетiн Райым бекiнiсiнiң бастығы Захваткинге жеткiздi. Ондағы ойы,
ертең орыс орам ала қойса, өз еңбегiн ұмытпасын дегендiк едi. Және де ол Жәнiбектiң Хиуа қолымен бiрiгiп, бекiнiстi
шаппақ боп жатқанын жеткiздi.
Шабарман ертеңiне түн ортасы ауа қайтып келдi. Ережеп оны асыға күтiп отырған едi. Ол көпшiктен басын жұлып
ап, шабарманның жүзiне тесiле қарады.
— Мырза, сәлемiңiздi түгел жеткiздiм. Орыс ұлығы керек болса, көмек беремiз дейдi. Сосын...
— Тоқта жетер. — Ережеп жан-жағына жалтақтап қарап қойды. — Мұны тiрi пенде бiлмейтiн болсын. Ертең
Әбдуәли мен Алуашты бiздiң ауылға көшiрiп апарып таста. Өзiң сояқта бол.
Ережеп төсегiне қисайды. Iштей: “О қатынның қызығын ендi өзiм көрейiн”, — деп қойды. Сосын қараңғы үйде екi
көзi бақырайып, көпке дейiн ұйықтай алмады.
Ертеңiне ол ерте тұрды да‚ бес жүздей жiгiттi бастап, Сырға құлады. Бұл кезде сеңi кетiп үлгерген дария ескi
арнасына қайта бастаған екен. Олар тайыздау жерден қайық жалдап, судан өттi. Жағалықта бiр күн тынығып, ертесiне
қалың қол Қожанияз бекiнiсiн бетке ұстап, суыт жүрiп отырды. Ережеп қасында келе жатқан Қалмырзаның сом
тұлғасына қарап қойып, iштей сүйсiндi. Мұндай жiгiттердiң өз жанабында бола түскенiн жақсылыққа жорыды.
Ертеңiне сәске түске таман Қожанияз бекiнiсiнiң сыртында жүрген Хиуа сарбаздары көрiндi. Ережеп жiгiттердi
аттарынан түсiрiп, айыл, тартпаларын мықтап тартқызып алды да, өзi бас боп ерге қонды. Арқасы қозып, сойылын
оңтайлап ұстап, атын қатты тебiнiп қап, құйғыта шапты:
— Әруақ! Әруақ!
19
Әлiм қолы жұдырықша түйiлiп кеп, кенет қақ жарылып, қамал жанында ұрыс салып жүрген Хиуа сарбаздарын орай
шапты. Хиуалықтар табан астында асып-сасып қалды. Кейбiрi қамалға қарай шауып барады. Ендi бiрi не iстерiн бiлмей,
астындағы атының басына еге бола алмай, әбiгерi шыға қалған. Бiрақ кәнiгi жүзбасы сол арада ақыл тауып, қатты
айқайлап:
— Саптарыңды бұзбаңдар! Қаша ұрыс салыңдар! — дедi.
Ережеп топтың алдыңғы жағында келе жатқан едi. Қалың топ ендi ештеменi аңғармайтын шаққа жеттi-ау дегенде,
қызып, елiрiп алған атының басын тартып, бiр шетке тайқып шыға бердi. Соны күтiп тұрғандай алдыңғы жақтан бiр
неше шитi мылтық қатарынан гүрс-гүрс ете қалды. Хиуа сарбазын жеп қоярдай боп, қаһарлана сойылын жоғары көтерiп
алған бiр жiгiт басы жарға соғылғандай боп‚ сәл шалқалақтап барып, ат жалын құша жөнелдi. Екiншi бiреу жаман
тарғыл дауыспен бақырып, жерге ұшып түстi.Одан арғысын Ережеп көре алмады. Ат тұяғы атқан ала шаң айқас болып
жатқан жер үстiн көмдi де кеттi. Тек құлағында сатырласқан сойыл, кiсiлердiң үнсiз кекпен ырсылдағаны, шаңқ-шаңқ
етiп боқтасқаны келедi.
Қалмырза алдыңғы түйдек топтың арасында болатын. Жанында айқайлап келе жатқан жiгiттiң оң иығы қан-қан боп,
жаман дауыспен барқырай құлап түскенiн көрiп, басы айналып кеткендей болды. Зәресi ұшып кеттi. Әлгi жiгiт ат
үстiнен аунап түсiп, кейiннен топырлап келiп қалған нөпiр ат тұяғының астында қала бердi. Алас-қапаста Қалмырза
оның ат тұяғы тиiп, қан-қан болған бетiн көрдi. Құсқысы келгендей тынысы тарылып, көзiн жұма қойды. Сол арада