Стр. 123 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

122
— Баймырза сарбаздарын ертiп қашып кетiптi.
— Сонда қалай? — дедi бұл түкке де түсiнбей.
— Оның еш қалайы жоқ. Шығыс жақтағы дарбазадан күзетшiлердi өлтiрiп‚ қашып кетiптi‚ — дедi
көмекшi жiгiт асып-сасып.
— Қап! — деп‚ бұл қылышының балдағын қолымен қыса ұстап‚ орнынан атып түрегелдi. Атына
мiне сап‚ шығыс жақтағы дарбазаға келдi. Бұл жақта Ядгарбек пен Жәнiбектер де жүр екен. Бiраз
сарбаз жиналып та қалыпты.
Ядгарбек бұған қарап:
— Кеше сiзге соңына аңдушы қойыңыз деп ем ғой. Ендi мiне‚ — деп екi алақанын жайды.
— Оның мұндай ит екенiн кiм бiлiптi‚— дедi Якуббек ызаланып. Оның даусы қалтырай шықты.
Сол арада сарбаздар да шуылдасып қоя бердi:
— Олар кетсе‚ бiз де кетемiз.
— Бiзге де жан керек.
— Бәрi бiр мына қаптаған әскердi жеңе алмаймыз!
Якуббек оларға қарап қылш-қылш етiп ақырып жiбердi:
— Доғарыңдар‚ доңыздар! Бiздiң әлi де соғысатын қауқарымыз бар! Әлден сасып... бұ не өзi?
Сарбаздар күрт тиылды. Сол арада Ядгарбек ақыл тауып:
— Уа‚ мұсылманлар‚ — дедi iлгерi қарай бiр аттап.— Бiр сатқын қашып кеттi деп абыржымайық.
Ахли исламның жерiн дiнсiз кәпiрлер таптап жатқанда‚ жан пида. Ертең Қоқан мен Хиуадан көмекке
шыққан қол жетпекшi. Соған дейiн шыдап бағайық. Ислам дiнi үшiн шәйiт болсақ‚ iж арман жоқ. —
Ол демiн бiр алды. — Сендер бұл хабарды басқа сарбаздарға айтпай-ақ қойыңдар. Елдiң құтын
алмаңдар. Ертең соңғы шайқас болмақ. Әгәр жеңсек‚ құба құп. Жеңiлiп бара жатсақ‚ бiр кiсiдей атқа
мiнiп‚ қамалдан шығамыз. Өлсек‚ бiрге өлемiз. Жеңсек‚ бiрге жеңемiз. Ендi тараңдар да‚ демалыңдар!
Сарбаздар қобырласып аз-кем тұрды да‚ бiртiндеп тарқай бастады. Олар кеткесiн‚ Ядгарбек
дарабазаны жаптырып‚ Якуббек пен Жәнiбектi оңаша алып шықты. Екеуiне қарап:
— Осы... шынымен... қамалдан бас аманда шығып кететiн уақыт келген жоқ па? — дедi.
— Жоқ‚ неде болса‚ бiр шайқасып көрейiк. Қамалды қолдан бергенiмдi естiсе‚ Хұдаяр хан менi
аямайды‚ — дедi Якуббек жүзi қарауытып тұрып.
— Ау‚ аямайды екен деп‚ мына қыршын жастарды бекерге қырамыз ба? — дедi Ядгарбек оған
таңғала қарап.
— Ендi... оны...
— Менiңше де‚ ендi шайқасудың ретi жоқ. Бәрi бiр әлiмiз жетпейдi. Одан да күштi кейiнге сақтап‚
қамалдан шығып кеткен мақұл ма дейiм‚ — дедi Жәнiбек Ядгарбек пен екеуiне алма-кезек көз тастап
тұрып.
— Бұлай етсек‚ күллi мұсылман жұртына масқара боламыз. Неде болса‚ ертең соңғы рет шайқасып
көрейiк. Жеңiлiп бара жатсақ‚ бет-бетiмiзге тарқайтынымыз тұр ғой‚ — деп Якуббек бой бермедi.
Ядгарбек қақырынып қойып:
— Яхши‚— дедi.— Сiздiң де айтқаныңыз болсын.
Ядгарбек жатар жерге қайтып келе жатып‚ Жәнiбекке оңашалап‚ сыбыр еттi:
— Әнеукүнгi айтқанымыз ертең келедi-ау! Даяр болыңыз! Қасымнан қалмаңыз!
— Мақұл.
Олар екi жаққа айрылысты.
19
Со күнi таң сазарып атты. Шығыс жақ құлан иектенiсiмен-ақ аяқтарына мiнiп кеткен сарбаздар
қамал басына шығып‚ орыс әскерi жаққа қарап‚ ендi не iстер екен дегендей тықырши қалған. Орыс
әскерлерiнiң әзiр қозғала қояр түрi жоқ. Қосын басында тамақ пiсiрiп жүрген аспаздардың қаралары
ғана көрiнедi. Сол арада сарбаз-дардың арасына әлдеқандай қобалжу кiрдi. Төменнен жоғарыға
жүгiрiп шыққан бiр жастау сарбаз:
— Баймырзаның қолы түнде қашып кетiптi‚ — дедi аптыға сөйлеп.
— Қойшы!
— Не дейдi?
— Қайда қашыпты? — дедi бiр-екi сарбаз қосарлана сөйлеп.
— Қайда болсын‚ — Қоқанға қашыпты.
— Ау‚ сонда бiз жаңғыз шайқасамыз ба? Басқалардың жаны тәттi де‚ сонда бiздiң жанымыз
ойыншық па? — дедi қолына шолақ найза ұстап тұрған‚ көселеу бiр сарбаз.
— Бәсе десәйшi!
— Онда бiз де қашайық!
— Кеттiк!
Олар абыр-сабыр боп‚ әлденеге үрпиiсiп‚ қамал басынан төменге қарай жүгiре түстi. Басқа кiсiлер
де түндегi уақиғаны естiсе керек‚ бiр-бiрiмен самбырласа сөйлесiп‚ дарбаза маңында жиылып та
үлгерген екен. Сол екен‚ бiр сәтте қамал iшiндегi сарбаздардың бәрi бiр араға топырласа қалды.
Барлығының ауыздарында бiр-ақ сөз‚ — түнде Баймырзалар қашып кетiптi! Олар өзара гүжiлдесiп
жатқанда‚ қайдан естiгенi белгiсiз‚ аттарын емпiлдете жүргiзiп‚ Якубек пен Ядгарбек те жеттi. Келе
Якуббек ат үстiнен түспестен‚ арасына үрей кiрiп‚ қобалжи бастаған сарбаздарға қарап‚ қатты
айқайлай сөйлеп:
— Уа‚ мұсылманлар! — дедi. — Сiздердiң абыржып отырғандарыңыз дұрыс. Түнде Баймырза
сатқындық жасап‚ өз қолын ертiп‚ қамалдан шығып кетiптi. Ондай оңбағандарды ертең таңда махшар