Стр. 132 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

131
— Ау‚ айдың-күннiң аманында сенi жауға ұстап берiп‚ менi құдай атқан ба? Үйтсем‚ ертең елдiң
бетiне қалай қарайым? — Ол аз-кем үнсiз қалды. — Менiңше‚ қуғыншылар қайтып кеткен жоқ. Олар
ертең‚ соз жоқ, сенiң жолыңды ториды. Бiз бүйтейiк. Бүгiн түнде ауылдан шығып кет. Қасыңа жиырма
шақты жiгiт ертем. Олар сенi ауылыңа дейiн аман-есен апарып салады.
— Мақұл‚ аға‚ дегенiңiз болсын.
Түн ортасы жақындады-ау дегенде‚ Жәнiбек қасына ерген жiгiттерiмен бiрге Қыстаубай ауылынан
аттанып кеттi. Әуелгiде аттарын ақырын жүргiзiп отырып‚ ауыл қарасы көрiнбей кеткесiн барып‚
қатты шоқыраққа көштi. Қараңғы түнде де Жәнiбек жер жағдайын жақсы бiлетiн. Ол Қуаңның
бойында отырған ауылының өкпе тұсынан құламақ боп‚ ызғытып тартты да отырды. Артарынан
шыққан қуғыншы көрiнбегесiн‚ Кетелердiң ауылына бiр қонып‚ екiншi күнi кешке таман Қуаңға жетiп
те үлгердi.
Жәнiбек қасына ерген жиырма шақты жiгiттi мал сойып‚ кәдiрлеп қонақ қылды. Бәрiнiң де
арқаларына бiр-бiрден атлас шапан жапты. Олар кеткен бойда‚ Мамырай мен Сағынайға хабар
жiберiп‚ iшкi жаққа қарай көшу керектiгiн айтты. Олар да Ақмешiттiң хабарын естiп‚ елеңдесiп отыр
екен‚ хабар жеткен бойда‚ үйлерiн асығыс-үсiгiс жыға сап‚ жүктерiн түйелерге артып‚ Қарақ тауына
қарай көше жөнелдi. Кекiрелiнiң тұсынан өткесiн‚ түйелi көш беттерiн Нұрата тауына қарай бұрып
алды. Арада төрт-бес қонып‚ Жалпақтаудың сiлемiне iлiккесiн‚ Жәнiбек асықпады. Ендi аударылып
қона‚ отырып‚ ақырындап iшке қарай сұғына түскендi мақұл көрдi. Бұлар кеп ат басын тiреген Құл
тауының етегi шұрайлы екен. Жылтырай ағып жатқан бұлағының суы сап-салқын. Түнге қарай тау
етегi мүлдем мұздап кетедi. Күндiзi де салқын. Бұл арада Аспандар қараүйдiң сыртынан тұтатын киiздi
жуан ортасынан кесiп‚ iргедегi керегенi мүлдем жалаңаштап тастайды екен. Сүйтсе‚ оның мәнi бар боп
шықты. Төменгi кереге түгел ашық болғандықтан‚ тапа тал түстiң өзiнде жел соғып‚ қараүй iшi сап-
салқын боп кетедi. Iргенi сәл-пәл түрiп‚ пысынап отыру бұларда жоқ.
Жәнiбектер де келген бойда керегелерiне тұтқан киiздерiн сол үлгiмен қиып-қиып тастады. Бiр
аптадай демалғасын‚ шын қуғыннан құтылғанын бiлiп‚ кенет кеуiлi соғып‚ көптен сандық түбiнде
шаң-шаң боп жатқан кiтаптарын алып‚ ақтарып көрдi. Сәлден соң қызыға түсiп‚ дiни кiтаптарды
берiле оқи бастады. Түрiнде мына баянсыз тiршiлiктен қажыған рай бар. Сол күннен бастап Жәнiбек
отбасының қызығына алданып‚ күнi-түнi бас алмай кiтапқа үңiлiп‚ жанын қинаған мына сан сұраққа
нағыз жауапты содан табатындай өзiмен өзi болды да кеттi.
22
Ережеп санын бiр соқты. Сабат жерде отырған ауылға жеп жiберердей боп ызалана қарап тұрып:
— Қап‚ тағы да құтылып кеттi! — дедi.
