Стр. 115 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

114
“Адам адамға қандай ұқсайды. Бұ да от басын ойлап отыр. Мен де сондаймын”‚ — деп‚ Жәнiбек
әрi қарай сөздi жалғастырды:
— Алла жазса‚ ертең-ақ от басыңызбен қауышасыз. Бәрi де бiр Алланың қолында ғой.
— Әлбеттә. Иаратқан йаңғыз ием йар болсын деңiз.
— Маңдайға не жазылса‚ соны көресiң деген.
— Жәнiбек қажы‚ сiздi Мәккә-Мәдинәға барып қайтты дейдi. Қажыға барған кiсiнiң ұжмақтан
орны дайын демей ме? Мiне дiн ислам жолында кеудеңiздi оққа төсеп жүрсiз. Сiздi перiштелер
қорғайды ғой.
— Айтқаныңыз келсiн. — Жәнiбек күлдi.— Бәрi де бiр Алланың қолында.
— Оған не дау бар.
Жәнiбек сөздi әрi қарай жалғастырмай‚ орнынан қозғалып‚ iлгерi жүрiп кеттi. Диуал үстiндегi
жолмен қамалды бiр айналып шықты. Кей арада қарауылдар пырдай боп ұйықтап жатыр екен. Жәнiбек
олардың шаршаған сыңайын байқап оятпады. Өздерi жатқан тұсқа келгенде барып‚ ол қамал басында
бiраз тұрды. Ертең не болар екен деп басы қатты. Сыртқа қараса орыс әскерлерiнiң сұлбасы көрiне
бастапты. Бұ кезде Жетi қарақшы туған екен. Шөмiшi түннiң бiраз ауып қалғанын байқатып‚ сонау
терiскейдегi бiр тұсқа еңкейе түсiптi. Оның жан-жағында сирек жұлдыздар алыстағы оттардай боп
жылтырайды. Қырдан жанға жайлы бiр салқын самал еседi. Жәнiбек сол арада тыныстап тұрып‚
жаңағы бiр естiген сөзiн есiне алды. Сонда бұлардың не дегенi‚ дедi өзiне-өзi күбiрлеп. Әлде бұлар
сыртқа бiреу-мiреуiн жiберiп‚ Елмырзадан хабар алып үлгерген бе? Олай дейiн десе‚ қамалдан тiрi жан
шықпасын деп Якуббек пәрмен берген. Әлде бұлар дарбазаның күзетшiсiн сатып алған ба? О да
мүмкiн. Болмаса жаңағыдай сөздi неге айтады? Қалай десең де бұл арада бiр кәкiр бар. Әлде осы
естiгенiн Ядгарбекке барып айтса ма екен? Қой‚ ұят болар. Ертең бәрi өтiрiк боп шықса‚ ел алдында
бұл қызармай ма? Жалпы Баймырзада мұның не шаруасы бар? Ол ойына не келсе‚ соны iстей берсiн.
Одан да өз қамыңды ойла. Осы қамшы боп‚ ол қамал басынан түсiп‚ Қожақ жатқан жерге келдi де‚ өз
төсегiне қисайды. Сүйтiп жатып‚ талықсып барып көзi iлiнiп кеттi. Бiр уақта барып шошып оянса‚
Шолпан жұлдыз туып қалған екен. Содан кейiн таң қараңғылығы түсiп‚ жер-дүния қап-қараңғы боп
кеттi де‚ аздан кейiн жан-жақ ағарып сала бердi. Анадай жердегi кетектерден қораздар бiр-бiрiмен
жарыса айғай салып бердi. Ендi ұйқыдан маза қашқанын бiлiп‚ Жәнiбек орнынан тұрды да‚ бетi-қолын
жуып‚ дәрет алып‚ намаз оқуға кiрiстi.
Муәзiн азан шақырғаннан кейiн‚ таң намазына жығылған сарбаздар шәйлерiн iшiп боп‚ қайтадан
қамал басына жинала бастады. Жәнiбек келгенде Ядгарбек пен Якуббек қамал басында жүр екен.
Өздерi алдыңғы жаққа дүрбi сап қарап қояды. Бұ да қараса‚ орыс әскерлерi әлдеқашан орындарынан
тұрып кетiптi. Қарбалас бiр тiршiлiк басталып‚ әрлi-берлi жүгiрiп жүрген бiреулер. Сол жаққа қарап
тұрып‚ Ядгарбек:
— Ендi бастауға тиiс. Күбiрнәтiр түнiмен ұйықтай алмай шыққан да болар? — деп әлденеге күлдi.
