Стр. 11 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

10
емес. Жiгiттердiң көбiсi қараңғыда орға құлап мерт болды. Дегенмен де қоқандықтарды қапыда басқан
сарбаздар қамал iргесiне жетiп те үлгердi. Ендi олар қолдарындағы ұшында iлмегi бар арқандарын
лақтырып‚ диуалдың басына iлiп‚ жоғары қарай өрмелей бастады. Соны көрiп‚ қалған қол ұран тастап
лап қойды. Олар қамалды үш жақтан қоршалап‚ iргеге жетiп те қалысқан едi. Ендi қазақ қолының
мына қамалдың iшiне кiретiнiне көзi анық жеткен қоқандықтар жан таласа қимылдады. Мергендердi
садақ оғын қарша боратты. Найзагер сарбаздар ұзын найзаларымен түйреп‚ талай жiгiттi мерт қылды.
Көпке дейiн тас қараңғыда қылыштардың сарт-сарт соқтығысқаны‚ болаттың шыңылдағаны анық
естiлiп тұрды.
Тоғанақ қолын ендi ұрысқа кiргiзгелi тұрғанда‚ шолғыншы жiгiттердiң қайтып келе жатқан хабары
естiлдi. Батыр олардан мән-жайды бiлейiн деп ерiксiз кiдiре бердi.
Сол арада қасына жетiп келген бiр жiгiт:
— Төке‚ — дедi аптыға сөйлеп‚ — Тәшкеннен мыңға жуық сарбаз келе жатыр!
— Не дейдi? Олар... қайерде?
— Осыдан онша қашық емес‚ ана бiр ойпаңда...
Батыр ойланып қалды. Аздан соң шын шайқас басталып‚ қазақтардың қолы қамалға кiргенде‚ әлгi
көмекке келе жатқан әскер бұ жаққа жетiп үлгерсе‚ бұлардың жағдайларының қиындап кетуi мүмкiн.
Одан да бұның алдын алған жөн. Батыр сол арада бар жайды қара ақылына сап‚ оңды‚ солды тексерiп
жатпады‚— осы кезде дарбазасы ашылған қамалға апыр-топыр боп ендi-ендi кiре бастаған өз қолына
қарап қатты айғайлап:
— Қайт кейiн! Қайт кейiн! — дедi.
Бiрақ ұрыс әруағы ұстап‚ желiгiп алған сарбаздары мұның даусын ести қоймады. Соны көрген ол
қатты тебiнiп қап‚ астындағы атымен қатты шауып кеп, өз қолының алдынан шыға келдi. Оны көрген
сарбаздар тiзгiндерiн тартып‚ екпiндерiн шаққа басып‚ iлгерi лықси барып әзер дегенде тоқтады. Қол
алдында келе жатқан жүзбасы бұған таңғала қарады:
— Төке‚ не боп қалды?
— Кейiн! Кейiн! — дедi батыр ақырып. Сосын ол өзiне қарай ентелей түскен сарбаздарын
қамшысымен жасқап, олардың ортасын қақ айырып, керi шыға бердi. Оны көрген жiгiттер боқтаса
жүрiп‚ аттарының бастарын ерiксiз бұрып-бұрып алысты. Олар қырғын боп жатқан жерден былайырақ
шыққасын барып‚ батыр тоқтап‚ алқына дем алып тұрып‚ қамшы ұстаған қолын жоғары көтерiп
тұрып:
— Тарттық! Соңымнан ерiңдер! — қатты айғайлады. Сосын өзi атының басын шығыс жаққа қарай
бұрып алды.
Таң қараңғысында Шөмекейдiң сарбаздары аттарының бастарын жiберiп‚ жалпақ даланы
дүбiрлетiп‚ жiтi жүрiп келедi. Олар екi қырдан асқасын‚ шолғыншылар тағы да қонып жатқан қолды
барлап қайтты. Шынында да‚ Тәшкен қолы аңсыз жатыр екен. Мына төңiректегi елге тiзесi батып
үйренiп қалған олар қазақтарды бұлай тез қимыл жасай қояды деп ойламаса керек. Бәрi де қаннен-
қаперсiз. Тоғанақ шолғыншылардан тағы да хабарға қанды да‚ қолына аттан түсiңдер деп бұйырды.
