Стр. 131 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

130
— Сүйтетiн шығар. Алыста жатып‚ ол не ел шауып қарық қылар дейсiң. Көп болса‚ алым-салығын
алар. Қалған уақта қазақтың бас еркi өзiнде болса‚ жарамай ма?
— Әрине.
Бұхарбай сол күнi бұлардың кетемiз дегенiне болмай‚ мал сойып‚ қонақ еттi. Күн кешкiрiп
қалғасын‚ бұлар осы ауылда қона кеткендi мақұл көрдi. Ет желiнiп болғасын‚ Бұхарбай меймандарына
деп басқа үйге төсек салдырды. Жәнiбек төсекте созылып жатып‚ өзiнiң соңғы кездерi дем алмағанын
жаңа ғана сезгендей болды. Тұла бойы ал-сал‚ бiреу езiп тастағандай. Жарақатын жуып‚ қайтадан
шүберекпен таңды да‚ ұйқыға кiрiстi. Бұ кезде шiлде айының жуан ортасы болып қалған едi. Айдың
бiр-екi жаңасы боп‚ қыз тiлiктей пошымы толыса бастапты. Ашық тұрған түндiктен сонау алыстағы
оттардай жұлдыздар жылтырайды. Әне‚ қыз қолынан түсiп қалған жiбек шәйiше Құс жолы көлбеп
жатыр. Жәнiбек соларға қарап жатып‚ қалай ұйықтап кеткенiн байқамай да қалды.
Таңертең ол қунақ тұрды. Тездетiп бетiн жуып‚ iш дәретiн алып‚ таң намазын оқыды. Сосын азанға
шәйдi iше сап‚ Бұхарбайға қош-қошын айтып‚ жолға шықты.
Олар Қосқорғанның кезiне iлiккенде соңдарынан шұбылған бiр шаң шықты. Қожақ жалт қарап:
— Мынаның түрi бөлек екен. Жау болып жүрмесiн‚— дедi.
— Жау болғанда‚ о кiм? — Жәнiбек таңғала қарады.
— Итiм бiлiп пе? Жаман айтпай‚ жақсы жоқ деген. Мына Ақжардың тұсында тоқым тыққан
Қыстаубайдың ауылы бар деушi едi. Соған барсақ кәйтедi‚ а?
— Ау‚ онда барғанда... Мыналар кiм екен‚ әуелi соны бiлейiкшi‚ — дедi Жәнiбек сабыр айлап.
— Менiңше‚ мынаның бiлетiн түгi де жоқ. Iзiмiзден қуып келе жатқанына қарағанда‚ бұлар анық
жау.
— Онда... тарттық!
Екеуi аттарына қамшы басты. Бастарын күнгейге қарай бұрып ап‚ заулап келедi. Анда-санда арт
жақтарына қарап қояды. Шаңдатып келе жатқан кiсiлер ендi бұлардың iздерiнен салды. Соны байқаған
Жәнiбек Қожаққа қарап‚ қаттырақ сөйлеп:
— Сенiң жорамалың дұрысқа шықты. Сонда кiм болды екен‚ а? — дедi.
— Шамасы‚ Ережеп болар?
— Неге үйдейсiң?
— Үйдейтiнiм‚ олардың өкше iзi Ақмешiт. Бiздiң сытылып кеткенiмiздi бiлiп‚ Ережеп не Елмырза
қуып келедi. Шамасы‚ сенi орыс жандаралына ұстап бермек.
— О да мүмкiн.
Олар аттарына тағы да қамшы басты. Бiр бiрiмен жарыса түскен жарамды екi ат мойындарын алға
қарай аққуша созып жiберiп‚ пырылдап келедi. Сәлден кейiн қиған қамыс құлақтың түбiнен жылтырап
тер көрiндi. Сол тер шыпши кел қара терге айналып‚ аттың мойнын жуып жiбердi. Тынысы түзелген
жануар ендi еркiн кесiлдi. Түрiкмен аттарының тұқымымен шатыс құла ат салған жерден үнемi
суырылып алға шығып‚ қасына қара жуыта қоймайтын. Бұ жолы да сүйттi. Жәнiбек арта қалып қойған
Қожаққа қарайлап‚ атының басын тартып‚ iркiле бердi.