Даусында мысқыл бар.
— Ол рас‚ — деп оны Якуббек қоштады. Оның жүзi бүгiн тым бозарып кеткендей екен.
— Осы арада... бiр ұйқы-тұйқысын шығарсақ кәйтедi‚ ә? — Ядгарбек Жәнiбек пен екеуiне алма-
кезек қарады.
— Шығарайық‚ қадырданды бек‚ — дедi Жәнiбек әр жағын ойлап жатпастан.
— Онда‚ Жәнiбек мырза‚ бiр жүздiктi бастап шығыңыз. Жағдай қиын боп бара жатса‚ қаша ұрыс
салыңыз! Сiзге жаратқан жаңғыз Алла жар болсын!
— Құп‚ қадырданды бек!
Жәнiбек бойына бiр түрлi қайрат бiткендей боп‚ қамал басынан төменге жүгiре түстi. Соңғы
жылдары толысып кеткен денесiн жеңiл сезiп‚ атына кеп қарғып мiндi. Сосын Қожаққа:
— Сен осы жерде қал. Аман-есен келсем‚ көрерсiң. Әгәр олай-бұлай боп кетсем‚ елге‚ қатын‚ бала-
шағаға сәлем айтарсың. Иә‚ Алла‚ өзiң жолымды оңғара гөр‚ — деп ол атын тебiне бердi.
— Ойпырмай‚ бармауға болмай ма? — дедi Қожақ түсi бұзылып‚ мұның соңынан ере түсiп.
— Ендi... болмайды. Сөз берiп қалғасын‚ орындау керек. Ал, аман бол‚ — дедi де‚ Жәнiбек атын
тебiнiп қап‚ iлгерi қарай шоқырақтай жөнелдi.
Бұл жеткенде‚ Якуббектiң көмекшiсi жүз шақты сарбазды атқа мiнгiзiп те үлгерген екен. Олар
кеше Ташкенттен Баймырза бастап келген сарбаздар боп шықты. Баймырза көмекшiге қарап қабағын
түйiп:
— Бұ қалай? Өз қолыммен неге өзiм кәпiрге қарсы шықпаймын? — дедi.
— Мырза‚ қамалбасының пәрмәны солай. Оны өзiңiз барып сұраңыз.
— Онда... мен кәзiр... — Баймырза қамал басына қарай кеттi.
Бұ кезде дарбаза сықырлай барып ашылған да едi. Жәнiбек жiгiттерге қалай шайқасу керектiгiн
айтты да:
— Иә‚ биссмиллахир-рахман-ир-рахим‚ — деп атын тебiнiп қалды.
Бiр дүбiрдi сезiп‚ құлағын қайшылап‚ елеңдеп тұрған ат бiрден ала жөнелдi. Соңынан желiк буған
жас сарбаздар ердi. Олар қамалдан шыққан бойда‚ жасыл туды көтерiп‚ жау жатқан жаққа қарай ағыза
жөнелдi. Екi ара жарты шықырымдай болатын. Жәнiбек қол алдына түсiп ап‚ желдей зулап келедi. Екi
құлағы ысқырып соққан желден бiтiп қалғандай. Қарсы алдынан соққан салқын жел көзiн
аштырмайды. Бұл ердiң қасына жабысардай боп еңкейе шауып келедi. Бiр кезде барып өздерiнiң ұмар-
жұмар қалпымен зеңбiрекшiлер тұрған жерге жетiп те қалғанын байқады.
— Кәне‚ шабыңдар! — дедi бұл әруағы қозып айқайлап. Сол арада даусы қарлыға қатты шығып: —
Дөйт! Дөйт! — деп ұран салып жiбергенiн байқамай да қалды.
Жәнiбектер апыр-топыр жетiп келгенде‚ зеңбiрекшiлер керi қарай қашып бара жатқан едi. Бұл оң
жаққа алып‚ еңгезердей бiреудi қиялай кеп сыр еткiздi. Оң қолы исфаһани қылыштың былқ-былқ еткен
кiсi денесiне тиiп‚ сүйектерiн күтiрлете кесiп бара жатқанын сездi. Бiр сәтте қылыш жалаң етiп‚ оны