Сосын өзi құбылаға қарап дұға қылды. Iзiнше атына мiндi. Қасында келе жатқан Елдес:
— Төке‚ мен жауды айналып өтiп‚ ту сыртынан тиiсейiн! — дедi самбырлай сөйлеп.
— Сүйтсең сүйте ғой. Бiр есептен‚ бұ да дұрыс.
Сол арада Шөмекей жiгiттерi тез жүрiп отырып‚ қара төбенiң астына түсiп кеттi де‚ ойда жатқан
қолды орап өтiп‚ олардың ту сыртына барып тоқтады. Елдес сол жерде бiр жiгiтiн қандай бұйрық
болады деп Тоғанаққа шаптырды. Ол төбе астына түсiп кеткесiн‚ Елдес жiгiттерiн шашау шығармай‚
жинақтап‚ тас-түйiн боп тұра бердi.
Осы екi арада таң қараңғылығы сейiлiп‚ тақтайдай созылған бiр тегiс даланың шығыс жағы
бiртiндеп ағара бастады. Аздан соң сол ақ бояу күшейе түсiп‚ шығыс жақта салбырап тұрған алба-
жұлба бұлттардың бауырын да ағарта бастады. Одан кейiн жаңа шығып келе жатқан күннiң сарғыш
сәулесi төңiрекке тарай бастады. Аздан соң айнала жап-жарық боп кеттi. Тоғанақ қолына қарап‚
қысқалап бұйрық бердi:
— Тарттық!
— Дөйт! Дөйт!
Екi жақтан жұлындай боп ойнап шыға келген Шөмекейлердiң қолы қылыштарын жарқылдатып‚
найзаларын қолдарына оңтайлап ұстап‚ дұшпандарға шүйлiге ұмтылды. Қапыда қалған тәшкендiктер
сарқыраған селдей боп қаптап келе жатқан қолға қарсы еш қарсы әрекет ете алмай‚ асып-сасып‚ естерi
шығып, әрлi-берлi жүгiрiсiп‚ айғайласа боқтасып‚ дем арасында әбiгер болды да қалды. Ақырында
олар бiрiнiң артына бiрi тығылып‚ ерiксiз ұйлығыса бердi...
* * *
Қазақ қолы қамал iшiне кiре сап‚ шын қырғынды ендi-ендi бастай бергенде, Нақып кенет атының
басын керi бұрып ап‚ бiр шетке қарай ойқастап шыға бердi. Сосын аулақтау жерде тұрып‚ әр тұсқа көз
тастап‚ майданда кiмдердiң бар-жоғын байқап көрдi. Оның сол арада көзiне Тоғанақ батырдың
сарбаздары түсе қоймады. Сол арада: “Осының... бiздi сатып кетiп жүрмесiн”‚ — деп, басына бiр ой
түсiп, қамалдың ашық тұрған дарбазасына қарай шаба жөнелдi. Нақып сол бетiмен Тоғанақ батырдың
қосыны қонып жатқан тұсқа жетiп келсе‚ қосын жоқ! Соны көрiп‚ оның иманы қара таяқтай болды. Ол
дереу ат басын бұрып ап‚ қамалдан алысырақтау жердегi бiр төбенiң басына тiгiлген Хан ордасына
қарай құйғыта жөнелдi.
Ол Хан ордасына жердi дүсiрлете жетiп кеп, етi қызып‚ елiрiп алған атының тiзгiнiн тартты да,
жерге дүрс етiп түсе қалды. Сосын ат тiзгiнiн осы кезде қарсы шыға келген өзiне жетiп келген бiр
төлеңгiтке тiзгiндi ұстата сап, аяғын асыға басып‚Орданың табалдырығынан асыға аттады. Сол жерде