Стр. 124 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

123
күнiнде Аллатағалам аямай жазалайды. Бүгiн осы жайлы айтып‚ мен абырайын қатарыдан артық
қылып жаратқан ұлы мәртебелi Хұдаяр ханға мәктуб жазып жiбердiм. Мұның жайы осындай. Бiрақ бiр
сатқын қашты екен деп бiздiң соншалық сасатұғын ретiмiз жоқ. Бiз әлi де шайқаса аламыз. Бiздер
дiнсiз кәпiрлерге өлiспей берiспеймiз. Жүдә болмай бара жатса‚ бiр кiсiдей боп‚ қамалдан шығамыз.
Қоқан сарбаздары бiрден басшысына қарсы келе алмай‚ көздерiн төмен салып‚ аз-кем қобырласып
қалды. Олардың қай-қайсысы да дәл кәзiр қарсы сұрақ қойса‚ Якуббектiң аямай жазалайтынын бiлетiн.
Осыны пайдаланып‚ Ядгарбек:
— Ағайындар‚ сiздер толқымаңыздар‚ — дедi қаттырақ сөйлеп. — Құда қаласа‚ бүгiн бiзге
көмекке әскер жетпекшi. Оған дейiн қамалды қорғауға тиiспiз. Әгәр әскер ке-шiгетiн болса‚ қорғанды
жауға берiп‚ бәрiмiз қатарымызды бұзбастан сыртқа шығамыз.
Сол арада мосқалдау бiр сарбаз iлгерi қарай бiр аттап:
— Ол әскер қашан келедi? — дедi.
Басқалар да сол арада батылданып‚ тiл қата бастады:
— Шынында да‚ қашан?
— Сүйдегенiңiзге бiраз болды. Әлi келетiн әскердiң түрi көрiнбейдi.
— Ол келем дегенше‚ бiз де бiр жайлы болармыз.
— Қысқарт! — деп сол арада Якуббек айқайлап жiбердi. — Неге бет алдына сөйлейсiңдер?
Әскердiң келе жатқаны рас. Әгәр олар бүгiн кешiгетiн болса‚ қамалды тастап шығамыз. Айтқаным
айтқан! Оған дейiн бiз қорғанып бағайық! Кәне‚ орын орындарыңа барыңдар!
Сарбаздар артық сөзге келмей‚ ұнжырғалары түсiп‚ ақырын тарай бастады. Оларға қарап тұрған
Жәнiбек бүгiнгi шайқасқа ешкiмнiң де құлшына кiрiспейтiнiн сездi. Ол жиын тұрған жерден сырттай
бере Қожаққа сыбырлап:
— Аттардан көз жазба! Ендi бiзге iжкiмнiң де өкпесi жоқ. Бiр қайымы келгенде тып берiп тұрамыз‚
— дедi.
Қожақ басын изедi.
Бұлар азанғы шәйдi iшiп бола бергенде‚ орыс әскерлерiнiң сап түзей бастағаны жәйлi хабар жеттi.
Жәнiбек асығыс-үсiгiс ас қайыра сап‚ белiне қылышын байлап‚ Ядгарбектер жаққа қарай кеттi. Келсе‚
қамал басына шығып үлгерген Якуббек пен Ядгарбек дүрбi салып‚ орыс шебiн сүзе қарап тұр екен. Бұ
да ерiксiз iлгерi қарай көз тастады. Шынында да‚ орыс әскерлерi осы жолы қанаттарын кең жайып‚
төрт жақтан қамалды қоршалап‚ тiрi пәнденi шығармастай етiп тұтаса қалған екен. Көтерiлiп келе
жатқан табақтай күннiң сәулесi қып-қызыл боп‚ аяқ-қолын кеңiнен көсiлiп жiбергендей болған даланы
қанға бояп салған сықылды. Айнала құлаққа ұрған танадай тып-тиыш. Бәрi де кәзiр болар бiр
сойқанның аңысын аңлап‚ iштерiн тарта қалғандай.
