Стр. 126 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

125
шығарып‚ лақтыратын тас пен кесектерiн даярлатып қойды. Қалғандарды қамалдың құлаған диуалы
жанына қалдырды. Сосын шығыс жақтағы қақпаны бiр тексерiп қайтты.
Түстен кейiн күн мүлдем жанып кеттi. Тек күн сонау көкжиекке қарай жақындап қалғанда барып‚
аздап салқын леп соққандай болды. Орыс әскерлерi де осы сәттi күткен екен. Қайтадан артиллерия
зiркiлдеп‚ барабандар дүңкiлдеп‚ қаптаған әскер үлкен шабуылға шықты.
Сыр бойына аяқ салған ақ патша әскерiнiң алғашқы шайқасының соңы жақындап келе жатты...
20
Қамалдың қираған тұсына аққан селше ентелеп келiп қалған орыс әскерi осы жолы әйле-пәйлеге
қарамай‚ жапа-тармағай iшке кiре бастады. Олардың соңын ала қылыштары жалаңдап‚ атты
казактардың полкы кiрдi. Тосқауылда тұрған аз ғана сарбаз ендi қаптай жеткен дауылға төтеп бере
алмай‚ қоғаша жапырлап‚ қырғын шайқастың ортасында қала барды. Якуббек тез ес жиып‚ көмекшiсiн
қасына алып‚ атына мiне сап‚ шығыс жақтағы қақпаға қарай шаба жөнелдi. Оның соңынан он шақты
сарбаз ғана ерiп барады.
Ядгарбек те осы сәттi күткен екен‚ қосына ерген жиырма шақты жiгiтiмен шығыс жақтағы қақпаға
қарай тұра шапты. Жәнiбек пен Қожақ оның қатарында келедi. Бұлар тар көшелердiң бойында
арпалысып жүрген қоқандықтарды көргенде жалт етiп бұрылып кетедi. Олар асығып-үсiгiп жеткенде‚
шығыс жақтағы қақпа ашық екен. Якуббек алды-артына қарамай зытып барады. Ядгарбек оның
соңынан:
— Бек‚ бек‚ тоқта‚ тоқта! — деп айқайлады.
Якуббек артына бұрылып‚ атының тiзгiнiн тартты. Бұлар қасына келгесiн барып‚ есiн жиғандай
болды. Ядгарбек:
— Бiрге жүрейiк. Жеке-жеке кетсек‚ атты казактар жазым қып жүрер‚ — деп атының тiзгiнiн
делбеп қалды.
Олар отыз шақты кiсi боп‚ шығыс жақты бетке алып кете бердi.
* * *
Орыс әскерi iшке кiрiп‚ шын ойранды ендi бастаған едi. Екi жүздей сарбаз бiр-бiрiне ұйлығысып‚
арқаларын диуалға тiреп‚ өлiспей берiспейтiн түрмен арпалысып жатыр. Олар жақын келгендердi
найзамен түйреп‚ қылышпен шауып‚ жандарына жолатар емес. Орыстың жаяу әскерлерi ұшында
қанжары бар мылтықпен жақындаса болды‚ сербаздар жолбарысша атылып барып‚ сыр еткiзiп шабады
да‚ керi серпiледi. Бәрiнiң де көздерi қасқырдың көзiнше жалт-жұлт етедi. Әрi-берiден соң орыс
әскерлерi керi серпiлiп‚ сарбаздарды алыстан мылтықпен атқылай бастады. Алғашқы оқтар дәл тиiп‚
бiр-екi сарбаз ышқынып барып‚ етпеттей құлап түстi. Бiрнешеуi жарадар болды. Орыс әскерлерi тағы
да алыстан тұрып атқылай бастағанда‚ жандарын шүберекке түйген сарбаздар Аллалап алға қарай лап
қойды. Сол сәтте мылтықтар қатарынан тарс-тарс атылды. Тағы да үш-төрт сарбаз жерге жалп еттi.
Оған қарап жатқан басқалары жоқ‚ iлгерi қарай қаһарлана ұмтылды. Олар келе қылышпен солдат-
тарды шаба бастады. Орыс әскерлерi керi серпiлген сәтте сарбаздар олардың қатарына сұғына енiп‚ екi
жақтан бiрдей найза сiлтеп‚ алға қарай өте бердi. Олар ысырылып барып қақ жарылғанда‚ айқай салған
сарбаздар қамалдан сыртқа шығып та үлгерген едi. Осы арада олардың аттары байлаулы тұрған-ды.
Олар келе шылбырды қылышпен қиып-қиып жiберiп‚ аттарына қарғып-қарғып мiнiсiп жатты. Осы
кезде Перонский атты казактарды қаптатып жiберген болатын. Сарбаздардың бiразы аттарына мiне
алмай қалды. Мiнiп үлгергендерi қылыштарын жалақтатып‚ шығысқа қарап дүрiлдеп қаша жөнелдi.
Оларды елуге тарта атты казак қуып барады. Сарбаздардың мiнген ақалтеке аттары кiлең жүйрiк‚ жел
аяқ тұлпар едi. Олар салған беттен-ақ құлақтарын жымитып ап‚ төрт аяғын тең тастап‚ сурылып
шықты. Атты казактiардың тоқ аттары бұл шабысқа ере алмай қалды. Олар ендi керi қайтып‚ жаяу
шайқасып жүрген сарбаздарды туралауға кiрiстi. Сарбаздар қайтадан жан ұшыра отырып‚ қамал iшiне
кiрiп‚ диуалдың төбесiне көтерiлiп үлгердi де‚ дереу зәңгiнi жоғарыға тартып ала қойды. Басқа
жақтағы баспалдақтарды қиратып үлгерген күзетшiлер де бұлар жаққа қарай жан ұшыра жүгiрiп келедi
екен. Олар абыр-сабыр боп:
— Ендi нағылдық?
— Аттар жоқ!
— Бәрiмiздi қоршап алды! — десiп‚ иiрiле қалды.
Олардың iшiндегi ең үлкенi алқынып тұрып:
— Кешке дейiн берiспеймiз. Қараңғы түскесiн бiр сыласын табу керек‚ — дедi.
— Сүйтейiк!
— Аллатағала бiзге жар болсын!
Бұ кезде күн батып‚ қараңғылық түсе бастаған да едi. Елiрiп алған орыс әскерлерi қайдан әкелгенi
белгiсiз бiр баспалдақты тауып‚ диуалға сүйреп‚ жоғары қарай өрмелей бастады. Сарбаздар дайын тұр
едi. Жоғары көтерiлгендерiн найзамен түйреп‚ бастарына шоқпармен ұрып‚ құлата бердi. Ендi бiр-
екеуiнiң үстiне ыссы қарамайды құйып жiберiп едi‚ олар жаны ышқына шыңғырып‚ екi қолы
ербеңдеп‚ төмен қарай құлады. Соны көрiп‚ қалғандары ендi қайты бұ жаққа беттемедi.
Осы екi арада қараңғылық қоюланып‚ айналаны тұмшалап алған да едi.
Орыс әскерлерi от жағып‚ арақ iшiп‚ дамалуға кiрiстi.