108
Перонский көмекшiсiне тағы да Якуббекке арнап хат жаздырды. Бұ жолы ол мүлдем қорқыта
сөйледi. Қорлық сөз де жетiп жатыр. Хат жазылып бiткесiн‚ оны қамалдағыларға Тортай жеткiзiп
салды.
* * *
Якуббек айтқанынан қайтпады. Перонскийге жазған хатында тағы да бұлаң құйрыққа салды.
Перонский ендi мәмiледен түк өнбейтiнiн бiлiп‚ қалайда қамалды күшпен басып алуға бел
байлады. Бұлар мәмiле жасап жатқанда күн батуға таяп қалған да болатын. Сол себептi Перонский
ұрысты ертең күн шыға бастауға бұйрық берiп‚ қарулы күзетшiлердi көбейтiп‚ шатырына кiрдi.
* * *
Тортай бiр арада зеңбiректiң жанында темекi шегiп отырған баяғы Плетневтi көзi шалып қалды.
Жақындап кеп‚ онымен жылы ұшырай амандасты. Плетневтың жүзi күнге күйiп‚ тотыға бастаған екен.
Аяғындағы обмоткасы көнерiп кетiптi. Үстiнен тер иiсi мүңкидi. Ол бұған жадырай қарап:
— Петербургта не жаңалық бар екен? — деп сұрады.
Тортай көрген-бiлгенiн қысқаша айтып бердi. Әсiресе‚ соңғы кездерi шығып жатқан неше түрлi
үйiрмелер‚ журналдар туралы бiраз әңгiме қылды.
— Вот это да! — деп Плетнев басын шайқап‚ таңдайын тық еткiздi. — Ресей империясының
астанасында ұлы мәселелер шешiлiп жатқанда‚ бiз Орта Азияның бiр қамалын қиратуға дайындалып
жатырмыз. Тағы да соғыс боп‚ қан төгiледi.
— Сiз нағыз руссошылсыз ғой дейiм.
— Ол рас. Мен бала кезiмде әкемiздiң имениесiнде өстiм. Онда кiтап деген көп едi. Әсiресе‚
француз ағартушыларының кiтаптары жетерлiк болатын. Соны жастай оқи-оқи‚ бәрiн жаттап алдым
десем де артық айтқандық емес. Кейiн университетте оқып жүргенде‚ үйiрмеге... — Ол тiлiн тiстей
қойды.
— Ендi қорықпауыңызға болады. Сiз осы жолы жақсы шайқассаңыз‚ ақ патшаның кешiрiм жасауы
да мүмкiн ғой. Сондықтан мына iш пыстырар әскери тiршiлiктен құтылатын мүмкiндiгiм бар деп
бiлiңiз.
— Рахмет‚ поручик мырза! Менiң көңiлiм үшiн айтып жатырсыз ғой. Болмаса менi кiм босата
қояды дейсiз?
— Неге? Кешелерi ұлы мәртебелiнiң солай деп айтып отырғанын естiгем.
— Онда... тырысып бағамыз. — Ол темекiден сап-сары боп кеткен күрек тiсiн көрсете күлдi.
— Ал жақсы‚ — деп Тортай ендi айналмай жүре бердi.
Ол кешелерi Ташкенттен келген қолдың қамал iшiне түнде кiрiп кеткенi жайлы естiген. Оның
басшысы Баймырза болар деп болжаған едi. Соны бiле ме деп Елмырзаға келдi. Елмырза сырын
сыртқа шашпастан:
— Қайдам? Көрген емеспiн‚ — дедi.
— Одан басқа кiмнiң келе қоюы мүмкiн?
— Оны... итiм бiлiп пе? — Ол екi иығын қиқаң еткiздi. — Жо-о-қ‚ оның келуi мүмкiн емес. Басқа
бiреу шығар.
Тортай одан ештеңе өнбесiн бiлiп сыртқа шығып кеттi.
Сол күнi ай қосқұлақтанып туды. Аспанның кең төрiнен жыпырлаған жұлдыздар жер бетiне
ентелей қарап жұр. Қамалдың дәл ортасына салынған әдемi‚ үлкен мешiттiң ұшар басынан түнгi
намазға шақырған муәзiннiң зарлы да ащы даусы шығады. Якуббек‚ Ядгарбек‚ Жәнiбек барлығы
мешiтке барып‚ намаз оқыды. Сосын жиылған қолға мешiттiң имамы бiраз маслихат айтты. Дiнсiз
кәпiрлердi қырып‚ бiр Аллаға сыйынып‚ ертең шайқасу қажет дедi. Осы ұрыста өлiп кеткен кiсi шәйiт
деп саналып‚ жаны бiрден сегiз пейiш кең сарайға барады дедi. Дiндәр сарбаздар имамның сөзiн бұйып
тыңдап қалған. Имам ендi бiрде Әзiретi Әлидiң Кербаланың шөлiнде қалай шайқасынан бiр қыдыру
әңгiме етiп кеттi. Сосын дiн тарихында жер қылып айтылатын кейбiр соғыстарға тоқталды. Сарбаздар
мешiттен әруақтанып шықты.
Ертеңiне күн шығыс жақтан қызарып шығып келе жатты. Тақтайдай даланың бiр шетiнде
жайғасқан Ақмешiт қамалының атақты мешiтiнiң күмбезiн күннiң алғашқы қызғыш нұры дiр-дiр етiп‚
әр түрлi түске бөлеп құбылып тұр. Дала тып-тиыш. Аспанда қазбауыр бұлттар бауырын қанға бояп
алғандай екен. Олар да бүгiн болар бiр сұмдықты сезгендей аспан төрiнде қалқып‚ салбырай қалған.
Үлкен шайқастың басталар сәтi бiртiндеп жақындап келе жатты.
15
— Атыңдар!
Ақмешiт қамалына қарай аузы бұрылып‚ дәлдеп көзделiп қойылған он шақты зеңбiрек қатарынан
гүрс-гүрс ете қалды. Ысқырып ұшқан доптар ұлып барып‚ қорғанның шебiне жетiп жарылды.
Құмшауыт жердiң топырағы бұрқ-бұрқ ете түстi. Бiр доп қамнан соғылған қорғанға тиiп‚ диуалдың бiр
бұрышын опырып жiбердi.
Зеңбiректер тағы да гүрсiлдеп атыла бастады. Осы жолы қамалдың диуалына бiр-екi доп қатар
тиiп‚ оны қопара құлатып түсiрдi. Бұрқыраған ала шаң басылғаннан кейiн қарағанда‚ диуалдың сол
түсы сау тiсi қалмаған опырық кiсiнiң аузындай боп үңiрейiп көрiндi. Сол екен‚ Перонский