112
— Онда... бұ жайды сiз тiсiңiзден шығармаңыз. Мен кәзiр келем‚ — дедi де‚ ол қамал басынан
төмен қарай түсiп кеттi.
“Қап‚ бекер айттым-ау” — деп Жәнiбек iштей қатты өкiндi. Кәзiр Ядгарбек Якуббекке барып‚
осыны айтса‚ мұны куәлiкке тартады. Сосын аяғы насырға шабады. Ол бойы ысығандай боп‚ қап-қара
боп кеттi.
* * *
Ядгарбек пен Якуббек оңаша сөйлестi. Ядгарбек жаңағы естiген сөзiн оған астарлап жеткiзiп едi‚
ол бiрден сiлкiнiп шыға келдi:
— Ол рас болуға тиiс. Өз басым оған шанбайман! Баяғыдан күдiгiм бар.
— Неге?
— Бiлмеймiн‚ — деп‚ ол екi иығын қиқаң еткiздi. — Ал ендi не iшлеймiз?
— Қадырданды бек‚ асықпаңыз. — Ядгарбек сыбырлай сөйледi. — Оның соңынан мықты аңдушы
қою керек. Бүгiн түнде оны сыртқа шығару қауiптi‚— қашып кетуi мүмкiн. Одан да ертең таң ата қан
майданға шығарған жөн. Онда да қолын түгел емес‚ жартысын шығарған мақұл. Өзiн қасымызда
ұстаймыз. Қылп етсе‚ кәлләсын шауып түсiремiз.
— Бұ да ақыл екен. — Ол тездетiп көмекшiсiн шақырып алды. Оған оңашалап шығарып‚ шұғыл
тапсырма бердi де: “Бұл тiрi пәндәға тiсiңнен шығатын болмасын”‚ — дедi. Ол елеңдеп‚ басын изедi.
Сосын Якуббек қайтып кеп:
— Бәрi ойдағыдай болады‚ — дедi.
— Соған мен де сенем‚ — дедi Ядгарбек күлiмсiреп.
Ядгарбек өз шатырына келгесiн‚ Хиуа сарбаздарының iшiнде жансыз боп жүрген бiр кiсiсiн
шақырып ап‚ тапсырма бердi. Ол басын иiп‚ сыртқа шығып кеттi. Ядгарбек бұл жансызының бар
шаруаны қапысыз орындайтынын бiлетiн. Кiм бiледi‚ Якуббектiң аңғалдығын пайдаланып‚
Баймырзаның бұларды қу тақырға отырғызып кетуi мүмкiн деген.
Содан кейiн ол Жәнiбекпен оңаша сөйлестi. Оның жүзiне барлай қарап тұрып:
— Сардар мырза‚ мына шайқастың ақыры не болады деп ойлайсыз? — деп сұрады.
— Қиын сияқты.
— Мен де солай деп ойлаймын. Ертең iс насырға шаба қалса‚ не iстеймiз?
— Оны... өзiңiз айтсаңыз...
— Айтқанда былай. — Ол бұған iшiп-жей қарады. — Бұл әңгiменi екеумiзден басқа тiрi пәндә
бiлмеуге тиiс.
— Ол жөнiнде қам жемеңiз‚ бек.
— Онда былай. Ертең негiзгi шайқас басталады. Сонда бәрi де белгiлi болады. Әгәр Якуббектiң
қолы жеңiлетiндей болса‚ онда бас аманда қамалдан шығып кету керек.
— Мақұл‚ қадырданды бек‚ – деп Жәнiбек басын иiп‚ оң қолын төсiне қойды.
* * *
Сол күнi кешке дейiн орыс әскерлерi тұяқ серiппедi. Қоқандықтар да қозғалған жоқ. Iштей қатты
арбасқан екi жақ та нағыз әлемет шайқастың ертең боларын бiлгендей, үнсiз жатып алған.
Сәлден соң қас қарайып‚ қара түнек Сыр бойын тылсым бiр сырға бөлеп‚ қоршап ала қойды.
16
Жәнiбек сол түнi көпке дейiн ұйықтай алмады. Әлденеге елегзiп‚ ертең алдында не күтiп тұрғанын
сезген кiсiше‚ кiрпiгi iлiнбей қойды. Бұлар Ядгарбектiң шатырына жақын жерде төсек сап‚ жата қалған
болатын. Қасындағы Қожақ пырылдап ұйықтап жатыр. Қаннен қаперсiз. Жәнiбек осындай адамдарға
қатты қызығатын. Олар мына тiршiлiкте кездесетiн қиын-қыстау сәттерде ғана күйзеледi де‚ артынша
бiр күн өтпей жатып‚ бәрiн де ұмытып шыға келедi. Тiптен ұмытпаса да‚ ұмытқандай түр көрсетедi.
Бұл болса‚ ондай сәттерiн жадынан шығара алмай‚ осындай оңаша қалған шақтары қатты абыржып
бiтедi. Кәзiрде де қатты толғанып жатыр. Кiнә өзiнен де бар сықылды. Баяғыда әкесiнiң: “Қолайсыз бiр
кезде билiктiң шылауына жармастың-ау”‚ — деген сөзi есiне қайта түсiп‚ кеуiлiн толқытып‚ ойын әрi-
сәрi қып әкете бердi. Шынында да‚ бұл ата-бабасының арасында ескi қыжылы бар Ережеппен ұстасам
деп осы жолды әдейi таңдап алған. Содан бiр ретi кеп‚ сардарлыққа қолы жеттi. Одан Хиуа асып‚
Сырдың төменiн жайлаған Әлiм‚ Шөменге билiгiмдi жүргiзем деп‚ әуреленiп бiттi. Сонда көрген
пайдасы не? Онсыз да қысқа күнде қырық қырқысып‚ атысып-шабысып жатқан ел арасына әрекет
кiргiзгеннен басқа не ұтты? Сүйтiп жүрiп сау басына сақина тiлеп алды. Ел дауына араласам деп‚
қайдағы бiр келiспеген шаруаларға кiрiп кетiп‚ шақшадай басы шарадай болған кездерi жетерлiк.
Оның есесiне мектеп салып‚ жаңа өспiрiм жас балалардың көзiн ашып‚ оқыта бергенiнде‚ мынадай
сергелдеңге түспес едi. Сол арада iшкi жағынан бiр дауыс қарсы тiл қатқандай болды. Ау‚ сенiң
үйтуiңе Ережеп мұрша бердi ме? Қит етсе сенi ол ел арасындағы лаңға тартып‚ кемсiтуге тырысып
бақты. Сен соған шыдамадың‚ арға тырысып‚ ағайын үшiн талай рет шайқастық. Соның соңы осы.
Кешегi халық қарғысына ұшыраған Дадабек бектi өлтiргенде сен ел-жұртпен бiрге болдың‚ оққа бiрге
қарсы бардың. Ондағы мақсатың дiн ислам жоралғысын‚ көне үрдiстi сақтағың келгендiк едi. Ендi,
мiне, сонау жер түбiнде жатқан‚ өзi көрiп-бiлмеген қайдағы бiр ақ патшаның сары масадай самсаған