Ол кеше Қыстаубай батырдың ауылын сыртай торып‚ Жәнiбектер оңаша шыққасын‚ ұстап алып‚
екi көзiн кездетiп айтадам ғой деген-дi. Олардың түн iшiнде бұлайша жасырынып сытылып кететiнiн
бiлмеген-дi. Ендi күйiнгеннен бiр боқтап‚ қасындағы топты ертiп ап‚ Қазалыға қарай сылқытып тарта
бердi. Ақ сары жүзi сызданып‚ қабағын шытып‚ қасындағыларға үндемедi. Салпылдап ерiп келе
жатқан Шатай тiлi қышып‚ бiрнеше рет сөйлеспекке ыңғай бiлдiрiп едi‚ бұл оған рай бермедi. Iштей
мына жайдың арғы-бергi жықпылын ойластырды. Өзiнiң ақ патша жағына шығып ап‚ Ақмешiт
қамалын құлатуға қатысқаны халық арасында неше түрлi әңгiме тудырып жатқанын бiледi.
Даттайтындар да‚ мақтайтындар да баршылық. Көре алмайтындар да жетедi. Бiрақ Ережеп олардың
айтқан сөздерiне пысқырмайды да. Қайта осындай қаңқу сөздiң көбейгенiн ұнатады. Атақ-дәрпi
жайыла бастаған жiгiтке әр уақытта жақсылы-жаманды сөздiң ерiп жүргенi мақұл. Дүнияда артынан
сөз ермеген жiгiттен жаман жоқ. Ондайларды ел ешкiмге де керексiз деп бiледi. Ал бұл болса‚ осы
отырған ағайынның қай-қайсысына да керек‚ жұртқа пайдасы тиiп жүрген жан. Ең болмағанда бұл
атақ-даңқымен былайғы ашық ауыз жұртты шошытады. Ережеп аздап қозғалақтап қойды. Ер үстiнде
дұрысталып отырып‚ кешкi салқынмен Қазалыға қарай тарта бердi. Кешелерi Ақмешiттен берi
шығарда Захваткин мұртының қос шалғысын едiрейтiп тұрып‚ бұған қайтарыңда Қазалыға соға кетiңiз
деген. Не айтқысы барын бұл бiлмейдi. Тек ұққаны — мұны ол әлдеқандай шаруасына тартпақшы. Сол
арада бұл iштей күйiп кеткен едi. Әсiресе‚ Елмырзаға полковник шенiн берiп‚ оның атын дабыралап
жайып жатқан Перонскийге жыны келе қараған. Айлакер төренiң арқасына шапан жауып‚ кешегi
Хиуаға қызмет еткенiн тарс ұмытып‚ орыс ұлығы компитты да тастады. Бұл оны iштей қызғанатынын
бiлдi. Өзi қаншама жан таласып қызметiн шексе де‚ әлде көзге түсе алмады ма‚ әлде Захваткиннiң
айтуынан кемiстiк болды ма‚ Перонскийдiң ықыласы бұған онша аумай-ақ қойды. Сол жерде ызадан
жарылып кете жаздап: “Осы елге тартып тұрсам ба?” — деп бiр оқталды. Сосын өзiн-өзi iркiп‚ ақ
патшаның ұлығынан қол үзсе‚ ертең ешқайда да бара алмай‚ сопа басы сопиып қалатынын сезiп‚ не
iстерiн бiлмедi. Ендi нағылса да осы ұлықпен жақсы болудан басқа төте жол жоқ деп түйдi. Кәзiрде де
соған табан тiреп‚ Қазалыға қарай сылқытып тарта бердi.
Арада үш қонып‚ төртiншi күнi дегенде олар Көбектiң кезеңiне iлiктi. Шiлде айының ыстығына
қарамастан‚ Сырдың маса-сонасы қалың тұстан тездеп өтiп‚ орыс әскерлерi жаңадан сала бастаған
бекiнiске келдi. Келген бойда Ережеп бiр түрлi боп тiксiнiп қалды. Кеше ғана Қазалыда орыс әскерлерi
онша көп болмайтын. Ендi көрсе‚ сақалдары қауғадай оралдық атты казактардың үлкен бiр тобы
арбаларының дөңгелектерi сықырлап‚ көшiп келе қапты. Олар бекiнiс iшiне жайғасып‚ Қазалының әр
жағындағы шұрайлы‚ көлi мен суы баршылық жерлердi егелене бастапты. Сол арада қоныстанып
отырған Қарасақалдар мен Қаракесектердi ата мекенiнен зорлап көшiрiп жiберiптi. Өздерi осы арада
өмiр бойы талтаңдап жүргендей келе там соғып‚ жер жыртып‚ кәсiпшiлiкке көшiптi. Бiр қатары
Сырдан ауменен балық аулауға кiрiсiптi. Кеше ғана бұған ақ патша әскерi Ақмешiттi жаулап алғаннан
кейiн‚ қамалдағы қолын әрi қарай алып кететiндей көрiнген-дi. Ендi оның мына жатқан Әлiм-