116
Тәуiп мұның жарасын көрiп‚ әлдеқандай жапырақты басып‚ таза шүберекпен таңып тастады. Есiн
жиған Жәнiбек ендi орнынан тұрып‚ кеуiп кеткен тамағын әуелi бiр шылап ап‚ мұздай су iштi.
Ядгарбек бұған қарап:
— Сiз ендi демалыңыз‚ — дедi.
Жәнiбек ыңғайсызданып:
— Ел шайқасып жатқанда қалай демалам? Неде болса‚ бiрге көрелiк деген жоқсыз ба? Мен сiздiң
қасыңызда болам‚ — дедi.
Ядгарбек бұған ырза бола қарап:
— Яхши‚ сардар! — дедi.
Олар қамал басына шыққанда‚ орыс қолы жасанып‚ зеңбiректерiнiң қатарын түзеп‚ барабандарын
солқылдатып соға бастаған екен. Бiр жақтан атты казактар сап түзеп‚ самсап келедi. Олардың сол
қанатында Елмырза мен Ережеп бастаған қазақ қолы келе жатыр. Бiр қарағанда, барлығы түйдектеле
кеп‚ көктемде тасыған Сырдың қуатты ұлы селiнше мына бiр кiшкене қамалды iшiнде қорғап жатқан
батыр сарбаздарымен бiрге жер бетiнен ысырып‚ құртып жiберердей боп оқталып қалған екен.
Жандарын шүберекке түйген сарбаздар да садақ‚ мылтықтарын қолдарына қыса ұстап‚ алға қарап тұр.
Ұлы шайқас басталар сәт ендi шындап туған едi.
17
Орыс қолы осы жолы да дағдылы ұрыс машығынан жазбады. Әуелi жарты сағат бойы
артиллериядан аямай оқ жаудырды. Сол екен‚ он шақты зеңбiректен атылған доптар ұлып кеп‚ қамал
iшiне түсiп‚ гүрс-гүрс жарыла бастады. Алғашқы ядролардан-ақ қоқандықтардың бiрнеше аты мен он
шақты кiсiсi жарақат алды. Орыс әскерлерiнiң зенбiрегi ендi құламай тұрған қамалдың қабырғасын
қиратуға кiрiстi. Доптар ысқырып кеп‚ жердi солқылдатып‚ ала шаңды аспанға көтерiп‚ диуалдың
түбiне кеп жарылып жатыр. Алғашқы бiр-екi снаряд қамал басында тұрған зеңбiрек ұяларына дәл тиiп‚
олардың тас-талқанын шығарды. Сарбаздардың арасында жарадар болғандары да баршылық. Якуббек
жүгiрiп жүрiп‚ сарбаздарына қуат берiп‚ опырылып түсуге жақын тұрған диуал жаққа ең таңдаулы
жiгiттерiн жинақтай бастады. Шынында да‚ орыс әскерлерi қамалға осы жақтан басып кiруге тырысқан
болатын. Үйткенi кешегi бiр жағы опырылып түскен диуал осы жолы артиллерияның қуатты
солқылына шыдамай‚ аз-кем теңселiп тұрды да‚ кенет табан астынан тiрегi кеткендей‚ шайқалақтап
барып‚ сыртқа қарай құлап түстi. Содан қамалдың бiр бұрышы омсырайды да қалды. Сол екен, ұлыған
доп астында орыстың жаяу әскерлерi мылтықтарының ұштарына қадаған қанжарлары күн сәулесiне
жарқ-жарқ етiп‚ iшке қарай лап бердi. Якуббек айқайлап:
— Жақындап келгенде‚ төбесiнен тас лақтырыңдар‚ — деп бұйрық бердi.