Алыстан шыққан шаң қоюланып‚ шабысқа көшкенiн аңғартты. Жәнiбек ендi оның жау екенiне
шүбәланбай‚ Қыстаубайдың ауылын бетке алып тартты да отырды. Сиыр сәске әлетiнде олар көгал
жерге аударылып қонып отырған Қыстаубай батырдың ауылына жеттi. Сәлем берген бойда‚ Шөмекей
арасына Тоқым тыққан Қыстаубай атанып кеткен батырға бар шынын айтты. Қыстаубайдың бұ кезде
жасы алпыстарды қусырып қалған кезiедi. Өзi еңгезердей‚ екi иығына екi кiсi мiнгендей‚ қара торы кiсi
екен. Бетiнде аздап шешек дағы бар. Даусы бiр түрлi күңгiрлеп шығады. Ол үстiндегi жалаңқат
шекпенiнiң шалғайын бiр тақымына баса отырып:
— Шақырыңдар жiгiттердi‚ — деп есiк алдында отырған бiр бозбалаға иек қақты.
Анау сыртқа ата жөнелдi. Аздан кейiн Бозғұлдардың дабырласып‚ қол құрасып жатқаны бiлiндi. Бұ
кезде шаңы шұбалған елу шақты кiсi де осы ауылға жақындап келген болатын. Олар аттарынан
түспей‚ төбе басында iркiлiп‚ бiр адамын бұларға жiбердi. Келген Шатай екен. Ол Қыстаубаймен
амандасып:
— Мына Жәнiбектi‚ — дедi екi бүктеулi қамшысымен көрсетiп‚ — жандарал жерден қазсаң да‚
көктен қазсаң да тауып әкел деп ана Ережептi жұмсап жiбердi. Соны бiзге‚ батырекесi‚ ұстап берiңiз.
— Е‚ жандаралға мұның не керегi боп қалған екен? — дедi Қыстаубай қырсыға сөйлеп.
— Не керегiн бiлмейiм. Жандарал мұның Қоқан жағында боп‚ орысқа қарсы соғысқанынан
хабардар. Шамасы, сол үшiн болар.
— Сонда... мұны ата ма‚ әлде дарға аса ма? — дедi Қыстаубай кекетiп.
— Ояғын ұлықтың өзi бiледi. Бiздiң оны ұстап апаруымыз ғана шарт.
— Сонда маған нағыл дейсiң?
— Кәзiр Жәнiбектi ұстап әкетемiз. Ана елу шақты кiсiмiз төбе басында тұр. Көнсе‚ өз ықтиярымен‚
көнбесе‚ зорлап дегендей...
— Әй‚ қой басты ауырпай! Қыстаубай қашан өзiнiң қонағын жауға берiп едi? Жәнiбек сағалап
келсе‚ менi сағалап келдi. Сондай бiр жiгiтке пана бола алмасам‚ несiне батыр атанам? Ана Ережебiңе
айта бар‚ мен миманымды жауға бермейiм. Шайқасам десеңдер‚ майданға шығыңдар. Болмаса‚ тайып
тұрыңдар! — дедi ол түсiн суытып.
Шатайдың түрi бұзылып кеттi. Лезде сасқалақтап қап‚ ештеңе демей орнынан түрегеле бердi.
Олар ұзақ ақылдасты. Қоқан-лоққы көрсеткенiмен‚ батыр ауылына батып тиiсе алмады. Қыстаубай
ауылының үстiнде ат ойнатудың соңы өте жаман болатынын бiлгендей. Ақыры олар өзара ұзақ
кеңесiп‚ тұрып-тұрып‚ керi қайтты.
Жәнiбек сонда ғана уһ деп демiн бiр-ақ алды. Сосын Қыстаубай батырға қарап:
— Аға‚ мына көмегiң құдайдан қайтсын. Өмiр бойы ұмытпаспын‚ — дедi.