Стр. 118 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

117
үш-төрт казак жетiп барып‚ жан-жақтан қылыш сiлтеп‚ туралауға кiрiстi. Бiреуiнiң одан қорғанып
көтере берген қолын кесiп түскенiн көрiп‚ Жәнiбектiң тұла бойы түршiгiп кеттi.
— Айуан екен! — дедi кiжiне сөйлеп.
Осы кезде Ядгарбектiң қолы сыртқа қарай лап қойған едi. Ақалтеке аттар ауыздықтарымен
алысып‚ бастарын аққуша алға қарай созып жiберiп‚ зымырап келедi. Соңғы жүздiк атты казактарға
жеткен бойда‚ ұрысқа бiрден араласты да кеттi. Ала шаң аспанға бұрқырап‚ ақ перде тұтқандай
сықылданды. Кiмнiң өлiп‚ кiмнiң жеңiп жатқанын адам айырып болмайды. Сүт пiсiрiм уақытқа жуық
кескiлескеннен кейiн‚ қатары селдiреп қалған Хиуа сарбаздары аттарының бастарын бұрып ап‚ берi
қарай салды. Атты казактардан шығын көп болса керек‚ олар бұларды iндетiп қуаламай‚ қан майданда
iркiлiп тұрып қалды. Со жерде Якуббек әлi аман қалған екi зеңбiректi атты казактарға қарай көздетiп
үлгерген де едi. Алғашқы атқан доп олардың нақ ортасына барып түстi. Ала шаң бұрқ ете қалғанда
аттарынан құлап бара жатқан казактардың сұлбасы анық көрiндi. Екiншi атылған доп нысанаға
дарымай‚ аулақ барып жарылды. Ендi атты казактар алды-арттарына қарамай‚ оқ жетпес жерге
ығыстап кеттi.
Содан орыс әскерi қайтып шабуылға шықпады. Түс әлетi болып қалғасын ба‚ олар тағы да бұларды
сырттан қоршап‚ жатып алды. Соны көрген Якуббек ызалана бiр боқтап:
— Өздерiн қыратын iндет те жоқ екен‚ — дедi.
Толас кезiнде түгендесе‚ бұлардың әскерiнiң үштен бiрi мерт болыпты. Ядгарбек пен Баймырзаның
сарбаздарының арасында да шәйт кеткендер бар екен. Оларды құран оқып‚ жорық салтымен‚ күн
батқанша‚ қамал iшiне жерледi. Сосын түс ауа тағы да қырғын басталатынын сезiп‚ қоқандықтар
өлiспей берiспеске бел буып‚ тақтала бастады.
* * *
— Бұ не деген өлермен жұрт! — дедi Перонский таңғалып. Мұртының шалғысын сипап тұрып‚
кеше ғана өзiнiң мына соқтан жасалған қамалды тез басып алам деген ойының ұшқаны екенiн аңғарды.
Сосын опырыла үңiрейiп тұрған жақтан жаяу әскерiнiң кiре алмағанына өкiндi. Ол дереу Захваткиндi
шақырып ап‚ қатты ақырып: — Осы сiз қайда жүресiз‚ а? — дедi.
Захваткин боп-боз боп:
— Ұлы мәртебелiм‚ мен атты казактардың қасында болдым‚ — дедi.
— Казактарың бар болсын ана қоқандықтардан жеңiлiп қалған!
— Жоқ‚ олар жеңiлген жоқ. Қайта...
— Молчать! — дедi Перонский қалш-қалш етiп. — Шақыр ана төренi! Захваткин емпеңдей
жүгiрiп‚ Тортай мен Елмырзаны шақырып келдi. Перонский ол екеуiне ызалана қарап тұрып‚ оң
саусағының ұшымен Елмырзаны нұқи көрсетiп: — Мына төреңе айт‚ түстен кейiн сарбаздары шабуыл
жасайтын болсын! Қалайда қамалға кiрулерi керек. Олардың соңын ала жаяу әскерлер барады! — дедi
қалшылдап.
Тортай оның сөзiн қазақшаға аударып бiткесiн‚ Елмырза оң қолын кеудесiне қойып‚ басын иiп:
— Құп болады‚тақсыр‚ — дедi. — Бiрақ...
— Не бiрақ?..
— Азырақ сабыр сақтасақ.
— Қайдағы сабыр? О нағылған сабыр? — дедi Перонский айқайға басып. Оның ашуланғаны
соншалық‚ ауыр денесiн ширақ алып‚ әрлi-берлi кезе бастады.
— Оның мынадай бiр жағдайы бар. — Елмырза сабырын шашпауға тырысып‚ ақырын сөйледi. —
Мен өткенде бiр кiсiнi қамал iшiне жансыз ғып жiбергем. Үкiт тарат дегем. Сол кеше айтып келдi‚
бүгiн жеңiлерiн бiлсе‚ Тәшкеннен келген сарбаздар қамалдан шығып кетпекшi деп.
Генералдың шапыраштанған көздерiнде тез арада күдiк оты ойнап шыға келдi. Ол Елмырзаға
сенбей қарап тұрып:
— Егер... олай болмай шықса ше? — дедi.
— Мүмкiн емес‚ — дедi Елмырза сенiмдi дауыспен.
— Бәрi бiр түстен кейiн шабуылға шығасыз! Бұйрықты орындамасаңыз‚ табан астында аттырып
тастайым!
— Құп‚ тақсыр!
Ережеп генералдың Елмырзаны оңаша шақырып алғанынан кiп алған-ды. Елмырза келген бойда‚
губернатордың бұйрығын өз қолына жеткiздi. Соны естiген Әлiм‚ Шөмен жiгiттерi бiрден шуылдасып
қоя бердi:
— Елеке‚ о не дегенiң оққа қарсы айдап?
— Ана атты казактары харап боп жатқанда‚ бiздiң дымымыз да қалмас.
— Қылышымыз да аз.
— Құр сойылмен не iстеймiз?
Елмырза қабағын түйiп:
— Әй‚ қойыңдар қара аспанды қапылтпай! — деп ақырып жiбердi. — Сендердi немене мен өлiмге
айдауға ынтазар деймiсiз? Ана едiрең мұртты күбiрнәтiр тыңдар емес. Бұлай боларын бiлгенде
қатынаспай-ақ қоймадыңдар ма?
— Е‚ олай болса‚ мен кеттiм! Сенен мал алып жарытпаспын‚ — деп Тиышбек шаңқ-шаңқ етiп‚ топ
iшiнен жырақтай бердi.
— Қысқарт! Құрт ананы! — дедi Елмырза ақырып.
Сол екен Шатай бастаған үш-төрт жiгiт кеп‚ Тиышбектi қамшының астына алып бердi. Олар
Тиышбектiң ойбайлағанына қарамастан‚ бортылдата сабап‚ оның тұла бойын қан-жоса ғып тастады.
Соған қарап қодырайып тұрған Елмырза жұртқа алара қарап: