Стр. 12 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

11
өзiнiң бойының ұзын екендiгiн ұмытып кетiп‚ басын есiктiң маңдайшасына оңдырмай соғып алды.
Бiрақ ол оған қарап та жатпады‚— асығыс iшке ендi. Орда iшiндегi алакөлеңкеге көзi үйренгенде
барып‚ ол бiр тiзерлеген қалпы бiр тостаған қымызды басына көтере берген ағасы Қайыпты көрдi. Ол:
“Жұрт... ана жақта қан төгiп жатқанда... мұның қымыз iшiп жатқаны несi?” — деп асығыс ойлап та
үлгердi.
* * *
Қайып мұны көрiп‚ тостағанды жерге қоя салды да, мұның жүзiне абыржи қарады. Сол арада
Нақыптың байқағаны‚ — ағасының көзi аш қасқырдың көзiнше қанталап‚ бiр түрлi боп
шапыраштанып кеткен екен.
Ол тез арада шошынып:
— Не боп қалды? — дедi. Өзiнiң даусы бiр түрлi барлығып‚ қатқылдау шақты.
— Аға‚ ана Тоғанақ қашып кетiптi! — дедi бұл аптыға сөйлеп.
— Қойшы?! — Қайып орнынан қалай лып етiп тұра келгенiн байқамай да қалды.
— Шын‚ шын. Жаңа шолып қайттым.
— Не дейдi? Кәне жүр! — дедi де‚ Қайып сыртқа тез шықты. Осы кезде атын алдына көлденең
тарта берген төлеңгiттiң қолынан шылбыр мен тiзгiндi қатар алып‚ үзеңгiге етiгiнiң тұмсығын сұға
бере‚ ерге лып етiп қонды. Сосын атын қатты тебiнiп қалды.
Олар түнде Тоғанақ сарбаздары тұрған жердi шолып көрдi. Нақыптың айтқаны шын сықылды.
Шығысқа қарай тартқан олардың шұбырған iзi сайрап жатыр. Соны көрiп‚ Қайып ойланып тұрып:
— Мұнысы несi? – дедi. — Сонда ол Тәшкен жағында не iстемекшi?
— Қайдам. Түсiнбей мен де далмын.
— Әлде... былай ұзап барып‚ оралып өтейiн деген бе?
— О да мүмкiн.
— Кәне‚ бiр он шақтың iзбен бiраз жерге дейiн барып қайтыңдар.
Шолғыншылар аттарын текiректете жөнелдi.
* * *
Бұл кезде күн арқан бойы көтерiлiп қалған да едi. Бүгiн күннiң жанатыны белгiлi боп‚ ауа әлден-ақ
қапырық тартып сала берген. Үп еткен жел жоқ. Қайып хан атын ақырын жүргiзiп отырып‚ ойраны
шыққан қамал iшiне келдi. Мұның сарбаздары шын ойранды ендi бастаған екен. Олар соқтан аласа
соғылған тамдардың iшiне жүгiрiп кiрiп‚ жас демей‚ кәрi демей‚ сыртқа сүйрелеп шығарып‚ тепкiлеп‚
сабап жатыр. Әне қарсыласқан бiр жас жiгiттi сол арада одырайған бiр сарбаз қабырғаға тақап қойды
да‚ ұзын найзасын бiр ырғап‚ кiрш еткiзiп‚ кеудесiне қадай түстi. Әлгi жас жiгiт қатты шыңғырып
жiберiп‚ қос қолымен найзаға жармасты. Бiрақ қайратты қол оны тырп еткiзбедi. Демде оның
көйлегiнiң өңiрiн қызыл қан жуып кеттi. Сол екi арада iшкерiден ойбайын салып‚ ұзын көйлегiнiң
етегiне сүрiне-қабына шешесi шыға келдi. Басынан жаулығы ұшып түсiп‚ шашы қобырап кеткен ол:
— Әй‚ құдайдан қорықпайсың ба? Жазықсыз баламның қанын iшiп нең бар? — деп‚ келе әлгi
сарбаздың қолына жармасты. Сарбаз оны қайқы етiгiнiң тұмсығымен бiр тептi. Әйел жерге ұшып
түстi. Ол құлаған жерiнен тырбанып тағы да тұра берiп едi‚ екiншi жақтан келiп қалған еңгезердей екi
сарбаз әлгi әйелдi қос қолтығынан ұстап ап‚ тамның арғы жағына қарай сүйрелей жөнелдi. Олардың
сас пиғылын сезген әйел ойбайын салып барады. Бiрақ оған болысар ешкiм көрiнбедi.
