Стр. 111 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

110
Мұндай қырғын шайқасты бiрiншi рет көрсе керек‚ бiр-екi жас қоқандық лоқсып‚ ат жалына жабысып‚
шеттей бердi.
Сәлден кейiн қоқандықтар атты казактарды жайпап тастады. Олардың аттары ойнап шыға
келгенде‚ Перонский қатты айқайлап:
— Еще сотню! — деп бұйырды.
Тез арада басқа бiр жүздiк жұмылған жұдырықша қоқандықтарға қарай зымырап бара жатты.
Оларды көрген қоқандықтан керi қарай жалт бердi. Бәрi де аттарының бастарын бұрып ап‚ қамалға
қарай тым-тырақай қашып барады. Олардың астарындағы кiлең сирақты‚ қаз мойынды түрiкпен
аттары елiрiп ап‚ ешкiмге жеткiзер емес. Олар қамалға жақындай бергенде дарбаза аңқая ашылды.
Топырлап жетiп кеп қалған сарбаздар қамал iшiне қойып-қойып кеттi. Атты казактар ендi жете
бергенде‚ дарбаза жабылып‚ ор үстiндегi көпiрше керi қарай көтерiлiп бара жатты. Бұ жолы атты
казактар орға кеп құламады. Бәрi де жалт-жалт етiп‚ аттарының бастарын бұрып-бұрып алысты. Сол
арада диуал басынан бытырлап мылтық атылды. Оған қоса садақ оғы қардай жауып кеттi. Оқ тиген
бiр-екi казак ойбайлап жерге құлап түстi. Қалғандары оларға қарамай‚ бет-бетiмен зыта жөнелдi.
— Уһ‚ қорқақтар! — дедi Перонский қап-қара боп.— Дармоеды!
— Ендi не iстедiк‚ а? — дедi Захваткин қатты сасып.
Перонский үндемей адъютантына жалт қарап:
— Атысты тоқтатсын! Казактар демалсын! — деп бұйрық бердi.
Адъютант әскер жаққа қарай тасырлатып шаба жөнелдi.
* * *
Орыс әскерiнiң табан астында атысты тоқтатып‚ бекiнiп жатып алғанына Якуббек таңғалды.
Сәлделi басын шайқап қойып:
— Бұлары несi? Әлде қорқа бастады ма? — дедi.
Мына бектiң аңғалдығына кешелi-берлi ыза болып жүрген Ядгарбек ащы мырс етiп:
— Қайдағы? Қулық ойлап жатпасын деңiз‚ — дедi.
— О не қулық?
— Оны... әлi көремiз. — Ол алғы жаққа кезiн қыса қарап‚ бiраз тұрып қалды. — Оған дейiн‚
қадырданды бек‚ сарбаздарды аралап көрейiк. Қанша кiсi жараланды‚ қаншасы шейiт болды‚— соны
бiлейiк.
— О да дұрыс екен.
Ол екеуi қастарына Жәнiбектi ертiп сарбаздарды аралай бастады. Қамалдың биiк басына
орналасқан бiр зеңбiрек быт-шыт болыпты. Бағанағы қоянба-қолтық шайқаста Қоқан жағынан
жиырмаға тарта сарбаз шейiт болған екен. Он шақтысы жарақат алыпты. Қоқаннан арнайы алдырған
тәуiптер жаралылардың жарасын шүберекпен таңып‚ қан тоқтату үшiн әр түрлi жапырақтарды басып‚
зыр жүгiрiп жүр. Бiр қара сақалы бар‚ шақша бас‚ орта жастағы кiсiнiң қара санын найза көктеп кеткен
екен‚ — қан атқылап‚ тыйылмай жатыр. Тәуiптер соны қаттырақ таңып жатқанда‚ әлгi кiсi шыңғырып‚
онсыз да қан көрген сарбаздардың үрейiн ұшырып жiбердi. Якуббек оған жақын кеп‚ жылы ұшырай
сөйлеп:
— Сiз сабыр қылыңыз. Бiздiң тәуiптер әлi-ақ жарақатыңызды құлан таза ғып жазып жiбередi‚ —
дедi.
Сарбаз жарасын ауырсынып‚ астыңғы ернiн қырқа тiстеп‚ бұған жаутаңдай қарады. Якуббек оған
тағы да күлiмсiрей қарап тұрып:
— Қанша балаңыз бар едi? — дедi.
— Қадырданды бек‚ он екi‚ — дедi кәрi сарбаз тез-тез сөйлеп.
— Ертең соғыс бiткесiн‚ от басыңызға ұлы хан көмек көрсетедi. Оған дейiн берiк болыңыз.
— Алла разы болсын‚ бек.
— Ал‚ яхши‚ — дедi де‚ Якуббек iлгерi жүре бердi.
Бiр арада жас сарбаздар демалып жатыр екен. Олар кеше Баймырза бастап алып келген қол едi.
Бүгiн Якуббек оларды қанды шайқасқа араластырмай‚ ұрыс барысын байқап‚ көзi үйренсiн деген.
Баймырза мұны көрiп‚ отырған орнынан тұрып‚ қарсы шықты. Iрi денелi кiсiнiң бұжыр бетi тершiп‚
қап-қара боп кетiптi. Белiндегi қылышы кескектей салақ-салақ етедi. Якуббек оған күле қарап:
— Қалай‚ мырза‚ сарбаздарыңыз шайқасты көрдi ме? — дедi.
— Көргенде қандай. — Оның даусы бiр түрлi жарықшақтанып шықты.
— Құда қаласа‚ бүгiн түнде қамал сыртына шығып байқаймыз.
— Әрине‚ ол дұрыс қой. Бiрақ... жiгiттер қараңғыда... бiлмей...
— Ненi бiлмей? — деп Якуббек қабағын шытты.
— Бiр-бiрiн шауып алып жүрмесе дейiм. — Баймырза етiгiнiң шаң-шаң тұмсығына қарады.
— Ештеңе де етпейдi. Ажалы жетсе‚ кiсi бiрiн-бiрi тапа тал түсте де шабады. Соған бүгiн дайын
болыңыз‚ — дедi де‚ Якуббек қамалдың iшiн әрi қарай аралап кеттi.
Iшке бiр-екi доп түсiп‚ тапал соқпа тамдардың бiрнешеуiн қиратып тастаған екен. Бiр арада жанып
жатқан өрттi сарбаздар жабыла өшiрiп жатыр. Түстерi жан шошырлық. Орыс зеңбiрегiнiң зiркiлiнен
үрейлерi ұшып кеткенге ұқсайды. Кең‚ қолапайсыз киiмдерiнiң қос шалғайы далпылдап‚ дауырғыса
шуласып‚ лапылдап жанып жатқан сақ үстiне су шашып әлек. Шелек-шелек су шашылған сайын
гүрлеп жанып жатқан от быж ете түседi де‚ бықсып барып‚ сәлден соң қайтадан лапылдай жөнеледi.
Бiр-екi сарбаз қолдарына кетпен алып‚ өрттiң жылжып бара жатқан жолын бөгейiн деп‚ кiшкене арық
қазып жатыр. Якуббек оларға қарап:
— Жарайсыңдар‚ ерлерiм! Бәрәкәллә! — дедi де‚ тағы да қамал iшiн аралап кете барды.