Якуббек пен Ядгарбек ақырын сөйлесiп тұр:
— Бұлар шындап кiрiспек-ау!
— Тағы да зеңбiрекпен атқылай бастаса‚ қамалдың қабырғасы шыдамайды.
— Олар жан-жақтан леп бергенде‚ қорғанарлықтай қолымыз да аз.
— Әлде... тағы да елшi жiберсек пе екен?
— Асықпасақ кәйтедi...
Сол арада орыс әскерi жағынан қолына ақ жалау көтерiп‚ үш атты берi қарай беттедi. Олар аттарын
аяңдата жүргiзiп‚ сақ келедi. Соны көрiп Ядгарбек:
— Түндегiге... не деп жауап беремiз? — дедi.
— Қайдам. — Якуббек иегiндегi сақалын сипап қойды.
— Әлде... шайқасапай...
— Жо‚ жоқ. Неде болса‚ бiр рет шайқасып көрелiк. Жеңiлiп бара жатсақ‚ қашып шығатынымыз тұр
ғой...
— О да болсын.
Елшiлер қамалдың iргесiне дейiн аттарын ақырын бастырып келдi де‚ кiлт тоқтай қап‚
қолдарындағы ақ жалау байлаған таяғын әрлi-берлi бұлғалай бастады. Олардың қамал iшiне кiргiсi
жоғын байқаған Якуббек елшiлерге бiр сарбазды тездетiп жiбердi. Ол қамалдан шыға сала‚ атын
қамшылап‚ құйғытып барып‚ қастарына тоқтап‚ азырақ сөйлесiп тұрды. Сосын хатты алып‚ берi қарай
салды.
Якуббек арабша әрпiмен түркiше жазылған хатты оқып шықты да‚ Ядгарбекке қарап:
— Мына күбiрнәтiр астам-астам сөйлейдi. Әскерлерiңмен қолға түсiңдер‚ болмаса күл-талқан етем
дейдi‚ — дедi.
— Түндегi келiсiм олай емес едi ғой.
— Әлде бiздi... алдап соқтым деп тұр ма?
— О да мүмкiн.
— Ендеше... олардың қолына түсiп құл болғанша‚ майданда шәйiт болған мақұл. Допшылар‚ —
дедi Якуббек қаттырақ айқайлап‚ — ана аттыларға қарай бiр рет атыңдар! Тез!
Даяр тұрған допшылар ұшында от бықсыған таяқты зеңбiрекке қарай апара бердi. Iзiнше гүрс ете
қалған дыбыс шықты. Доп ысқырып барып‚ жалау көтерiп тұрған елшiлерден асып барып түстi. Олар
сасып қап‚ аттарының бастарын бұрып алып‚ тым-тырақай қашып барады. Әне‚ олар өз шептерiне де
жеттi. Атылған снарядтан кейiн орыс әскерлерi әрлi-берлi жүгiрiсiп‚ абыр-сабыр болды да қалды.
Сәлден кейiн олардың зеңбiректерi де гүрсiлдей бастады. Перонский өзiнiң алданып қалғанына ызалы
сықылды‚ бұ жолы артиллериясы бiр сағатқа жуық тынбастан атқылады. Ұлып‚ ысқырып жеткен
доптар қамал iшiне түсiп‚ бiраз кiсiнi жаралап та үлгердi. Кiшкене тамдардың төбесiне салынған қамыс
тез арада от алып‚ бықси түсiп‚ кенет сытыр ете қап‚ лапылдай жөнелдi. Iргелес салынғандықтан‚
лаулап жанған от басқа тамдарға да ұласып‚ ендi бiр сәтте қаптаған қалың өртке айналды да кеттi.
Сарбаздардың оған қарайтын мұршалары да жоқ едi. Ұлып келiп жарылып жатқан доптардан