Орыс әскерлерi бiр-бiрiн итермелеп‚ опырылып түскен тұстан iшке кiре бергенде‚ диуалдың үстiңгi
жағынан iрi-iрi қара тастар бұршақша жауып кеттi. Бiр үлкен тас дәл тиiп‚ шарға бойлы‚ көк көздi
әскер етпетiнен құлады. Қалған тастар сатырлап жауып бергенде‚ не болғанын бiлмей‚ әскерлер сасып
қап‚ тоқтай қалады. Бiрақ арттарынан дүмелiп келiп қалған қалың топ алдыңғыларын итермелеп‚ iшке
басып кiре бердi. Сол арада дайын тұрған сарбаздар найзамен түйреп‚ жақын келгендерiн қылышпен
шауып‚ бiр сойқанға кiрiсiп те кеттi. Орыс әскерлерi де өлермен екен‚ сарбаздардың бiр-екеуiн
штыкпен түйреп құлатты. Сол арада төбеде тұрған кiсiлер iшке апыр-топыр енiп жатқан орыс
әскерлерiнiң үстiне ыссы су құя бастады. Шыңғырған‚ бажылдаған дауыстар кiсiнiң төбе құйқасын
шымырлатты. Олар әлдене деп ойбайлап‚ боқтап‚ денесiне жабысқан көйлектерiн шешуге тырысып
жатқанда‚ үш жақтан тап берген сарбаздар көбiсiн жойқан төбе етiп те тастады. Жалаңдаған қылыштар
сыр-сыр етiп‚ кiсi қанын судай шашты. Әр-берiден соң шыдамаған орыс әскерлерi керi серпiлдi.
Якуббек сол арада ақыл тауып‚ атты сарбаздарына қарап:
— Қуалап жүрiп шабыңдар! — деп бұйрық бердi.
Тың сақтап отырған атты сарбаздар лап етiп қашып бара жатқан орыс әскерiн iзiнен өкшелей қуды.
Ұран салып‚ шуылдап қуалаған жүзден аса сарбазды көрiп‚ зытып бара жатқандардың құты әбден
қашып кеттi. Бәрi де жан сауғалап‚ бет-бетiне безiп барады. Сарбаздар жеткендерiн жеткен жерiнде
найзамен түйреп‚ қылышпен кескiлеп‚ құлата бердi. Сол арада Жәнiбек тосқауылда тұрған атты
казактардың бiр төбе астынан сумаң етiп шыға сап‚ жалаңаш қылыштарын жалаңдатып‚ жаяу әскердi
қуалап бара жатқан сарбаздарға қарай тура салғанын байқап қалды. Оны Ядгарбек те көрген екен.
Қатты дауыстап:
— Қап! Бiр бүйiрден соғып‚ қырып тастайтын болды-ау! — дедi.
Жәнiбек оған:
— Бiр жүздiктi қарсы салу керек. Болмаса бәрi де қырылады‚ — дедi құлағына айқайлай сөйлеп.
— О да дұрыс! Кәне‚ бiр жүздiктi жiбер!
Көмекшi сарбаз Ядгарбектiң бұйрығымен тез арада бiр жүздiктi қарсы шығарып та үглердi. Атты
казактардың саны бiр талай едi. Олар бұларды көре сап‚ бiр қанаты тосқауылға қап‚ бiр қанаты қуалап
бара жатқан сарбаздарға қарай ойысты. Жаяу әскерлердi қуалап‚ шайқастың қызығына түскен
сарбаздар соңдарынан шыққан шуды ендi байқап‚ қашқандарды қумай‚ аттарының бастарын керi бұра
бердi. Сол арада олар кейiннен жеткен атты казактармен ию-қию араласты да кеттi. Аттар шұрқырап‚
кiсiлер барқырап‚ дүние ызы-қиқы шу болды да қалды.
Көмекке жiберген жүздiк сарбаздарға жете алмады. Атты казактар да ат үстiндегi шайқасқа мықты
екен‚ — сарбаздармен бетi қайтпай шайқасты. Ортада қалған сарбаздарды олар дем арасында турап та
тастады. Ендi көмекке келген жүздiктiң қоршауды қалу қаупi туды. Сарбаздар жан аямай кескiлесе
алысып жатыр. Әне‚ бiрнеше сарбаз аттарынан қатарынан ұшып түстi. Жерден көтерiле берген бiреуiн