Қайып қанын iшiне тартып‚ ақырын ғана мырс еттi. Қасында келе жатқан Доғалақ жырау сол
жерде өз-өзiнен сабырсызданып‚ мына зорлыққа шыдамағандай:
— Қап... ана бiр‚ — деп қалды. Сосын мұның сазарған түрiн көрiп‚ тiлiн тiстей қойды.
Хан сазарған қалпын бұзбай iлгерi жүре бердi. Талай қырғын шайқасты көрiп жүрген бұған кiсiнiң
өлгенi шыбын шаққан құрлы әсер етпейтiн. Талай рет дар құрғызып‚ кiсi астырғанында пәндәны аяу‚
мүсiркеу дегендi бiлмейтiн. Үйтсе‚ бойына бiткен қаталдығынан айрылып‚ босап жүре беретiн
секiлденедi. Онда мұның хан болуы қиын. Жалпы ел басқарған кiсiнiң темiрдей қатты болмағы ләзiм
деп ойлайды. Қарауындағы бұқараны қорқытып ұстамасаң‚ ертең бастың аяққа шығып кетуi боқтан да
оңай. Ата-бабалары солай деген. Бұ да сол жобаны ұстап келедi.
Сол арада есiне тағы да жаңағы әйел түстi. Әлгi екi сарбаз осы кезде бiлгендерiн iстеп жатыр-ау!
Ол мырс еттi. Мұндай шайқас тұсында қатындардың қатты сорлайтынын бұл талай рет көрген.
Сарбаздардың астына мықтап түскен олардың жатырынан ертең-ақ түрi-түсi маңғұлдарға ұқсас‚
шықшыты шығыңқы‚ бетi жалпақ қара домалақтардың iңгәлап шыға келуi әбден мүмкiн. Жалпы осы
Түркiстан төңiрегiндегi Қоңыраттардың бұлармен қаны араласқаны соншалық‚ соңғы үш-төрт жүз
жылдың көлемiнде балпанақтай‚ ет жеңдi‚ беттерi шарық табақтай боп келетiн нәсiл көбейiп те кеткен-
дi. Ендi бұ да соның бiрi болар! Хан мырс ете қалды. Сосын атын тебiнiп қап‚ iлгерi жүрiп кеттi.
Жiгiттер бұ кезде Созақ шаһарын қорғап тұрған бес жүздей Қоқан сарбазын жусатып та салған едi.
Олардың бiразы тұтқынға түсiптi. Барлығын қолдарына жалаң қылыш‚ қарағай сапты найза ұстаған
көп сарбаз бiр бөлек иiрiп тұр. Хан ақ арғымағын аяңдата кеп‚ оларға жақындап тоқтады. Қылыш‚
найза тиген жерлерiнен қан ағып тұрған‚ киiмдерi пырым-пырым болған‚ жүздерiн тер аралас шаң
басқан қоқандықтар бұған туралап қарай алмай‚ жүздерiн терiс салып‚ төменшiктей бередi. Хан оларға
әжуалай қарады. Бiрақ тiл қатқан жоқ. Тұтқынға түскендердiң шамасы жүз елудей екен. Өз ойынша‚ бұ
да ырыстың бiр көзi. Ертең бұлардың барлығын қол-аяқтарына кiсен салғызып‚ Бұхараның базарына
апарып‚ әр жақтан келген Иран‚ Ғажам саудагерлерiне құлдыққа сатады. Оның пұлына бұл Хиуамен
келiсiп‚ бiрнеше зеңбiрiк пен мылтық сатып алады. Сол арада ол көзiнiң қиығымен бiр қапталдан шыға
келген жас сарбазды көрiп қалды. Ол басына пәрәнжә жамылған‚ дiр-дiр етiп‚ именшектеп‚